Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет32/173
Дата16.10.2023
өлшемі0,66 Mb.
#116313
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

Морфологиялық тәсіл деп түбір сөзге я туынды сөзге қосымшалар қосу арқылы жаңа сөз тудыру тәсілін айта- мыз да, синтаксистік тәсіл деп түбір (я туығіды) сөздер- дің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі аркылы сөз тудыру тә- сілін айтамыз. Бүл екі тәсіл бір-бірімен өзара байлағіыс- ты, олардың өздеріне тән формалық та, семантикалық та құрылымдары, ерекшеліктері бар.
III т a р а у
СӨЗ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАСАЛУ ТӘСІЛДЕРІ
§ 24. СӨЗ ФОРМАЛАРЫ
Сөз — ең негізгі тілдік тұлға (единица) болумен қа- тар, күллі грамматикалық ережелер мен заңда.рдың да кфідігі. Өйткені барлык грамматикалық ережелерді ал- сақ, олар, сайып келгенде, сөздің өзгеру және түрлену,

80

тіркесу жәғіе жалғасу зацдарымен байланысты. Демек, грамматикалық ережелер дегеніміз — сөзге байланысты заңдар, солар жайындағы қағидалар. Бірак заң мен заң- ғіың арасында да, сондай-ақ, ереже меғі ережеғіің арасығі- да да парық болады. Ол айырмашылық сөздің қолданы- лу ерекшелігіғі, өзгерілу жүйесіне байланысты, өйткені сөздің өзгерілуі оның бүтіндей түрлену жүйесіне сай бо- луға лайық. Грамматика осы заңдарды анықтап, олар- дьш әрқайсысына тиісті ережелер шығарады. .Бірақ сол зандардың анықталуы да, оларға арналып ережелердің щығарылуы да сөздің бойындағы сыр-сипаттардың жүйе- жүйесін дұрыстап аша білуге байланысты. Сөздің сыр- сипаттары, әрине, тілдегі сөз атаулынын бас-басындағы ерекшеліктерді іздеу аркылы емес, олардың барлығына тән, белгілі топ-тобына тән жалпы қасиеттерін анықтау арқылы ашылады. Мысалы: кел, келші, келіңізші, келің- дерші, келсінші, келейінші, келейікші, келді, келдік, кел- дім, келсе, келмесем, келер, келетін, келген, келгелі, ке- Ліпті, келмек, келмес, келтір, келтірт, келтіріс, келіңкіре, келтірілген, келтірілмепті, келістір, келісім, келісімді, ке- ліскіш, келгіш, келгіште
дегендерді алайық. Оларға қа- рап отырып ойлансақ, осылардың әрқайсысы басқа-бас- қа сөздер ме, болмаса бәрі бір сөз бе, яки болмаса олар бір сөздің әр алуан түрлері ме деген сүрақтар туады.
Егер, тек сыртқы тұлғаларына қарап, олар бір сөз емес, әр түрлі сөздер десек, онда сөз бен сөзді жалғасты- ратын, сөзден сөз тудыратын, сөз түрлендіретін (форма тудыратын) категорнялардың араларында әрі айырма- щыділқ, әрі рларды бір-бірінен ажыратарлықтай морфо- логиялық таяйыш та болмас еді. Ал, егер, тек мағынала- рына ғана қарап, олар, керісінше, әр түрлі сөздер емес, бір ғана сөз десек, онда тіліміздегі грамматикалық фор- малардың өзді-өзіне тән кызметтерін ескермей ,елеусіз қалдырғандық болар еді; сонымен қатар, бұл жағдайда оларды іштей жіктеуге де, алды-алдына саралап, түсінді- руге де мүмкін болмас еді. Олай болса, осы аталған (кел) сезден өрбіген түрлі сөз формаларынын жүйесін тауып, өздеріне тән сөздік және формалық қасиеттерін анықтау, әрине, грамматиканың басты міндеттерінің бірі.
дегеніміз — белгілі формалардың жүйесі. Ол ұғымға сол сөздің барлык формалары енедй Ендеше, кел, келші, келіңіз... дегендердің бәрін де бірг сөздің әр тҮрлі формалары деп таныған мақұл. Өйткені -ріліміздегі сөз бен сөзді байланыстыратын (жалғастыратын), сөз-

81



ден сөз тудыратыні демек, кейбіреулері жаңа сөз туды- ратын, ;кейбіреулері тек сөздің түрін ғана өзгертетін я түрлендіретін (форма тудыратын) қосымшалардың қай- қайсысын алсақ та, олар өздері жалғанған сөзді я бір грамматикалық категориядан екінші >я бір басқа грамма- тикалық категорияға көшіретің* я болмаса жалпы грам- матикалық категорияның ішіндегг жа
лқы категориялардьі іштей бірінен-біріне аударатын формалар ретінде қызмет етеді.
Жоғарыдағы, формалар, әрине, синтетикалық тәсіл арқылы жасалған. Синтетикалық тәсіл арқылы туатын бұл формаларды тек осылай сөз формалары деп жалпы- лама атап қана оларды әрі қарай сараламай, талдамай, калдыра салсақ, сол формалардың сыр-сипаттары, ерек- шеліктері де жете ашылмай, қызметтері де айқын анық- талмай калады. Ал, олардың сыр-сипаттарын ашудың грамматика үшін маңызы аса зор. Әсіресе сөз формала- рының әр алуан түрлерінің кызмет шектерін ажыратудың (шегін ашудың) морфология үшін манызы тіпті төтеншб. Солай болса,. синтетикалык тәсіл арқылы туатын сөз фор- маларын катёгориялық маңыздары мен қызметтеріне қа- рай, сөз жалгастыратын (сөз жалғастырғыш) форма- лар, сөз түрлендіретін (сөз түрлендіргіш я форма тудырғыш) формалар және сөз тудыратын (сөз тудыр- ғыш) формалар деп үш салаға бөлген дүрыс;
Қазақ тіліндегі сөздердің өзара қарым-қатынасы тек косымшалар арқылы ғана, демек, морфологиялық тәсіл арқылы ғана емес^ синтаксистік тәсілдер арқыльг да бері- леді. Атап айтсак, синтаксистік тәсіл арқылы да сөздерді бір-бірімен байланыстырып, әр алуан таза грамматика- лық мағыналармен қатар, лексика-грамматикалық мағік- налар жасауға болады. Бірақ бұл тәсіл арқылы туатын мағыналар да сөздердің қалай болса солай, кездейсок түрде тіркесе салуынан пайда болмайды, тілдің ішкі да- му заңдарына лайық қалыптасқан жүйе-жүйе ережелері бойынша құралуынан туады. Мысалы: ала бер, ала кел, ала кет, ала түр, ала отыр, ала шық, ала қой, ала бар, ала жүр, ала сал, ала жазда, ала баста сияқты тіркес- терді және қуа түс, ала түс, оқи түс, көре түс, біле түс, жаза түс, сөйлей түс... деген тіркестерді алсақ, әрбір тір- кестің лексика-грамматикалық мағыналары тіліміздегі дағдылы тіркестер арқылы туған. Сондай-ақ, қызмет ет, қызмет етер еді, қызмет еткен екен, ңызмет етсе игі еді деген тіркестердің мағыналары мен қызметтері де жеке-

82

жеке сөздердің жоғарыдағыдан гөрі басқашарақтау бір жүйесі бойынша тіркесулерінен пайда болған. Осы сияқ- ты, көк ала, сүр ала, сары ала, шүбар ала
деген тіркес- тердін және ақ көк, қара көк, қызыл көк, теңбіл көк, цо- ңырқай көк, жасыл көк тәрізді тіркестердін мағыналары мен қызметтері де олардың кұрамдарындағы сөздердің белгілі жүйе бойынша қүрылуынан туады.
Осы формалар тек^грамматикалық я лексика-грамма- тикалық мағыналардың және олардың кызметтерінің нақтылы тілдік-жамылышы ретінде қызмет етеді. Енде- ше, осындай формаларды /Сез формалары деп танимыз] Бірак бұл соңғы формалар морфологиялық формалар емес, синтаксистік формалар. Солай болс^, казак тілінде сөз формалары морфологиялық тәсіл арқШіы да, синтак- систік тәсіл арқылы да жасаладьу
Сөйтіп, сөздің грамматикалық және лексикалық жақ- тарынын әр түрлі болып келуі оның кұрамының және байланысу-жалғасу түрлеріңің өзгеруіне байланысты. Өйткені сөздің грамматикалық формасы деген ұғымға сөздің морфологиялық құрылымының түр-түрлері де, олардың өзге формаларымен немесе баска сөздермен әр алуан жол аркылы тіркесулері де енеді.
Сөз формасы деп оның (сөздің) морфологиялық КҰ- рамьГндағы бөлшектерінің (морфемаларының), синтак- систік байланыс- жалғас тәсілдерінің өзара бір-бірінен ерекшеленіп бөлінерліктей және соған орай қосымша ма- ғыналарды білдірерліктей (я сондай мағыналарға ие бо- ларлықтай) әр алуан түрлерін айтамызА
Ендеше, бұл аныктамаға қарағандй7^й.з дегенмііз өз^ ара бір-бірімен байланысып, жанаса да, жарыса да өмір сүретін және қызметі жағынан өзара селбесіп, бір-біріне жәрдемдесіп топталатын формалардың жүйесі болып шығады.
Сөз формаларының түр-түрлерінің қызметтері де, ма- ғыналары да, әрине, бірдей болмайды. Өйткені, егерде бірдей я пар-пар болса ,олар жарыса өмір де сүрмеген болар еді. Мысалы, бірінің олқылығын бірі толтырып, 61- pi мен бірі байланысып кызмет ететін морфологиялық және синтаксистік тәсілдер арқылы туатын сөз формала- рының қызметтері мен мағыналары былай тұрсын, тек синтетикалық тәсіл арқылы туатын сөз формаларында Да олар өзара бірдей емес.
Сөз формалары да — тарихи кұбылыстар. Демек, тіл- Дің грамматикалық қүрылысының даму,_жетілу ерекше-

83



лІктерімен байланысты, сөз формаларының да бірте-бір- те өзгеріп я ауысып, я жацадан қосылып, немесе, керісін- ше, қолданудан шығып қалып отыруы — заңды нәрсе. Бұған түрік тілдеріндегі морфологиялык формалар бұ- рынғы кездегі синтаксистік формалардың дамуынан ту- ған дейтін пікірді айтса да жеткілікті. Мысалы, қазіргі айтты, келді
деген формалардағы өткен шақтың -ты, -ды көрсеткіші бұрын есім тудыратын форма болғаи, керісін- ше, қазіргі кезде етістіктен сын есім тудыратын -аған (-еген) формасы (қабаған, тебеген) бұрын есімшенің жұрнағы болған. Бұрынғы кездердегі неме ерсе деген тір- кестен немесе формасы, олай етпесе тіркесінен зйтпесе формасы, солай етіп дегеннен сөйтіп формасы пайда бол- ған^ Алдыңғы айтты, қабаған деген мысалдар морфоло- гиялық формалардыц өзара сараланып ауысқандыкта- рын дәлелдесе, соңғы мысалдар (немесе, әйтпесе, сөйтіп) жай сөз тіркестерінің дами келе бір сөзге айналғандық- тарын сипаттайды. Сөз форздаларының іштей осындай әр алуан жолдар бойынша мағынасы мен қызметінің ауы- суы арқылы бір замандарда бір сөздің әр қилы түрі ре- тінде қызмет еткен формалары кейінгі замандарда бір- бірінен алыстай-алыстай басқа бір сөзге айналуы (мыс$- лы: сөз, сөйлеу; өз, өзінше, өздігінен; ңай, қандай, ңалсійу тұр, тұрмыс, түраң дегендерді өзара салыстырыңыздар) я, керісінше, әуелдегі басқа-басқа сөздер кейін бір сөздін әр қилы формаларыиың біріне айналып кетуі таңырқар- лық қүбылыс емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет