Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


Сөз топтары мен таптарының схемасы



бет53/173
Дата02.04.2023
өлшемі0,66 Mb.
#78541
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

Сөз топтары мен таптарының схемасы




IV т a р а у ЗАТ ЕСІМ
§ 38. ЗАТ ЕСІМНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Зат деген ұғым тек кунделікті өмірде кездесетін әдет- тегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғам^ык өмірдегі ушырасатын әр алуан'құбылыстар мен у-ақиға- ларды, ұғымдар мен түсініктерді де
қамтиды. Мысалы: қ^с, тас, су, иіыны, адам, қол деген .срдермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, социализм, революция, уғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатадЫ., Бұдан зат есімңің~я«кс|Гкалық-семантикалық сипаты салалы да, қарымды да екені байқаладьт. -
Зат есім дея_аталатын сөздёрдіц өздеріне тән морфо- логиялық ерекшеліктері бар. Олар ездерінің лексііка-се- мантикалық сидаттарына қарай, сөйлемдегі өзге сөздер' мен еркін қарым-қатынасқа түсетіндіктен, сол катынас- тарға аса қажетті көптік, тәуелдік, септік және жіктік

134

жалғауларын қабылдап, түрленіп отырады; екіншіден, Зат есімдердін сөз тудыратын және форма тудыратын арнаулы жұрнақтары бар.
Зат есімдер тілдегі өзге сөздердің барлығына әрі уйткы, әрі езек болып қызмет атқаратындықтан, әдетте, сөйлемнің барлық мүшелері ретінде қолданыла береді. Дегенмен, зат есімдердің ең негізгі қызметі — бастауыш, толык.тауыш, анықтауыш болу) Зат есімдер сапаны, сын- ды, белгіні, санды, әр түрлі қатынасты білдіретін анықтауыштармен ғана емес, иелікті, тәуелдікті білді- ретін анықтауыштармен де талғамай үнемі тіркесе бе-
реді- _ ....
Өзара бір-бірімен байланысты осы үш түрлі белгіні, демек, семантнкалық, морфологнялық және синтакснстік белгілерді үштастыра қарағанда ғана, зат есім деп ата- латын негізгі сөз табының сыр-сипаты толық ашылады. Өйткені зат есімнің ең негізгі белгісі заттың субстантив- тік мағынасын білдіру болса, ондай заттық (субстантив- тік) ұғымды білдіру қабілеті баска сез таптарында да болады. Мысалы: Жаманды көре берсең, ой кірлейді, жақсы сөз кірді тазартады
(Ғ. Мустафин); Қараның ашуы келгенше, сарының жаны шығады (мақал); Білім- діден аямай- сөздің майын (Абай); Әлін білмеген әлек (мақал); Шегірткеден қорыңқан егін екпес (мақал) де- Гген сөйлемдердегі сын есімдер мен есімшелер заттық ұғымдарды білдіріп тур Солай болса, зат есімді тек бір ғана семантикалық белгісіне карап қана анықтау қате- лікке ушьфатуы мүмкін.
Жалпы алғанда, грамматиканың да, грамматикалық талдаудың да негізгі міндетінің бірі — белгілі бір кате- горняға жалпы сипаттама берумен қатар, олардьщ ішін- дегі өзінше ерекшеліктері бар топ-топтардың да сыр- сипаттарын ашу, оны баяндау болмақ. Солай болса, тө- менде ондай ерекшеліктер де сөз етіліп талданбакшы.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет