Ахмет байтұрсынұлы қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінің іргетасын қалаушы



Дата10.12.2023
өлшемі19,31 Kb.
#136394

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ІЛІМІНІҢ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАУШЫ

Ахмет-ұстаз, ағартушы, аудармашы, ең алғаш қазақ әліпбиін жасаушы, көрнекті ғалым, ұлтшыл жан болған. Қазақ балаларының сауатын ашуды басты мақсаты еткен бауырмал кісі, жалғанның жазықсыз жаласына ұшырап, кеудесін оққа тосып, мәңгілік өмірге аңсаған арманы көкірек тесіп аттанды да кетті. Қайда жүрсе де, қай қызметте жұмыс жасаса да өз мақсатынан айнымаған Ахмет, қит етсе қазағына пайдасы тиер қызметті жасап отыратын. Қараңғылық пен езгіден көз ашпаған қазағын қайтсем де көкке көтерем деп күні-түні еңбек етті.


Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылдың 5 қыркүйегінде Қостанай облысы, Сарытүбек елді мекенінде дүние есігін ашқан. Оның ұлы бабасы-Үмбетей руының сыйлы басшысы болған үлкен қария болған деседі. Руы-арғын. Ахаңның замандас-әріптесі болған Мұхтар Әузов өзінің 1923 жылы Байтұрсынұлы Ахметке арнаған мақаласында былай деген: «Сүйегі-арғын, оның ішінде Үмбетей, бергі аталары Үмбетейден тараған Шошақ, Түбек. Ахмет-Шошақтың немересі. Ал, әкесінің аты-Байтұрсын» [1, 17 б].
Ахмет Байтұрсынов Торғай облысындағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне 1886 жылы түсіп, ол мектепті 1891 жылы тәмамдайды. Кейіннен, дәл сол жылы Орынбор мұғалімдер мектебіне оқуға қабылданады да, 1895 жылы ОММ-нің Педагогикалық кеңесінің шешіміне сәйкес, «бастауыш сынып оқытушысы» деген атақ берілді.1896-1907 жылдар аралығында Ахаң Қарқаралы, Қостанай уездерінде ауылдық болыстық мектептерде екі сыныптық училищесінде мұғалім болып жұмыс жасайды. Омбыда жүрген кезінде бұратана ұлтының санасын ояту мақсатында Ахмет И.Крыловтың мысалдарына аударма жасады. Қазақтың біртуар білімдарларымен бірге 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде бас қосып, Қарқаралы петициясын жазып шығарады. Қарқарылыда жүрген кезінде екі қызметте жұмыс жасады. Меңгеруші және оқытушы болып. Осында жүріп саяси көзқарасы үшін Қарқаралы абақтасына қамауға алынды.Артынан 1910 жылы наурыздың тоғызына Орынборға жер аударылды.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ ұрпағына берер мұрасы мол. Оның еңбектерінің астарында үлкен ғибрат жатыр. Тағылымы терең,әрі мағыналы. Оған дәлел Ахаңның шығармалары. 1911 жылы «Маса» өлең жинағы жарыққа шықты. «Қырық мысал» еңбегі екінші рет басылымнан өтеді. Аталмыш жылы «Айқап» журналында «Қазақтың өкпесі», «Қазақ һәм түрлі мәселелер», «Закон жобасының баяндамасы», «Жазу тәртібі», «Бастауыш мектеп», «Кітаптар жайынан», «Тағы да народный сот хақында», т.б мақалалары жарияланған болатын. 1912 жылы Қазақ әліпбиін жарыққа шығарды. Дәл осы жылы «Оқу құралы» қазақ тіліндегі әліппесінің бірінші кітабы да шықты. 1913-18 жылдары «Қазақ» газетін шығарды. Мұнда Ахмет ұстаз газеттің бас сарапшысы қызметін атқарды. Бұл газетте Байтұрсынов Ахмет халыққа мынадай арнау арнаған болатын. «Газеттің атауын адуынды ұлтымыздың аруақты аты деп «Қазақ»,-деп қойдық, ұлтқа көмектесу қазақ баласының перзенттік борышы, егер де қызмет жасаймын десеңдер азамат екендеріңді дәлелдейтін жол осы» [2, 3 б].
Газет шығарып, жазба жазып жүрген Ахмет бұл газеттің бірнеше санын кезекпен жариялай бастады. Әлеуметтік цензураға сай келмеген мақала жазғаны үшін осы ретте әкімшілікке бірнеше рет айыппұл төйледі. Болмаған соң қайта темір тордың ар жағына жастандырды. Бұл қамалу-үшінші рет еді. [1, 18 б]. 1917 жылы Орынборда жалпықазақтық сьезд өтті, мұнда Ахмет пен Міржақып «Тәуелсіз автономия» құру ойын ұсынады. Әрине бұл жаңалықтан халық қорқып-шошынды, тыныштық бұзылмаса екен деп, ал билік тыныш отсын ба? Бұл мәселені де бей-жай қалдырмады. [3, 101 б].
Осылай «Алаш» партиясы құрылды. Әлихан Бөкейханов партия басшысы болып сайланды. Іс насырға шапты. Ахаң мен оның айналасындағыларға аңду процесі басталып, жалпы халыққа қауіп төнді. Осылай жүріп партияның түгел дерлік мүшелері жазықсыз жалаға ұшырап, ату жазасына кесілді, және ол сәт орын алды. Қазақ халқы арыстай азаматтарынан айырылып қалды. Қарап отырсаңыз мен жазған Ахаңның өмірінен өткерген сәттерінің барлығы дерлік қазақ қоғамын дамыту, қазақ тілін аяқтандыру болған. Одан бөлек жаза берсем, Ахметтің қызмет еткен жерлері мен бастан кешкендері, шығармалары туралы парақ жетпесі анық. Ұлтшыл ұлдың ұраны топырақ жастанып қала бермеді, үлкен рух әлі күнге дейін қазақ тіл білімі саласында. Ахметті оқып, үлгі тұтып, еңбектерінсіз филология дәрістері өтілмейді. Бұл заңдылық деп ойлаймын. Қазақтың ең алғашқы ұстаздары қатарына кіреді қанша дегенмен, Ахметтей тұлғаның аманатын дәріптеу, әрбір ұрпақтың парызы деп білемін.
Ал, енді Ахметтің XXI ғасырдағы қазақ тіл білімінің жаңа парадигмаларына қандай қатысы бар? Жалпы, бүгінгі заманалы ширек ғасырда тіл білімінің өзекті мәселелері қандай? осы сұраққа жауап жазып көрейік. Ахмет туралы толық болмаса да қазақ тіл біліміне қатысты жерлерін атап өттім, өмір дерегімен таныстырдым, басты мақсаты мен ұстанған ұраны мен идеологиясын көрсеттім, түсінікті болар деп ойлаймын. [8, 26 б].
Парадигма сөзіне түсінік беріп өтсем: Парадигма грекше-үлгі деген мағынаны білдіреді. Зерттелетін мәселені айқындау үшін үлгі ретінде қарастырылған теория, теориялық көзқарастардың методологиялық принциптерінің, әдістемелік қабылдау және эмпиримдік нәтижелердің біріктірілген жүйесі, ғылым саласының белгілі бір уақыт аралығында ғылыми бірлестікпен қабылданған болжамдарын ғылыми тұрғыда түсіну үшін, ғылыми таным сәттерінде туындатын міндеттерді шешетін үлгі ретінде пайдаланылатын әдістемелік және теориялық ережелер жиынтығын айтамыз. Жалпы, парадигма қазақ тіл білімі саласында бірнеше мағынада қолданылады. Атап көрсетер болсам:

  1. Бір-бірінен кең мағынада ерекшеленетін, ортақ белгілері арқылы тілдік бірліктер тобы.

  2. Аталмыш топтардың үлгісі мен сызбасы.

Тіл бірліктері тобының жүйеленуіне қарай парадигма 3ке бөлінеді. Олар:

  1. Морфологиялық

  2. Синтаксистік

  3. Лексикалық

XXI ғасырдағы қазақ тіл білімінің жаңа парадигмалары, қазіргі қазақ тіліндегі белсенді үдерістер, XX ғасырдың екінші жартысы мен қазіргі кздегі қазақ тіліндегі жаңа тенденцияларды жатқызуға болады. Қазақ тіліндегі тіл дамуының осынау алғышарттары Ахмет Байтұрсынұлымен тікелей байланысты. Ахмет алғаш рет қазақ тіл біліміне өзінің әліпбиімен және «әдебиет танытқыш», «тіл құралы» атты еңбектерімен сүбелі үлесін қосты. Қазіргі таңда ол үдеріс жалғасын табуда. Адамзат тіршілік қойнауындағы мәселелерді шешу үшін қоршаған ортаны тануы ең маңызды қасиет. Ғылым мен білім ғана адам өміріне өзгерістер жасай алады. Ғылым методологиясы –адам мен қоршаған орта қоғамын ғылыми тұрғыдан таныту жайлы білім. Ал, тіл білімі саласының адам танымындағы тілдің ролін анықтайды. Қазіргі тіл біліміндегі қоғамның тілдік парадигмасын білім жолындағы қажеттіліктен туындаған заманауи бағыт- лингвосаясаттану қарастырады. [15,22б]. XXI ғасыр техника мен білім заманы болғандықтан, барлық салада қарқынды дамуды қажет етеді. Қазақ тілі саласы өз кезегінде бүгінде алға жылжуда.
Тіл білімінің XXI ғасырындағы жаңа бағыттарындағы парадигмаларына:

  1. Компьютерлік лингвистика

  2. Психолингвистика

  3. Нейролингвистика

  4. Этнолингвистика жатады.

Замананың өзекті мәселелерін тіл саласының майталмандары қарастырып, мамандықтың білім алушыларына оңтайлы жүйемен үйретуде. Оқу қабырғаларында жаңышыл бағыт ұстанылып, білім мазмұны дамығанымен тілдік жүйедегі салалар өзегін Байтұрсынұлының еңбектерінсіз бастамайды. А. Байтұрсынұлы және XXI ғасырдағы қазақ тіл білімінің жаңа парадигмалары осы тұрғыда бірі-бірімен тығыз байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Имаханбет Р.С. Ахмет Байтұрсынұлы: ғұмырбаяндық деректер. «Алаштың Ахметі»: Респ. Ғыл.-тәж. конф. Материалдары.-Қарағанды: «TENGRI Ltd», 2013.-382 б.
2. Нұрпейісұлы К. Ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция. // Егемен Қазақстан. 1997 ж. 5 желтоқсан. −3-5 бб.
3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. — Алматы: «Атамұра», 2002. — 768 б.
4. Нұрпейісов. К Алаш һәм Алашорда. — Алматы «Ататек» 1995- 256 б.
5. Омарбеков Т. Қателескен Ленин бе, жоқ әлде қазақ зиялылары ма? // Егемен Қазақстан, 1991.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет