§ 108. ОДАҒАЙЛАРТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Одағай сөздердің мағыналық жағынан да, морфоло- гнялық жағынан да, синтаксистік кызметі жағынан да өздеріне тән ерекшеліктері бар. Осымен байланысты одағайлардың жалпы сөз таптарының ішінде алатын ор- ны ерекше. Одағай сөздер мағына жағынан заттын (субстанция- нын) өзі туралы да, сыны, саны, қимылы туралы да, қи- мылдын жайы-күйі туралы да ұғым бермейді. Олай болса, одағайлар мағына жағынан зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу сияқтанған негізгі сөз таптарына тән сөздердің бірде-біреуіне ұқсамайды. Осындай ерекшеліктерімен байланысты, одағай сөздер сөйлемде не түрлаулы, не тұрлаусыз мүшелердің қыз- меттерін атқармайды, сөйлемдегі басқа сөздермен тіке- лей синтакснстік карым-катынасқа түспейді. Сонымен катар, одағай сөздер түрлі шылау сөздерге де ұқсамайды, өйткені шылау сөздердің өздеріне тәи лексикалық мағыналары болмағанымен, сөйлемдегі бас- қа мағыналы сөздермен селбесіп, оларды өз ара байла- ныстыратьш грамматикалық дәнекер болып қызмет ат- карса, одағайларда бұл қасиет те жоқ. Одағайлар — өз алдына ерекшеліктері бар сөздер. Ал ол ерекшеліктері мыналар: Біріншіден, одағай сөздердің мағыналары адамның әр түрлі сезімімен байланысты шығатын дыбыстык иша- раттарды білдіреді. Мысалы: Мүны бастап жүрген кім екен, ә? (Ә. Әбішев); Япырмау, жастьщ деген қандай қызық? (Ғ. Сланов) дегендердегі ә, япырмау деген сөз- дер — одағайлар. Алғашқы сөйлемдегі ә күдіктеигендікті
378
білдірсе. соңғы сөйлемдегі япырмау деген сүйсіну, шат- лу жанын байқатады. Япырмау, қайда сол күндер! (Абайі дсгендегі япырмау деген өкінгендікті, арманды , білдіреді. гЕкіниііден, адамның көңіл күйі кұбылмалы болатын- тадыктан. одағай сөздердің көпшілігінін мағыналары да «.убылмалы, ауыспалы демек, көп мағыналы болый келе- ді. Одағай сөздіндәл мағынасы сөйлемде айтылатын ой- дын жалпы сарынына багіланысты болады. Өйткені ода- ғай сөздер сөйлемде айтылатын оймен жарыса қабаттаса айтылатын сезімді білдіреді. Ендеше, сейлемде айтыла- тын ойдың жалпы аңғарына карай, демек, бірде сүйсіну, бірде кею (ренжу), бірде күдіктену, бірде өкіну сияқты алуан түрлі сезім қүбылыстарына қарай, одағай сөздер- діц айтылу ырғактары да (интонациясы) кұбылып оты- рады. Мысалы: Уай, жарандар, мен бір ақыл айтайын ба (Ә. Әбішев); Әй, кім барсыц (бұ да); Уай, ңой деймін, бала! (бұ да) деген сөйлемдердегі айтылған ойдың ма- ғыналарына, аңғар-сарындарына қарай, одағай сөздер де, дауыс ырғағы арқылы, сөйлеуші адамның көңіл кү- йін жарыстыра, қабаттастыра білдіріп тұр. Үшіншіден, одағай сөздер сөйлемнің басқа мүшелері- мен грамматикалык жағынан байланыспайды, олай бол- са. өзі жарыса айтылған сөйлемнін мүшесі болмайды. ^Одағайлар — өздері жарыса, қабаттаса айтылатын сөй- лемнен дауыс ырғағы арқылы оқшауланып, бөлініп тұ- ратын сөздер. Мысалы: Қап, барлық еңбектері далаға кетеді-ау! (Ғ. Мүсірепов). Бәсе, соны айтыңьізіиы (Ғ. Сланов); Бәрекелді, жігіттер, осы беттеріңнен қайт- паңдар (Ғ. Мүсірепов); Паһ, мьіқты екен-ау мынау мүн- дар, (С. Мұқанов) дегендердегі қап, бәсе, бәрекелді, паһ деген одағайлар сөйлемдермен жарыса айтылып, олар- дағы ыегізгі мағыналарды үстей, толықтыра түсіп тұр. Бірақ бұл мысалдардағы одағайларды жеке алғанда сөйлем деп қарау қиын.