ә) Компоненттері мағынасыз қосарлама сөздер
Компонентінің не біреуі, не екеуі де жеке-дара қол- данылмайтын, мағынасы түсініксіз немесе некен-саяқтап қана қолданылатын күрамнан жасалатын қосарлама сөздер екі түрлі болады: бірінші түрі — бір сыңары ғана түсініксіз сездер, екіншісі — екі сыңары да түсініксіз сездер.
Бір сыңары түсініксіз қосарлама сездерге мыналар жатады: айңай-сүрен, арың-тұраң, азын-аулақ, азын-шо- ғын, айып-анжы, әуре-сарсаң, бала-шаға, борыш-қарыш, емін-еркін, жаман-жәутік, жүн-жүрқа, жай-жапсар, жар- лы-жақпай, жөн-жосың, жүдеу-жадау, жоқ-жітік, жеңіл- желпі, өрен-жаран, жігіт-желең, көл-көсір, көйлек-көн- шек, кедей-кепіиік, көрші-крлаң, киіз-кепшік,' киім-ке- шек, кіші-гірім т. б.
Олардың ішінде бірінші сыңарлары түсініксіз косар- лама сөздер де (көр-жер, опыр-топыр, тай-талас, ұлан- байтақ, иіардақ-шадыр, ыбыр-сыбыр, ығын-иіығын), екі сыңары да бірдей түсініксіз (абыр-сабыр, ағыл-тегіл, ал- ба-жүлба, алай-түлей, астан-кестен, анда-санда, алда- жалда, әлем-тапырың, әлем-жәлем, әңкі-тәңкі, быт-шыт, бұрқан-тарқан, далдың-дүлдың, егіл-тегіл, ығай-сығай, иқы-жиңы, іри-тіри) сөздер де бар.
Бұл топка тән түсініксіз сыңарлардың кейбіреулерін- де тіпті ешқандай да мағына жок болса, кейбіреулерінде әлдеқандай күңгірт я кейде азды-көпті аңғарарлықтай мағына барлығы сезіліп түрады. Мысалы: анда-санда. кәкір-іиүкір, қым-қуыт, ығы-жығы, әңкі-тәңкі сияқтылар- дың сыңарларының бірде-біреуінен де жеке тұрғанда еш-
120
қандай мағына аңғарылмайды. Ал, ым-жым, ың-жың, ты- рым-тырақай, ту-талақсій, алба-жалба, ұйпа-тұйпа деген- дердің кейбір сыңарларынан азды-көпті мағынаның ны- ціаны білінеді. Ол нышан я белгі сол сыңарларды қазіргі тілімізде я жеке-дара жұмсалатын сөзбен, я қосарланып, я қайталанып қолданылатын сыңарлармен салғастырған- да айқындала түседі. Мысалы, ым-жым дегендегі бірінші сыңарды ым қаңты (ымдасты) деген сезге, екіншісін жы- мыр я жымқыр деген сөздерге (сырткы дыбыстық жағы- нан да, ішкі мағыналық жағынан да) салыстырып, оның төркінін де, мағынасын да анықтауға болады. Ал, ты- рым-тыраңай, ту-талақай дегендердің екінші сыңарларын тырақайлап қашты, талақай, талау сияқты формалар- мен ұштастырып қарастыруға болады (екеуінің де со- ңындағы -қай формасын салыстырыңыз). Алба-жалба, үйпа-түйпа дегендердегі жалба формасын жалба-жұлба, жалба-жалба сөздерімен, үйпа дегенді ұйпалақ, ұйпа- лау сөздерімен байланыстыруға әбден болғандай.
Екі сыңарының да мағынасы жоқ қосарлама сөздер- дің кейбір компоненттері бір ғана сөздің емес, бірнеше сөздің құрамынан кездесіп отырады. Мысалы: анда-сан- да, оқта-санда, оқта-текте, оқтын-оқтын дегендердегі санда формасы алғашқы екі сөзде, оқта (оқтын) фор- масы соңғы үш сөзде қатысып тұр. Ал, ың-жың дегендегі ың формасын ың-шың, ыңырсу, ыңырану сөздеріменуса- лыстыруға болатыны сияқты, ым-жым дегеннің екінші сыңарын жым-жырт, жым-жылас дегендердің құрамы- 'нан, ал тым-тырыс дегеннің сыңарын тымырсық, тымы- райған дегендерден табуға болады.
Қос сөздердің қазіргі кезде түсініксіз болып немесе мағынасы жоқ сияқтанып көрінген сыңарлары мынадай екі түрлі жолмен пайда болған:
Біріншіден, әуел-баста дербес мағынасы бар белгілі бір сөз екі рет қайталанып, бірте-бірте оның я бірінші, я екінші компоненті бастапқы өз мағынасын біржолата жоғалтумен (делексикаланумен) бірге, дыбыстық жағы- нан да тйісті өзгеріске ұшыраудың нәтижесінде өзіне тән Дербестігінен айрылып, тек өзгермейтін компонентке қо- сақталып жұмсалатын косалқы я қосақтама мүше ре- тінде ғана калыптасқан.
Екіншіден, әуел-баста дербес мағыналары бар басқа- басқа екі түрлі сөз ұдайы қосарланып жүмсала-жұмсала *Үріп, бірте-бірте бірде бір сыңары, бірде екеуі де бір-
121
дей ез мағынасын я біржолата, я жартылаи жоғалтып (делексикаланып), бастапқы өз дербестігінен айрылып, не тек мағыналы компонентке, не бір-біріне косарлана^ тын қосалқы сыцар ретінде ғана жұмсалатын болып қа- лыптасқан.
Идиомалану, лексикалану, грамматикалаиу процео тері _ кос сөздерге де тән қасиет. Қос сөздердегі бұл процестер практикада әрі унемі, әрі жиі қолданудың нә- тижесінде кенінгі замандарда пайда болғанжұбылыстар. Мысалы, жүген-қүрық, ер-тоқым, бет-жүз; ауыз-мұрын, қас-ңабақ, ес-түс деген тәрізді қос сөздер идиомаланып, жүген-қурық тигізбеу, ер-тоқымын бауырына алу, бет- жүзге қарамау, аузы-мұрны қисаймау, қас-қабаққа қа- рау, ес-түсін білмеу сияқты аса күрделі сөздерге айнал- ған. Ақай жок;, тоқай жоқ (ақай-тоқайға карамау), әйт жоқ, үйт жоқ (өйт-уйт жок), Әй дер әже жоң та, қой дер қожа жоқ дегендермен катар, естір-естіместен, келер- келместен, келген-кеткен., жатпай-тұрмай, бекер-босқа, бос-текке сияқты қос сөздерде де лекснкалану, грамма- калану процестері барлығы даусыз.
Әуелде компоненттері басқа сөз табына тән болғаны- мен, бірте-бірте лексикалану арқасында, кос сөддердің кейбір формалары өзге сөз табына ауысатыны да бай- қалады. Мысалы, қысы-жазы, күні-түні, ертелі-кеиіті де- ген есімдер, бара-бара, сөйлей-сөйлей, кие-жара, баса- кектей, жатпай-тұрмай, іиіпей-жемей сііяқты етістік фор- малары қазір үстеу сөздерге айналған.
Тарихи шыгу төркінін, калыптасу заңдарын топшы- лағанда, кос сөздер мынадай үш түрлі жолмен дами- дами келіп, үлкен бір арнаға сайған:
Қайталама қос сөздер айтылатып ойға әр килы экспресснялық, эмоциялық және басқа косымша (мыса- лы, үлғайту, бәсеңдету, жинақтау, топтау т. б.) мән беру мақсатымен әуелде (тым ерте замандарда) белгілі бір сөзді екі рет қайталап колдану машығынан пайда бол- ған. Ал, сөздің ықшамдала келіп, бір буын түрінде қай- талануы, сондай-ақ, сөздің я дауысты дыбысыныц (жарң- жұрқ, жалба-жұлба), я дауыссыз дыбысының алмасып (үйпа-тұйпа, үй-мүй, иіай-пай) қайталануы кейінгі за- мандарда қалыптасқан формалар.
Қосарлама кос сөздер мынадай екі түрлі жолмегі дамып, калыптасқан тәрізді:
а) Қосарлама қос сөздердің бір алуаны белгілі бір төл сөзге өзге бір рудың я тайпаның тіліндегі пара-пар
122
я мәндес сөзді немесе көршілес, айлас-күйлес отырған я бүрынғы-соңды белгілі карым-қатынаста болған баска халықтардың (олардың шығу төркіндері бір я баска шарт емес) тілдеріндегі балама (эквнвалент) сөзді жа- рыстыра, қосарлап қолдану машығынан туып қалыптас- кан. Бірақ бұлардың ішінен кейбіреулерінің жеке, я екі компоненті іәуелгі өз мағынасын не солғындатып, не бір жола оны жоғалтып (делексикаланып), тек косарлама сөздің құрамында ғана қолданылатын көне формаға ай- налған. Бүл процесте, әрине, тністі фонетикалық құбы- лыстардың да өзінше маңызы болғаны күмәнсыз. Бұл процестерді бағдарлау үшін, мысалы, бала-іиаға, жора- жолдас, некен-саяқ, жүдеу-жадау, жылау-сықтау, арық- түрақ, ем-дом, тоқты-торым, әуре-сарсаң, дау-шар, емін- еркін, үйлі-баранды, талан-тараж, бақ-талай, шөп-іиа- лам, ыбыр-жыбыр, ырым-жырым, көз-қарақ, ым-жым, ың-жың, ығы-жығы, оқта-текте, анда-санда дегендерді және аман-есен., сау-саламат, ас-ауқат, іс-әрекет, қару- жарақ, қүрал-сайман, заң-зәкүн, машина-сайман, соқа- сайман дегендерді салыстырыңыздар.
ә) Қосарлама қос сөздердің бір алуаны сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің, айқындауыш мүшелердің логика- лық, формалык, интонациялық райға қарай, бірте-бірте орын жағынан да өзара орайласып, бір-бірімен үнемі жұпталып айтылып, жүпталып қолданылуына сәйкес, бірде күрделі, бір бүтін, түрақты сөз ретінде, бірде бір- бірінен ажырасатын бірыңғай мүшелер ретінде жұмсалу машығынан калыптасқан. Практикада әрі байлаулы, әрі еркін қолданылатын осындай қасиет екі жағы да мағы- налңі қосарлама сөздерге тән. Сондықтан ондай қосар- лама сөздердің компоненттері тым ауыспалы болады, де- мек бірде олар (қажет болған жағдайда) кос сөз құрамында қолданылса (мысалы, сау-саламат, аман-есен, эке-іиеиіе, апа-қарындас, қару-жарақ, іс-эрекет т. б.), бірде олар бір-бірінен ажырап дербес, жеке-дара сө^ ретінде бірыңғай мүше тізбегінде өз алдына мүше ре- тінде колданыла береді. (Саумысың, саламатпысың? Әкеңе, шешеңе сәлем айт. Еңбек дегеніміз — іс істеу, әрекет жасау деген сөз т. б.) Қос сөздердің екі сыңары Да бірдей бірыңғай, демек, бір ғана сөз табына тән сөз- Дерден құралатын себебінің бір негізі олардың бірын- ғай мүшелермен үштастығында да болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |