Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет16/173
Дата02.04.2023
өлшемі0,66 Mb.
#78541
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

летін дке-шеиіе осы ңорлықтан жабырқау еді (Ғ. Мүсіре- пов).

  1. Көптік жалғау (-лар), кейбір жағдайда көпшілік пайдаланатын я қолданатын заттардың (нәрселердің, бұйымдардың, ас-тамақтардың т. б.) атауларына қосыл- ғанда, олардың көпке ортақ, көптің қолдануындағы нәр- селер екендігін білдіреді. Мысалы: Ac әзір екен, олар ас- тарын ішті (С. Мұқанов); Тез ішіп болыңдар шайларың- ды (С. Сейфуллин); Бұған кітапханаларыңыздан кітап алуға бола ма?, үтіктеріңізді (иіәйнектеріңізді, кеселері- ңізді т. б.) бере тұрыңызшы, сабақтарыңыз, экзамендері- ңыз бітті ме?

  2. Көптік жалғау (-лар) орын, мекен атауларына қосылғанда, сол сөздің көптігін білдірмейді, оған «сол жақ», «сол маңай» (айнала, теңірек) деген сияқты ко- сымша рең үстейді. Мысалы: Абай өз пәтерлерінен екі-үш көше узап кетіп еді (М. Әуезов); Жиын тарамастан бү- рын Абай жалғыз бөлініп, өз үйлеріне ңарай асыға жө- нелді (бұда).

  3. Көптік жалғау (-лар) жалқы есімдерге (кісі ат- тары мен жер-су аттарына), сондай-ақ, кейбір туыс-жү- рағат атауларына қосылғанда, сол заттардың кептігін білдірмейді, «сол (кісі) және баскалар» деген сияқты топтау ұғымын береді. Мысалы: Сүйіндік аулына Абай- лар ел орынға отыра келіп еді (М. Әуезов); Әкесінің үйі- нен Айшаның екінші ағасы Жанәлі шығып, Айшалар отырған өз үйіне таман келді (С. Сейфуллин).

  4. Көптік жалғау (-лар) жалаң сөздерге және дер- бес сөздерден қүралған күрделі сөздерге ғана емес, дер- бес сөздер мен көмекші сездерден қүралған тіркестерге де қосылады. Ондайда көптік жалғау соңғы кемекші сөз- ге жалғанады да, бүтін тіркес бір сөз ретінде жұмсалады. Мысалы: Нұржан мен Еркін сияқтылар көбейеді (С. Мұ- қанов). Көлігі барлар өз үйлерінің жабдығын тасып ал- ған соң, басқаға да көмектеседі (Ғ. Мұстафин).

  1. Қөптік жалғаудың грамматикалық қызметімен байланысты стилистикалық ролі де күшті екенін мына- дай айғақтардан керуге болады.

Көптік жалғау (-лар) бір сейлемде (кейде іргелес қүрмалас сейлемдердегі) біріне-бірі қатысты бірнеше сөзге (мүшеге) жалғана береді. Ондайда кептік жалғау. бір жағынан, сездерді бір-бірімен қиыстыру үшін қолда- нылса, екінші жағынан, оларды сараландырып, айқын,

44

ашык етіп ажыратып айту үшін қолданылады. Мысалы, Бастары жалаңбас, ауыздарын қалың мұрт, беттерін үзын, тығыз сары саңал басқан үлкендер балаларға әлі де аса суық түсті көрінеді
(М. Әуезов) деген сөйлемдегі үлкендері бастауышқа тікелей қатысы жоқ, бірақ баян- дауышқа қатысы бар, балаларға деген толықтауышты балаға деп, жекеше формаға қойып езгертсек... (үлкен- дер балаға... суыщ көрінеді), балаларға емес, бір балаға ғана (я қандай балаға болса да) деген мағына туады да, сөйлемнің жалпы түсінігіне, қүрылысына, езге стиліне нүксан келмейді. Ал, егер сол үлкендер деген сөзге (бас- тауышқа) тікелей қатысы бар көптік фррмадағы баста- рын, ауыздарын, беттерін деген сездерді кептік жалғау- ларынсыз (мысалы: басы жалаңбас, аузын ңалың мұрт, бетін үзын... сақал басқан үлкендер...) қолдансак, сөй- лемнің стиліне де, айтылған ойды саралап түсінуге де едәуір нүқсан келеді. Демек, сол үлкендерінің әрқайсы- сының басы... аузы... беті... деген сараланған айқын түсі- нік болмайды. Сондай-ақ, Аттар қайқаңдап, тізелерін бү- гіп, ағаш ерлер ескі төсектей сьщырлайды (Ғ. Мүсірепов) деген сейлемдегі аттар, тізелер, ерлер деген сездерді ав- тор жекеше формада қолданса, жалпы үғым езгермеге- німен, дара түсінігіміз азды-көпті басқаша болар еді. Ол ерекшелік мысалы, аттар... тізелерін бүгіп.., дегенмен аттар... тізесін... бүгіп дегенді салыстырғанда. айқьтны- рақ білінеді. Ендеше, бұл айтылғандардан сөйлемдегі бір-біріне қатысты сездердің (мүшелердің) кептік жал- ғауда қолданылуы олардың әрі грамматикалық жағынан қиылысуларына, әрі стилистикалық жағынан айқында- лып саралануларына керекті дәнекерлер болады деген қорытынды туады. Оны кеңірек те, тереңірек те бағдар- лау үшін мынадай мысалдарды талдап керейік. Жігіт- тер сыртқы киімдерін сыпырып тастап, алаңандарына бір түкіріп, қолдарына кетпен алды (Ғ. Мүсірепов); Те- келер бастарын тұқырып, мүйіздерін төсеп түр (М. Әуе- зов); Бірен-саран кемпірлер шапандарын жамылып ке- ліп өлең тьщдасты (Б. Майлин). Осындағы жігіттер, теке- лер, кемпірлер деген сездерге (мүшелерге) қатысты кеп- тік формада қолданылған езге сездерді қосымшаларсыз Қолданып қарасаңыз, әр сейлемнің стилі де жатық бол- майды, түсінікзюрі де айкын болмайды. Осы айтылған ка- ғидаға бірыңғай мүшелердіц кілең кептік формада қол- Данылуы да дәлел бола алады. Мысалы: Олар иектерін сипайды, жөтеледі, самайларын қасиды (Ғ. Мүсірепов).

45





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет