Ахмаджанова Зилола Азимжановна 2 курс студенті



Дата24.11.2022
өлшемі15,93 Kb.
#52246
Байланысты:
ахмаджанова ма0ала


Ахмаджанова Зилола Азимжановна
2 курс студенті
Түркістан обдысы Шымкент қаласы
Орта Азия Иновациялық университеті
zilolaakhmajanova@gmail.com
Ойын арқылы баланы тәрбиелеу
Ғұлама ғалым ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һам күшті болуымыз керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген екен. Білім беру ісіндегі бүгінгі күннің өзекті мәселесі ел ертеңін ойлайтын білімді де, білікті зейінді дезерделі ұрпақ тәрбиелеу. Балаларды мейірімділікке, әділеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Қоғамның негізгі бағыты білімді де дарынды балалар даярлау болса, ал мектепке дейінгі ұйымның негізгі көкейтесті мәселелері – бала бойында адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру, мектепке дейінгі кезеңнен бастап балаларда адамгершілік мәдениетін тәрбиелеу. Жас ұрпақ бойына батылдық, әділдік, мейірім мен қайырымдылық, ізеттілік пен қамқорлық сезімдерін сіңіруді әр тәрбиеші әртүрлі оқу іс әрекетіне ұштастыра жүргізуі қажет. Адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың тиімді тәсілдеріне ұлттық педагогика элементтері де жатады. Қазіргі таңда қазақ педагогикасының міндеті – адам бойындағы жақсы қасиеттерді жас ұрпаққа үйрете отырып ұлтжанды, отансүйгіш, әдепті, ар намысы биік азамат пен азаматшаларды тәрбиелеу.
Болашақ ұрпақ тәрбиесі – ата бабамыздан келе жатқан рухани мұралардың бірі. Себебі, артыңа қалған із қандай болса, ұрпағыңның болашағы сондай.
Адамзат тарихында, адамгершілікке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлік, әділдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, т.б. Әрбір қоғам өзінің даму процесінде адамгершілік категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерістер еңгізіп отырған. Адамгершілік – адамдардың тәжірибелік өмірінен тамыр алып пайда болған әдеп ғұрыптар мен дәстүрлерді тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама қарсы, теріс қарым қатынаста пайда болады және адамның өзіне субъективті түрде міндет қоя білуімен туындайды. Адамгершілік қасиеттеріотбасында, қоршаған ортада, балалар балабақшасында, мектепте, адамдардың іс әрекетінің барысында бір бірімен араласуы нәтижесінде, қоғамдық тәжірибе алуын өмірмен байланыстыру арқылы қалыптасады. Тәлім тәрбие болмаған жерде адамгершілік мәдениеті мен қасиеті де қалыптаспайды.
Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейіңгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс әрекет – ойын. Ойын – мектепке дейінгі балалар әрекетінің негізгі түрі, сондықтан ол бала өмірінде тәрбиенің шешуші шарты болып табылады. Баланың өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды, адамдар арасындағы қарым қатынасты білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады. Баланың таным түсінігі, іс әрекеті ойынннан бастау алады да, болашақ өмірінеде жалғасын табады. Ойын үстінде бала жеке тұлға ретінде дамиды, адамдармен қарым қатынасты, әрекетті өзі реттеп, ұжымдық ойлаудың алғашқы тәжірибесін алатындығы дәлелденген. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым қатынасымен танысады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір бірімен өзара қарым қатынас жасайды.
Ойын – балалар үшін айналадағыны білу тәсілі. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшелігіне сай олардың көзқарастарын, мінез құлқын қалыптастыру деп ерекше бағалаған. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді.
Ойынның пайдасы – баланың ой өрісін, сондай ақ балалардың адамгершілік сезімін оятады. Адамдармен дұрыс қарым қатынас жасау, еңбек адамдарына басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Әр ойынның өзіндік тәрбиелік маңызы болады. «Тәрбие-бала дүниеге келген кезден басталады» деген сөздің жаны бар.
1. Сюжетті рольдік ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын, өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Мысалы, «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал «Аурухана» ойынын ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктеу арқылы жағымды қарым-қатынас жасауға үйретеді.
2. Драмалық ойындарда драмалық ойындар мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің, т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады.
3. Дидактикалық ойын кішкене балаларға оқыту формасы болып табылады. Балалардың қоршаған ортатуралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойлау білуге баулып, ақыл ой қызметін қалыптастырады.
4. Қимылды ойындар арқылы балалар бір-бірін итермеуге, бір-біріне жол беруге, бөгет жасамауға үйренеді.
5. Ұлттық ойындар баланың бойында ойлау, тапқырлық, шыдамдылық, ұйымдастырушылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Қаншама заман өтсе де, маңызын жоймаған ұлттық ойындарды тәлім-тәрбиенің түп қазығына айналдыру ата-ананын да, мектеп ұйымының да басты борышы.
6. Саусақ ойындары балалардың тіл дамыту барысында саусақ ойындарының маңызы өте зор. Баланың сөйлеуге деген ынтасы, қабілеті дамып, шығармашылық әрекетіне жол ашады. Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады.
Мысалы, Қызыл, сары, көк моншақ,
Мен жасаймын көп моншақ.
Мұнда қатар жатқан екі қолдың бас бармағы мен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді билейді, әрі оларды тізбектеп қатарға тізе бастайды. Міне осы ойындар арқылы біз тек ақыл-ой дене тәрбиесін жүзеге асырып қана қоймай, баланың бойында адамгершілік қасиетін қалыптастыра білуіміз керек. Осы адамгершілік тақырыбын әр тәрбиеші күнделікті жұмысында жоспарлап, алдына белгілі мақсат қойып, жүзеге асырып, орындап отырса, біздің қоғам келешек ұрпаққа рухани бай, адамгершілігі мол, өз елінің нағыз азаматы болып шығады.Сондықтанда бала бойына жас кезінен бастап, ізгілік, мейірімдік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру қажет. Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып тәрбиеші балаларды ойнауға, яғни А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда, «Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынның өзіне тән сапасы бар, ол – мазмұнының тәрбиелік-танымдық құрылымы, бейнелейтін түсініктерінің толықтығы мен дұрыстығы, белсенділігі мен ұйымшылдығы, ойынның ережелерге бағынуы.
Ойын үдерісінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Демек, ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге танымды белсенді іс-әрекеттердің бір формасы болып табылады. Соның барысында олар тәрбиешінің басшылығымен жаңа білімді меңгереді. Ойынды ұйымдастырып, оны басқара жүріп, тәрбиеші балалар ұжымына және ұжым арқылы әр балаға ықпал жасайды. Ойынға қатысушы бала өзінің ниеті мен іс-әрекетін басқалармен үйлестіруге, ойынды қалыптасқан ережелерге бағынуға тиіс болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет