1 апта • Жапырақтарды таңдап, тұтынуды өлшеңіз.
1 аптадан кейін • Деректерді талдау және нәтижелерді жазу қажет.
215
Уақытты есептеу факторлары
Бұл зерттеу тек 1 немесе 2 апта ішінде, кез келген уақытта 19 зерттеуде
ауыл шаруашылығы дақылдарының соңғы даму кезеңдерінде аяқталуы
мүмкін.
Материалдар мен құрал-жабдықтар
Жапырақ ауданын өлшеуші құрал (ұсынылады, бірақ міндетті емес;
құралды ауыстыру үшін «Дерек жинау» бөлімінің 5-қадамын қараңыз)
Парақтарда немесе орамдағы ацетатты таза пластик (жапырақтың
мөлшеріне байланысты шамамен 25-100 парақ немесе оның баламасы қажет
болады)
Жіңішке ұштары бар перманентті қара маркерлер
Кездейсоқ сандардың генераторы немесе кездейсоқ сандар кестесі
Әр студент үшін шөп салыстыру кестесінің екі данасы
Алдын ала дайындық
• Қажетті материалдарды жинаңыз.
• 19-зерттеу үшін қолданылатын учаскелерде өсірілетін екі дақылдар
арасында зерттелетін дақылды таңдаңыз. Мінсіз зерттелетін дақыл шөпқоректі
жәндіктердің шабуылына оңай ұшырайды және орташа өлшемді
салыстырмалы жазық және қатты жапырақтары бар.
• Кесте фотокөшірмесінің сәйкес санын жасаңыз.
Тұрақты күтім
19 зерттеуге сипатталғаннан басқа қосымша тұрақты күтім қажет емес.
Зерттеу жөніндегі топтар
Бұл зерттеу 19-зерттеу үшін қалыптасқан төрт командамен жүргізілуі
мүмкін. Әрбір команда өз белгіленген блогында шөпқоректілерді тұтынуды
өлшеу үшін жауап береді. Сондықтан команда дара дақылдың бір учаскесінде
және дақыларалық алмасудың бір учаскесінде тұтынуды өлшейтін болады.
Ұымдастыру жұмысының келесі картасын қараңыз.
216
1-топ 2-топ
3-топ 4-топ
Топтама I Топтама ІІ
Топтама ІІІ Топтама IV
Дара дақыл
учаскесінен
24 парақ;
дақыларалық
учаскеден 24
парақ
Дара дақыл
учаскесінен 24
парақ;
дақыларалық
учаскеден 24
парақ
Дара дақыл
учаскесінен 24
парақ;
дақыларалық
учаскеден 24
парақ
Дара дақыл
учаскесінен 24
парақ;
дақыларалық
учаскеден 24
парақ
Процедура