Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет28/179
Дата06.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#16121
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   179
Байланысты:
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология

К ө п ш е:

біз(дер) барып-пыз, келіп-піз, қарап-пыз, сөіілеп-піз сендер барып-сыңдар, келіп-сіңдер, қарап-сыңдар, сөй- леп-сіңдер

сіздер барып-сыздар, келіп-сіздер, қарап-сыздар, сейлеп- сіздер

ол барып-ты, келіп-ті, қарап-ты, сейлеп-ті.

Сөйтіп, екінші топтың жіктелуінде өзіне тән бір ғана ерекшелігі бар. Ол ерекшелік — екінші үлгінің III жағын- да арнаулы -ты (-ті, -ды, -ді) қосымшасы бар. Бірақ ол косымша жекеше түрде де, көпше түрде де өзгермей бір калыпты сақталып отырады (ол алыпты; олар алыпты).



  1. Үшінші топқа тән формалар баяндауыш болса, оларға жалғанатын жіктік жалғау жекеше түрде де, көп- ше түрде де төмендегіше бір ізбен жалғанады.

а) Жедел өткен шақ формасы: айтты, өтті т. б. Жекеше: Көпше:

мен айтты-м, кетті-м біз(дер) айтты-қ, кетті-к,

сен айтты-ң, кетті-ң сендер айтты-ңдар, кетті-

сіз айтты-ңыз, кетті-ңіз ңдер

ол айтты, кетті сіздер айтты-ңыздар, кетті-

ңіздер

олар айтты, кетті

а) Шартты рай формасы: оқыса, білсе т. б. Жекеше: Көпше:

мен оқыса-м, білсе-м біз(дер) оқыса-қ, білсе-к

сен оңыса-ң, білсе-ң сендер оқыса-ңдар, білсе-

сіз оқьіса-ңыз, білсе-ңіз ңдер

ол оқыса, білсе сіздер оқыса-ңыздар, білсе-

ңіздер

олар оқыса, білсе

Сөйтіп, үшінші топқа тән формалардың жіктелуінде мынадай ерекшеліктер бар: біріншіден, жеке түрінің I, ” Жақтарының жіктік жалғаулары тәуелдік жалғауының ^екеше түрінің 1, II жақтарының қосымшаларына ұқсас (мысалы: әке-м, әке-ң, әке-ңіз); екіншіден,— көпше түрі- Н|Ч I жағының жалғауы (-қ, -к) жоғарыдағы екі топқа да ¥Қсамайды, өзінше бір басқа; ал, көпше түрінің II жағы-



69



^(ақтары

Бірінші үлгі

Екшші үлгІ

Үшінші үлгі

Төртінші үлгі

-мен

-сен

-сіз

ол

біз(дер)

сіздер

олар

-мын -сын -сыз -оо -сьіңдар -сыздар 00

-мын

СЫҢ

-сыз -ды

сыңдар сыздар -ды





-ңыз

-оо

-ыңдар -ьіңыздар

~оо

-йын -оо ныңыз чсын -ьіңдар -ыңыздар нсын


Казақтың қазіргі әдеби тілінде жіктеу есімдіктері же- кеше түрде де, көпше түрде де, анайы және сыпайы (сен
және сіз, сендер және сіздер) болып үнемі сараланып отырады. Осыған орай, жіктік жалғаудың да, тәуелдік жалғаудың да екінші жақтарының косымшалары жеке- ше формада да, көпше формада да, анайы және сыпайы түрлерге сәйкес болады.

§ 19. ЖІКТІК ЖАЛҒАУДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫНДАҒЫ КЕЯБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Жоғарыдағы үлгілер бойынша жіктеліп, баяндауыш болатын сөздер мен формалардын қолданылуларында арнайы айтарлықтай бір алуан ерекшеліктер бар. Олар- ға да қысқа-қысқа сипаттама берген мақүл.



  1. Жіктік жалғаудың ықшамдалған түрлері жайында

Қазіргі қазақ тілінде жіктік жалғаудын ықшамдал- ған кейбір формалары бар және олар толық формалар- мен жарыса әдеби тілде де қоса-кабат қолданылып жүр. Ондай ықшамдалған форма мынадай екі түлғада жиі үшырайды.

Біріншіден, ондай ыкшамдау күбылысы жоғарыдағы бірінші үлгіге тән -ған формалы есімшемен байланысты Жиі кездесіп отырады. Мысалы: Мен дағы жаңа тапқан кҮйді тартңам (I. Жансүгіров); Қайнаған, қыбырла- ғ°н қала келгем, Дәметкем дәннің дәмін әр-ақ елден. (С. Мүқанов);



^ Екіншіден, осындай ықшамдалған форма екінші үлгі- !гетән -а, -е, -й формалы көсемшенің бірінші және үшін-

71


ші жақтарында да жиі кездеседі. Мысалы: Қой, әке, қой, кейіме. Адам болам, аттанам, Ауылдың бәрін үркітіп, Кайда барып баң табам (I. Жансүгіров); Әлде келіц қалдық па? деп елегізем де, қулағымды тігем, мені се- зімім алдаған боп шығады (С. Мұқанов); Алыстаң* келем, алысңа барам (Ғ. Мұстафин); Ұйымдас, қоғам болсаң, күшің кіред, Қуіиі кірсе, берекелі ісің бөлек (Б. Майлин) т. б.

Сөйтіп, жіктік жалғаудын кейбір формаларынын то- лық түрлерімен қатар, ықшамдалған түрлері де колда- нылады. Әрине, ондай ықшамдалған формалар әсіресе ауызекі сөзде және өлең сөзде жиі қолданылады. Бірақ олардьщ ықшамдалуына жіктік жалғауларының өзіне тән екпіні болмауы себеп те, негіз де болған сняқты.



  1. Жіктік жалғаудын болымсыз түрде қолданылуы

Екінші, үшінші, төртінші үлгілер бойынша жіктелетін' етістіктердіғі қай-қайсысы болса да түбірге (негізге) бо- лымсыздық форманың -ма (-ме, -ба, -бе, -па, -пе) қосым- шасы тікелей қосылып жіктеле береді (мысалы: бар-май- мын, бар-ма-п-пын, бар-ма-ды-м, бар-ма-са-м, бар-ма- йын т. б.)-

Бірінші үлгі бойынша жіктелетін есімшелер мен есім- дердің болымсыз формада жіктелулерінде іштей -ажы- райтын мынадай айырмашылықтар бар:

а) Есімдердің бәрінен де болымсыздык форма емес сөзі тіркесу аркылы жасалатындықтан, жіктік жалғау сол дәнекер сөзге жалғанады. Мысалы: Мен Оралбаіі емеспін, елдің жазықсыз, қылмыссыз адамымын (М. Әуезов): Мен бала емеспін, ауылдың надан қызы да емеспін (С. Мұқанов).

ә) Есімше формалардан болымсыздық формалар син- тетикалық тәсіл (-ма, -ме... жұрнағы) арқылы да, аналиі тикалық тәсіл («емес» және «жоқ» сездерінің көмегі) аи қылы да жасалатындықтан, олардың жіктелулері де с<м екі тәсілдің ерекшеліктеріне байланысты болады. Демед егер болымсыздық форма жұрнақ (синтетикалық тәсілі арқылы жасалған болса, етістік түбіріне (негізіне) әуел] болымсыздық жұрнақ (мысалы: түрма, барма т. б), одЭД кейін тиісті есімше формалары (мысалы: бармаған, 6afj мас, бармайтын т. б.) қосылады да, солардан кейін жіЧ тік жалғауының тиісті жақ косымшалары жалғанаДЧ (мысалы: бармағанбыз, бармассың, бармайтынсыңдщ т. б.); Егер болымсыздьщ форма аналитикалык тәсіл аРІ



72

қылы жасалған болса, жіктік жалғаудыц тиісті жақ қо- сьімшалары есімшенің езіне емес, дәнекер жоқ я емес сөз- деріне жалғанады, мысалы: Одан әрі шалмен көп кеңес-
кен жоқпын (С. Мұқанов); Сол сияты, түрған емеспін, ■рүрған жоқпын, түрған емеспіз, түрған жоқсыздар т. б. Әрине, емес және жоқ сөздері есімшелердін бәріне бірдей тіркесе бермейді (мысалы: барар емес, тұрмақ емес, деу- ге әбден болғанымен, барар жоқ, баратын жоқ деуге бол- майды); сонымен қатар, олардың тіркескендегі семанти- калық мағыналары да, стилистикалык ерекшеліктері де бірдей емес (мысалы: барған емеспін, мен барған жоқ- пын, бармақ емес пен бармақ жоқ дегендерді салысты- рып көріңіздер). Сондай-ақ, турмаған, түрмайтын, тур- мас деген синтетикалык формалардың да және барған емес, барған жоқ, баратын емес, барар емес деген анали- тикалық формалардың да мағыналары мен стилистика- лык талғамдары езара тең емес.

б) Жазуда да, ауызекі тілде (лебізде) де екінші үлгі бойынша жіктеліп, Өкінбеймін, аямаймын, жібімеймін деген сияқты болып келетін көсемшенің ауыспалы фор- масының орнына өкінбен, аяман, жібімен деген форма колданылады. Мысалы: Ризамын туғаныма адам болып. Өкінбен қаламын деп бір кун солып (Қ. Аманжолов); Тіпті жібімен деп-ақ едім, сай суйегімді сырқыратты (Ғ. Мұстафин); Сүйексіз қызыл тілімді жаңылдырман.

Бүл форма етістіктің жекеше түрінің болымсыз фор- масының бірінші жағының көрсеткіші ретінде ғана жұм- салады, өзге жақтарда колданылмайды. Осындағы өкін- бен, жібімен, жаңылдырман дегендердің өкінбеймін, жібімеймін, жаңылдырмаймын дегендерден оқшауланар- лықтай ешқандай да айырмашылығы жоқ, ейткені олар- Дьің қолданылу я қолданылмауына қарай, сөйлемдегі сөздердің арасында ешқандай да өзгеріс тумайды, бірақ бұл форма көтеріңкі ырғақпен, зілді үнмен айтылып, бел- гілі эмоциялық, экспрессивтік рай білдіру үшін жұмса- лады. Оны мынадай көмекші сөздермен қолданудан да аңғаруға болады. Мысалы: Бай емен, батыр емен, хан емеспін, Атақты артық туған жан емеспін (Абай); Ес біл- гелі ондай зор денелі әйелді мен кездестіріп көрген емен (С. Мүқанов) т. б.

■Сондай-ақ, бүл форма күрделі етістіктерде де, идио- ^альіқ тіркестерде де колданыла береді. Бұл жағдай осы №орманыц көне екендігіне айғақ. Мысалы: Сонда жауап °еРе алман мен бейшара, Сіздерге еркін тиер байқап қа-

73


ра (Абай); Жоц, батыр, көрмеген нәрсені үйрете алман (Ғ. Мүсірепов); Жаннан щорқып отыңа мен бас ұрмаң (Абай) т. б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет