дық сандар (мың) болып, үнемі жоғары дәрежелі сан- дардан басталып, төмен дәрежелі сандармен аяқталып отырған. Күрделі көбейтілмелі сан есімдер, керісінше, үнемі темен дәрежелі сандармен басталып, жоғары дәрежелі сандармен аяқталып отырады. Мысалы: алты жүз, сегіз жүз, үш мың, төрт мың деген күрделі сан есімдердің құ- рамындағы сандар ылғи төмен дәрежелі сандардан (ал- ты, сегіз, үш, төрт) басталып, жоғары дәрежелі сандар- мен (жүз, мың) аяқталып отырған. Көбейтілмелі сандар негізінде екі жүзден басталады да, тоғыз жүзге барып, екі мыңнан қайта басталып то- ғыз мыңға дейін барады. Сонда көбейтілмелі күрделі сан есімдердің көбейгіш сандары екіден тоғызға дейінгі бірлік сандар болады да, көбейткіш сандар жүз бен мың сандары болады. Осыған сәйкес, көбейтілмелі күрделі сан есімдерді іштей жүздік көбейтілмелілер (200—900) және мыңдық көбейтілмелілер (2000—9000) деп екіге бөліп қарауға болады. Бүлардың да тіркесінде әуелі көбейтілмелілік ұғымы болған. Ол ұғым бұл сандардын қазіргі кірісіп калып- тасқан формаларында да өз бойында сақталып қалғаны байқалады. Былайша айтқанда, бүл күрделі формалар ондық көбейтілмелі сандар ретінде қабылданады. Күрделі сан есімдердің қүрамында кебейтілмелі сан- дар мен қосылмалы сандар араласа қолданылатын кез- дері болады. Мысалы: үш мың тоғыз жүз он бес (3915) деген күрделі саннын кұрамындағы үш мың (3x1000) — мыңдық кебейтілмелі сан да, тоғыз жүз (9ХІ00)—жүз- дік көбейтілмелі сан, ал он бес (10+5)—қосылмалы сан. Олай болса, бір күрделі сан есімнің қүрамында әрі көбейтілмелі, әрі қосылмалы сандар бірге тіркесе, қол- даныла береді. Күрделі санның мүндай түрі, әрине, бірыңғай көбейтілмелі не қосылмалы күрделі сандардан өзгеше. Ал, ол ерекшелік бүлардың күрамдарының ара- лас болуымен байланысты. Күрделі сан есімдердін. мүн- дай түрін аралас күрделі сан есімдер тіркесі деп атайды. Сонымен, жаратылысы мен жасалу жүйесі жағынан сан есімдер дара және күрделіболып бөлінеді: дара сан есімдер қатарына бір, екі, үш, он, жүз, мың сияқты сан есімніц бастапқы шыға бастаған кезінен, Жаратылысынан табиғи сан атаулары мен кейінгі заман- Дарда кірігіп қалыптасқан алпыс, жетпіс, сексен сиякты сан есімдер (бұлар, бір жағынан, ондық кебейтілмелі
7*
195
сандар) жатады: күрдслі сан есімдер тобына төрт-бес, он-он бес сияқты қосарлы сандар, әр алуан қосылмалы сандар, жүздік, мындык. көбейтілмелі сандар және кө- бейтілмелі — қосылмалы аралас сандар жатады.