-ымсыра (-імсіре, -мсыра, -мсіре) жүрнағы өзі жалғанған етістік негізінін лексикалық мағынасына сод амалдың толымсыз екенін білдіретін мән жамайды. Мысалы: жыла-мсыра, күл-імсіре.
Ескерту: Осы аталған жұрнактардыц ішінен тек -ла (-ле) ғана болмаса, өзгелерінің бәрі де күранды (күрделі) қосымшалар (-қы+ла, -ма+ла, -ғыіи + та, -ың+қы+ра, -ым + сы+ра). Жоғарыда айтқандай синтетикалык, формалардың •әркайсысы амалдың өзгеше әр түрлі снпатын білдіреді. Амалдың ету сипаты категориясының екінші түрі — аналнтикалық түрі тілімізде әбден орнығып калыптас-| қан аналнтикалық форманттар арқылы жасалады. Ондай аналитикалық форманттар тілімізде аса көп. Со- лардың кейбір негізгі түрлері мыналар: -п таста, -п жі- бер, -а қой, -а кет, -а қал, -п ал, -п бер, -п отыр, -а түс, -ған бол, -ғалы отыр, -ғалы жатыр, -п кеп жібер, -п кеп цал т. б. («Аналитикалық форманы» қараңыз). Аналитикалық форманттар сан жағынан қаншалық- ты мол әрқилы болса, олардың мағыналары да, сол фор- манттардың ерекшелігіне карай, соншалықты бай және ■әр алуан болады. Аналитикалық форманттар тарихні тұрғыдан үш түрлі нұсқадан шыкқан. Бірінші нұсқа (модель). Көсемшенің -ып (-in, -п) және -а (-е, -й) жүрнақтары мен толымды көмекші етіс- тіктерден кұралатын форманттар. Бұл топқа қатысты негізгі форманттар етістіктің бастапкы жай тіркесінен, демек, екі компонентті күрде- лі етістіктерден (мысалы: алып қайт; қайтып кел; алып кет; алып соқ т. б.) қалыптаскан. Ондай тіркестердін екінші компоненттерінің кейбіреулері бірте-бірте кемек- ші етістік категориясына көшіп, аналитикалык форма құрау нәтижесінде пайда болған. Бұл нүсқа бойынша қалыптасқан қазіргі (алып қой, алып қал, ала көр, ала қой т. т.) аналитикалық форманттарды бағдарлауға әрі көрнекті, әрі қолайлы (жеңіл) болу үшін, төменде оныи екі үлгісі (модель) де бір негізге (айт) жалғанып, жа- рыстырыла беріледі; тиісті форманттар етістік негізінен де, әдейі алынған өткен шақ жүрнағынан да, екі жағЫ- нан бірдей сызықша арқылы бөлініп көрсетіледі; әр Ү^' гінің түсында берілген (жоқ) деген белгі айт етістігінеН бұл модель жасалмайтынын анғартады.
290 айт-а ал-ды
айт-ып ал-ды
чйт-ып бақ-ты
айт-ып бер-ді
айт-ып жөнел-ді
айт-ып қарады
айт-ып қал-ды
айт-ып көр-ді
айт-ып қой-ды
айт-ып сал-ды
айт-ып таста-ды
айт-ып шық-ты
айт-а тұр (-са екен)
айт-а бер-ді
айт-а жөнел-ді айт-а баста-ды айт-а қал-ды айт-а көр-се екен айт-а қой-ды айт-а сал-ды айт-а түсті айт-а шық-ты айт-а біл-ді айт-ып жат-ты айт-ып жүр-ді айт-ып отыр-ды айт-ып түр-ды айт-а (жазда-ды) айт-а жат-ты айт-а жүр-ді айт-а отыр-ды Бұл аналитикалық етістіктердік негізгі лексикалық магыналары тек айт негізімен байланысты біреу-ак, бол- ғанымен. ол негізге (айт) жалғанған әрбір формант (-ыіі ал; -а ал; -ып бақ т. б.) өзінше басқа-басқа семан- тнкалық реңктер жамаған. Мысалы, «айтып алды» мен «айта алды» және «айтып берді» мен «айта берді» деген- дердің семантикаларын салыстырсақ, алғашқы екеуі мағыналары жағынан каншалықты жакын болғанымен, бір-бірінен ерекшеленетіні сияқты, соңғы екеуінің де се- мантіікасы бір-бірінен өзгешеленеді. Мысалы, «айтып алды» дегеннен субъекті, басканы қоя тұрып, әуелі өз қамы үшін, немесе өзгеге көшпей тү- рып, әуелі осы (айт) әрекетті жүзеге асырып алғандық (өткен шақ) мәні мегзелсе, айта алды дегеннен субъек- ті осы амалды (айт) жүзеге асыра алғаны, демек, оның мүмкіндігі болғаны аңғарылады. Сондай-ақ, айтып бер- ді дегеннен субъект бұл әрекетті өз үшін емес, басқа (бөгде) біреу үшін істегенін білдірерліктей реңк бағдар- ланса, айта берді дегеннен субъект осы амалды (айт) мүдірмей жүзеге асыра бергені байқалады. Егер етістік Негізі осы төрт тіркесте де біреу-ақ (айт) екенін және тертеуі де өткен шак формасында түрғанын ескерсек, °л төрт форманы бір-бірінен семантикалық жағынан ІеРекшелендіріп, ажыратып тұрғандар: -ып ал; -а ал; -ып
бер; -а бер форманттары: демек, сол төрт аналитикалык етістікті сараландырып тұрған аналитикалық көрсет- кіштер осы форманттар болады. Бұл төрт формант, жо- ғарыдағы басқа да аналитикалық форманттар сияқты, амалдың өту жолында (процесінде) болатын әр килы сипаттарды білдіретін арнаулы морфемалар (косымша- лар) есебінде кызмет етеді. Оның бер жағында, сол ана- литикалық формалар да, олардың негіздері мен фор- манттары да түрлері жағынан болсын, мағыналары жа~ ғынан болсын әбден қалыптасып, күнделікті сейлеу тілінде жапа-тармағай жүмсала беретін дағдылы доне- керлер болғандықтан, етістіктің грамматикалык кұры- лысының жүйесінен ездеріне лайык сыбаға-үлесін, оры- нын алатын негізгі грамматикалық категорияныіі бірі болып саналады. Осы модель бойынша, яғни кесемшенің жұрнағы (-ыіт..., -а...) мен кемекші етістік негізінен қүралып ка- лыптасқан екі компонентті аналитикалық морфемалар- дың үлгісі мен және сондай екі компонентті форманттар- дан күрделене күралған терт және алты компонентті (Компонент саны төрт және алты) аналитикалық мор- фемалар да бар. Мысалы: Ол жылап ңоя берді, Қолым- ды қағып кеп жіберді, Мал басьі жыл санап көбейіп ке- ле жатты дегендердегі (сол ретімен алғанда) -п қой + а бер; -ыпке-пжібер; -in кел+е жат форманттары, осында жөрсетілгендей, екі-екі аналитикалық морфемалардан қосылып қүралған күрделі форманттар. Өйткені бұлар да мағына жағынан екі компонентті (-п сал; -а қал) форманттар сияқты, тұтасып, жалпы бір семантиканы білдіретін бір бүтін тұлға есебінде қызмет етеді. Сөйтіп, осындай күрделенген аналитикалык керсеткіштерге: -ып қой+а бер (ді); -ып сал+а бер (ді); -ып ке+п жібер (ді); -ып ке+п ңал (ды); -ып ке+п бер (ді); -ып кет+ in бар-а жат (ты) форманттары жатады. Жалаң және күрделі етістік негіздерінен туатын ана- литикалық форманы (айтып бер; ңызмет ете көр) ана- лнтикалық етістік деп те атауға болады. Өйткені осы аналитикалық етістік бүйрык райдың екінші жақ түрін- де түрса, күрделі етістік негіз ретінде қызмет етеді. Сол себептен оған, қажетіне қарай, парадигмалык форма- лардың қай-қайсысы болса да тікелей еркін қосыла бе- реді. Мысалы: