Ағымсалы Дүзелханұлы Дүзелханов



Дата10.11.2022
өлшемі4,25 Mb.
#48964

Ағымсалы Дүзелханұлы Дүзелханов

Марат Динара

Дизайн101

Осыдан тура 63 жыл бұрын (1951) Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Графикалық дизайн» кафедрасының оқытушысы, график-кескіндемеші Дүзелханов Ағымсалы Дүзелханұлы дүниеге келді. Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1996). 1976 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1982 жылы В.И.Суриков атындағы Мәскеу көркемсурет институтын бітірген. Қолданбалы графика, плакат, кітап безендіру, кескіндеме, портрет жанрларында еңбек етеді. Тарихи, фольклорлық тақырыптағы және балаларға арналған 200-ден астам кітапты, әлеуметтік және тарихи тақырыптағы 50-ден астам плакатты безендірген. «Томирис», «Сақтар», «Айман – Шолпан», «Қыз Жібек», т.б. литографиялардың «Алтын сарбаз», «Түркістан», «Ордабасы», «Көроғлы», «Оғыз хан», т.б. кескіндеме жанрындағы туындылардың авторы. Сондай-ақ, оның «Абылай хан», «Әбілқайыр хан»,»Әйтеке би», «Қазыбек би»,»Төле би», «Қорқыт» тәрізді портреттер сериясы бар.

Қазақстанның ұлттық ақшасы – теңгені безендірушілердің бірі. «Жоғалған ұйқы» қуыршақты мультфильмінің қоюшы-суретшісі болған. Дүзелханов Қазақстан Мемлекетінің сыйлығын (2002), Абай, Әлішер Навои атындағы сыйлықтарының иегері. Туындылары Қазақстанның және шетелдердің өнер мұражайларына қойылған.Кітап және қондырғылы графика саласында жұмыс істейді. Д.А.Б. Есмахановпен бірігіп жасаған 1990 жылға арналған «Абай» плакат-күнтізбесі «Өнер» баспасынан 1989 ж. жарық көрген. Ташкентте өткен еларалық конкурста арнайы дипломымен наградталған.

Марапаттары: 1996 жылы 9 желтоқсанда "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды. 1996 жылы Қазақстан Білім беру ісінің үздігі (атағы); 2002 жылы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы берілді. 2013 жылы "Қазақстан Ұлттық теңгесіне 20 жыл" медалі 2016 жылы Құрмет ордені мен марапатталды.


Ертаргын
Дузельханов А.
Весна
Дузельханов А.
Камбар батыр
Дузельханов А.
Царица саков. Томирис
Дузельханов А.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет