Ағза денесінде қартаю белгілері әр түрлі құрылым деңгейлерде байқалады: молекулалық, жасушалық, ұлпалық, жүйелік және ағзалық



бет1/4
Дата08.12.2023
өлшемі35,5 Kb.
#134782
  1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-20367


Қартаю – табиғаттың заңдылық процессі, ол организмнің жылдан-жылға бұзылуы, және оның бейімделу әрекетінің төмендеуі. Қартаю процесі өлім мүмкіндігін жақындатады. Қартаю барлық организмдерге тән қасиет. Ол тірі жандар организмдерінде әр түрлі деңгейде өтеді. Олар молекулалық-генетикалық, клеткалық, ұлпалық, мүше деңгейі және біртұтас организм деңгейі.
Қартаю – жастық өзгерістердің заңды құбылысы болып табылады. Қартаю құбылыстары ертеден басталады және ағзаның қызмет ету мүмкіншілігін бірте-бірте қысқартады.
Ағза денесінде қартаю белгілері әр түрлі құрылым деңгейлерде байқалады: молекулалық, жасушалық, ұлпалық, жүйелік және ағзалық.
Молекулалық деңгейде ағзаның қартаюында тұқым қуалаушылық ақпараттың құрылысында да, қызметінде де өзгерістер болатыны анықталды. Мысалы, РНҚ, ДНҚ мөлшері азаяды, хроматин ақуызының физико-химиялық қасиеттері өзгереді, гистонды ақуыздың гендері активсіз күйге көшіреді, себебі олар транскрипциялана алмайды. Жасушалардың негізгі молекулалық генетикалық механизмдері-транкрипция, трансляция, ДНҚ репликациясы және репарациясы бұзылады.
Қартаю кезінде жасушалық деңгейдегі өзгерістер ішінен цитоплазмада судың азаюын, оның иондары тасымалдау белсенділігінің өзгеруін атауға болады. Эндоплазмалық тор құрылысы өзгереді.
Ағзаның ескі жасушаларында бірқатар ферменттердің белсенділігі азаяды, цитоплазмада бос радикалдар жинақталады, осының салдарынан ассимиляция диссимиляция шығындарын толық өтей алады.
Ағзалық деңгейде қартаю өзгерістері алдымен сыртқы белгілерден байқалады: дене пішіні, отыруы өзгереді, дене көлемі азаяды, шаштары ағарады, түседі; терінің созылғыштық қасиеті жойылып, әжімдер пайда болады. Ағзаның көру және есту қабілеті нашарлайды, есте сақтау төмендейді.
Қартаю кезеңінде адам ағзасының барлық мүшелерімен мүшелер жүйесінде айтарлықтай өзгерістер байқалады.
40 жастан өткеннен кейін артерия қан қысымы жоғарылайды, қан тамырлар қабырғасына холестерин сіңіп жинақталып, оның иімділігі төмендейді.
40 жастан өткеннен кейін өкпенің тіршілік сыйымдылығы азаяды. Бұлшық еттер босап, оның тіршілік күші төмендейді, осының нәтижесінде адам тез шаршайтын болады.
50 жастан кейін адам терісінде тұрақты өзгерістер – тырнақтар, меңдер, сүйелдер, әжімдер пайда болады. Бұның негізгі себебі осы кезде тері асты май қабаттары бірте-бірте жұқарып жойылады. Бұл терінің құрғақтануына, оның иілімділігінің төмендеуіне алып келеді.
Кәрілік кезеңде адамдардың барлық сезім мүшелерінің қызметтері төмендейді; бүйректің фильтрациялау қарқыны азаяды.
Ас қорыту жүйесінде мынадай өзгерістер байқалады – тістер босап қаусап түсе бастайды, ас қорыту сөлдерінің бөлінуі азаяды.
Ішкі секреция бездерінің қызметінде де айтарлықтай өзгерістер байқалады – кейбір бездердің қызметі төмендеп, гормондарды аз мөлшерде бөліп шығарады, мысалы жыныс бездері, қалқанша безі, бүйрек үсті безі т.с.с., ал кейбіреулерінің қызметі керісінше жоғарлайды, мысалы гипофиз.
Жас ұлғайған сайын ағзаның иммундық реакциясы өзгереді, гуморальдық және иммунитет төмендейді.
Жүйке жасушасының көбейе алмайтындығын ескерсек, жас ұлғайған сайын олардың саны бірте-бірте азаятындығы өздігінен-ақ түсінікті. Мысалы, 100 жылда мысықтың нейрондар саны 20% кеміген.
Ұзақ уақыт бойына геронтологияда мынадай пікір айтылып келген: қартаю кезеңінде ағза қызметінің кері дамуы, яғни инволюциясы байқалады.
Жоғарыда келтірілген қартаю сипаттамалары шынында да осы пікірді растайды. Дегенмен көптеген гемостаздық құбылыстар қартаю кезеңінде шұғыл түрде өзгермейді. Сол сияқты барлық мүшелер бірдей өзгермейді, айталық бір мүшенің қызметі кәрілік сатысында төмендесе(жүректің жиырылуын, гормондардың белсенділігін, ішкі секреция безінің қызметін, көру, есту); екінші біреулерінің қызметі керісінше жоғарлайды(гипофиз қызметін, қандағы холестерин деңгейін); үшінші біреулерінің қызмет белсенділігі айтарлықтай өзгермейді(қандағы қант деңгейін, эритроциттер мен лейкоциттер санын, гемоглабин мөлшері). Ағзаның әр түрлі мүшелері мен мүшелер жүйесінде жастық өзгерістер онтогенездің әр түрлі кезеңдерінде бір мезгілде байқалмайды – оны гетерохрониялық қабілеті деп атайды. Мысалы, тимустың семуі 13-15 жаста басталса, аналық бездің жұмысының тоқталуы 48-52 жаста байқалады.
Жастық өзгерістер бір мүшенің әр түрлі құрамдық бөлімдерінде бірдей бола бермейді, мысалы мидың әр түрлі бөлімдерінде қартаю құбылыстары бірдей болмайды, оны гетеротопия құбылысы деп атайды.
Жастық өзгерістер бір жүйеде ерте пайда болып, жай дамыса; екінші біреулерінде кештеу байқалып, тез дамып кейінірек алға шығады. Жастық өзгерістерінің пайда болуы тек күнтізбелік жасқа байланысты емес, ол бірқатар факторларға, оның ішінде әлеуметтік факторларға да байланысты. Биологиялық жасты анықтау үшін әр түрлі тесттік жүйелер пайдаланады: артерия қысымы, қан холестериннің мөлшері, өкпенің тіршілік сыйымдылығы, бұлшықет күші т.б.
Ерте кездердегі геронтологтің пікірінше (Пархон) қартаю – емдеуге болатын ауру. Бірақ қартаю ауру емес, ол онтогенездің заңды нәтижесі екенін естен шығармауымыз керек.
Ғылымның негізгі мақсаты биологиялық құбылыстардың кері қайтару емес, ол мүмкін де емес. Қартаю құбылыстарын зерттеудің негізгі мақсаты – ерте қартаюдың алдын алу, болдырмау, адамдарға физологиялық қартаюға дейін толыққанды, белсенді өмір сүруге мүмкіндіктер жасау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет