Агрессия: басқаларға зиян келтіру



Дата31.03.2023
өлшемі160,37 Kb.
#78054
Байланысты:
аггрессияссс

Агрессия: басқаларға зиян келтіру.

Күнделікті өмірде агрессия дегеніміз: «Жағымсыз қатынас туғызатын ашық түрдегі өшпенділік, ал агрессивті бұл күш салу, зиян келтіру əрекеті ретінде түсіндіріледі». Жалпы «агрессия» термині күш салу, күш жұмсаумен байланысты əрекеттерді белгілеу үшін кеңінен қолданылады. Агрессия түсінігіне формасы мен нəтижесі бойынша əр түрлі əрекеттер біріктіріледі, соның ішінде орынсыз əзіл-қалжың, өсек, нұқсан келтіру ойларынан бастап, кісі өліміне дейін. 

Өшпенділік неғұрлым тар мағынада алынады, белгілі бір объектіге бағытталады. Əдетте өшпенділік жəне агрессивтілік үйлесімде болады, бірақ адамдар өшпнділік сипатындағы қарым-қатынаста бола отырып, агрессивтілік көрсетпеуі мүмкін. Агрессияны анықтаудағы маңызды мəселе бұл осы терминнің əр түрлі əрекеттер мағынасында болуы.

К. Изард бойынша агрессия – қатыгездікке толы әрекет және мінез- құлық. Бұл кей кездері түрлі эмоцияларда көрінуі мүмкін бұрқ етпе әрекет және қатыгездіктің құрам бөлігі. Ол біреуге нұқсан келтіруге, қорқыныш, үрей тудыруға бағытталған 

Басқа адамдарды өзіне бағындыруға ұмтылуды немесе басқа объектілерге үстемдік етуді агрессия деп түсінеміз. Х. Дельгадоның тұжырымдауы бойынша адамдардың агрессиясы- бұл мінез-құлық реакциясы, ол қоғам мен адамға зиян, шығын келтіру жəне күш көрсетумен сипатталады [6,64]. Э. Фромм агрессияны адамдарға, топқа, жануарларға жəне барлық тіршілік иелеріне зиян келтіру деп түсіндіреді

Агрессив-тіліктін, өзін-өзі бақылауын қалыптастыруда және агрессивті актілерді кідірте тұруда басқа адамды бірегей құндылықтардың иесі деп танып, оны түсінуге тырысу, жаны ашу тәрізді субъект қабілетінің түп негізінде жататын эмпатия, сәйкестендіру және орталықсыздандырудың психологиялық процестерінің маңызы зор.

Агрессияның кейбір көрінісі қозғыш психопатия, паранойя, эпилепсия және т.б. тәрізді жеке тұлғаның даму үстіндегі патопсихологиялық белгілері ретінде көрінуі де ықтимал.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет