§ 45. ЗАТ ЕСІМДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ТӘСІЛДЕРІ Зат есімдер лексикалық, морфологиялық, синтаксис- гік тәсілдер арқылы жасалады. Лексикалық тәсіл арқылы жасалғаи зат есімдерге
байырғы зат есімдер, сондай-ақ, басқа тілдерден енген зат есімдер, бастапқы семантикалық мағынасы не кең- ею, не тарылу, не ауысу арқылы туған жаңа зат есімдер мен өзге сөз тагітарынан субстантивтену арқылы пайда болған зат есімдер жатады. Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге кемі екі я онан астам түбірлердің бірігуі, косарлануы, гіркесіп құралуы, қысқарып құралуы арқылы және лек- сикалану негізінде пайда болған күрделі зат есімдер жа- гады.
Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған зат есім- дерге зат есімнің өзінен, өзге сөз таптарынан тиісті жүр- нактар арқылы туған туынды зат есімдер жатадьГ. Мьт- салы: атшы, басшы деген туынды зат есімдер ат, бас де- ген зат есім түбірлерінен жасалса, атіиылық, басТиылық деген туынды зат есімдер атіиы, басшы деген зат есім не- гіздерінен (туынды зат есімдерден) жасалған. Ал, жақ- сылық, үлкендік деген зат есімдер -лық (-дік) жұрнағы арқылы жақсы, үлкен деген сын есімдерден туған. Сон- дай-ақ, егін, сауын деген туынды зат есімдер ек, сау де- ген етістік түбірлерінен жасалса, олардан -шы (-ші) жұрнағы арқылы егініиі, сауыншы деген туынды жаңа зат есімдер жасауға болады
Зат есім тудыратьін Жұрнақта])дың бір саласы өзде- рі жалғанған сөздёрДщ лексикалық мағыналарының үс- гіне қосымша семантикалық реңдер ғана жамайды. Ал, ондай қосымша реңдер үлкен түту, қүрметтеу, сыйлау, кішірейту, еркелету, қомсыну, кемсіну, кекету, мысқыл- Дау тәрізді әр алуан мән-райларды білдіреді. Мысалы: Қақпақіиа, сабыніиық сездерінің мағыналарын қақпақ, сабын сөздерімен салыстырсақ, олардың негізгі лексика- лық мағыналары бірдей болғанымен, аңғарылатын рең- Дері бірдей емес. Әрине, әкей, шешей деген сөздер мен эке, шеше сөздерініц араларында да лексикалык айыр-
149
машылықтары жоқ, бірак, олардың сәл де болса өзара семантикалық ерекшеліктері барлығы даусыз (§ 53-ті қараңыз).