Табиғатты пайдалану деп бір жағынан адамның тәжірибелік жұмысын, екінші жағынан ғылымды айтады. Табиғатты пайдалану ғылымының негізін салушысы – Ю.Н.Куражковский.
Табиғатты пайдалану міндеттеріне не табиғатты және оның ресурстарын пайдалануға байланысты, не оның өзгерістерінің адамға әсеріне байланысты барлық шаралардың жалпы жағдайын табу жатады.
Табиғатты пайдалану жаратылыстану, жалпы және техникалық пәндермен бірге дамып келе жатыр. Бұл кезде адамның табиғатпен өзара әсерлесуі, яғни ауыл шаруашылығы, экономика, гигиена, табиғатты қорғау, тарих және т.б.әсерлесулерге байланысты мәліметтер қолданылады.
Табиғатты пайдалануға кіреді:
1. Табиғи ресурстарды алу және қайта өңдеу, оларды қалпына келтіру немесе өндіру;
2. Өмір үшін табиғи жағдайларды пайдалану және қорғау;
3. Биосфераның табиғи жүйесінің экологиялық тепе-теңдігін сақтау, қайта өндіру және тиімді өзгерту.
Табиғатты пайдалану кезінде өзінің қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында адамның әртүрлі жұмыстары нәтижесінде қоршаған табиғи ортаның өзгерісіне және экологиялық зардаптарына мән беріледі. Яғни адамның қажеттілігі → адамның әсер ету түрлері: өндіріс, ауыл шаруашылығы, көлік, уабанизация → қоршаған табиғи ортаның өзгеруі→ адам үшін зардабы.
Табиғаттың пайдалы қасиеттерін алу бойынша адамзаттың шаруашылығының әртүрлі бағыттары табиғатты пайдаланудың әртүрлі түріне жинақталған: ресурсты, салалы, аймақтық.
Ресурсты және салалық табиғатты пайдалануда меңгеру кезінде материалдық және материалдық емес сферада ресурстарды пайдалану нәтижесінде туындайтын проблемалар қарастырылады. Осы түрдегі табиғатты пайдалану міндетіне табиғи ресурстарды оптималды пайдалану жолдарын меңгеру жатады. Мысалы, ресурстық цикл идеялары негізінде оларды кешенді пайдалану және өндіру. Бұл кезде ресурстық циклдарды барлық заттардың бүкіл өндіру сатыларында қайтадан табиғатқа ауысуы, яғни өндірілген заттың табиғатқа қайтып келуі - тұйық процесі ретінде қарастырады. Салалық пайдалану кезінде табиғатты пайдаланудың басқа табиғат көзін жоюы мүмкін. Мысалы, карерді салу міндетті түрде құнарлы топырақты жояды. Сондай-ақ, кейбір табиғи ресурстарды пайдалануды ұлғайту мен азайту басқа табиғи ресурстың не азаюына , не көбеюіне жағдай жасайды. Мысалы, орманды бірыңғай кесу территорияның рекрециялық жағдайын нашарлатады. Сонымен қатар табиғатты пайдалану бір-біріне кедергі келтіретінде жағдайлар болады. Мысалы, суды қорғау үшін орманды пайдалану аң ату шаруашылығының дамуын кедергі келтірмейді. Ең соңғысы, бір табиғатты пайдалану екіншісінің өсуіне мүмкіндік береді. Рекреациялық аймақта бау-бақша шаруашылығының дамуы осыға мысал болады.
Жердің табиғи ресурстарының сипаттамалары: литосфера, гидросфера және атмосфера ресурстары
Литосфера −жердің қабығы, құрамы, силикаты, 30-80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3 км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.
Топырақ. Жер бетінде күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су айналымы мен атмосфера церкулиясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық және заттардың топырақ, өсімдіктер, микроорганизмдер мен жануарлар арасында айналымы - кіші немесе биологиялық айналымды туғызады. Екі айналым да бір –бірімен тығыз байланысты.
Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор, оны жекелеген экожүйе деп қарастыруға болады.
Топырақтану ғылымының негізін салушылардың В.В .Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи - тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктерімен, рельфімен және ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен.
Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құбылысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болады. Бұл қабат топырақтың ең бір белсенді бөлігі болып саналады. Топыраққа алғаш рет М. В. Ломоносов ғылыми анықтама берді, ол: топырақ түзілу процесі құнарлық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым –қатынас деп көрсетті .
Табиғи ресурстардың классификациясы: сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін, қалпына келмейтін ресурстар. Табиғи ресурстар деп өзінің өмір сүруі үшін қажеттілік мақсатында адамдар пайдаланылатын табиғи денелер мен табиғат көріністерінің жиынтығын айтады.
Табиғи ресурстардың жіктелуіне себеп болатын белгілерге олардың сарқылатындығы және сарқылмайтындығы жатады. Егер осы жіктелуді кестеге түсіретін болсақ, онда шамамен жоғарыдағыдай түрде болады.
Табиғи ресурстардың минералдық, климаттық, су, топырақ, өсімдік, жануарлар дүниесі, теңіздің көтерілуі мен қайтуы және жердің ішкі жылуы, т.б. түрлері болады. Минералдық ресурстар өнеркәсіпте пайдаланылуына қарай: отын-энергетикалық (мұнай, табиғи газ, көмір, жанғыш тақта, шымтезек, уран рудалары); рудалық (темір, қорғасын, мырыш, мыс, марганец, хромит, боксит, т.б. рудалар); таукендік химия шикізаттары (фосфорит, апатит, ас, калий, магний тұздары, күкірт, т.б.); табиғи құрылыс материалдары, сондай-ақ әшекейлік техникалық асыл тастар (мәрмәр, гранит, алмаз, т.б.); гидроминералдар (жер асты минералды сулар) болып бөлінеді. Климаттық ресурстарға күн мен жел энергиясы, жауын-шашынның түрлері, т.б. жатады.