Мыцдық сандар тобына мыңнан жүз мыңға дейінгі мыңдық атаулары есебінде жұмсалатын күрделі он бір сөз жатады: бір мың, екі мың, үш мың, төрт мың, бес мың, алты мың, жеті мың, сегіз мың, тоғыз мың және он мыц, жүз мың. Бұлардан өзге әр алуан есептік сандардың бәрі де осы аталған бірлік, ондық, жүздік, мыңдык сандардың ор қилы жолмен тіркесе қолдану жүйесі бойынша жаса- лып отырады. Мысалы, бес мың сегіз жүз алпыс үш (5863) деген күрделі санды алсақ, оның құрамындағы үш — бірлік сан, алпыс — ондық сан, сегіз жүз — жүз- дік сан, бес мың — мыңдық сан. ■чЕсептік сан есімдер күрам жағынан дара және күр- делі болып екі жікке бөлінеді. Дара есептік сандардын катарына бірлік атаулары мен ондық атаулары және жүз, мың сөздері жатады да, күрделі есептік сандардың тобына жүздік атаулары мен мыңдық атаулары және әр алуан күрделі түрлерінің бәрі де жатады. Мысалы: бір, төрт сөздері — дара есептік сандар да, екі жүз елу, жиырма бес, елу алты сөздері — әр түрлі дәрежелі жеке сандардың тіркесуі арқылы жасалынған күрделі есептік сандар.> Есептік сандао тікелей тиісті мөлшерді білдіру үшін қолданылғанда, ешқандай морфологиялық өзгерістерге түспейді. Олар сөз түрлендіретін аффикстерді субстан- иівтенген жағдайда ғана кабылдайды. Мысалы: Ма.г
198
басы биыл тәуір сияқты: жеті жүз сиыр, мың төрт жүз ңой-ешкі, төрт жүз жиырма жеті жылқы бар (С. Мү- канов); Бүл январьдың он бірінен он екісіне щраған түн еді (А. Фадеев) дегендегі жеті жүз, мың төрт жуз, төрт жүз жиырма жеті деген есептік сандар ездерінің негізгі қызметтерінде (мағыналарында) қолданылып, тікелей сиыр, қой-ешкі, жылқы сөздерін сан жағынан аныктайтындықтан, ешқандай өзгеріске түспей қолда- нылып тұр. Ал он бірінен он екісіне деген есептік сандар күн сөзінің мағыиасын қамти қолданылғандықтан, шы- ғыс және барыс септік жалғауларын қабылдап тұр. Есептік сан есімдер белгілі бір заттық ұғымды бойы- на сіңіре отырып, әрі сан, әрі зат ұғымын бірдей қабат- тастыра білдіргенде ғана және белгілі бір санның сан- дық атауы (санның аты) есебінде жұмсалғанда ғана субстантивтенеді. Мысалы: екіні үшке қосса — бес бо- лады; төртті алтыға көбейтсе.— жиырма төрт болады дегендегі екіні, үшке, бес, төртті, алтыға, жиырма төрт деген есептік сан есімдер ешқандай заттың сан мөлше- рін білдіріп тұрған жок, тек белгілі бір сандардың ата- уы, солардың аты дәрежесінде жұмсалады. • Есептік сан есімдер субстантивтене қолданылған жағдайда сөз түрлендіретін аффикстердің бәрін де қа- былдай береді. Мысалы; көптік жалғауы есептік санға адамның жас мөлшерін білдірумен байланысты үнемі қолданылады, бірақ сан есім шамасы деген тәрізді сөз- бен тіркес ешқандай өзгеріске түспейді. Ал, бүдан өзге жағдайда көптік жалғаудың үстіне септік жалғау фор- малары жалғанып отырады. Мысалы: Сол кезде үш