Ахмет Байтұрсынұлы белгілі Алаш көшбасшыларының бірі, қоғам қайраткері,педагог және аса көрнекті ақын.Ахмет жас кезінен әке қамқорынсыз есейген. Соған қарамастан өз білімін жетілдіру үшін ауыл молдасынан бастауыш білімді игерді.Кейіннен орыс-қазақ училищесін бітіргеннен соң Орынбор қаласындағы мұғалімдер мектебіне оқуға түседі.Бұдан кейінгі жылдарын мұғалімдікке арнады.Ол сол кездегі дүрбелеңдерде Алаш басшыларымен бірге күресіп бірнеше тұтқынға түсті.Бірақ, бұл бастамасы еді. Халықтың өзі екіге бөлінген шақта бұл кісілерге де қарсы шыққандарда табылды.А.Байтұрсынұлы әдеби қазақ тілінің қалыптасуы және араб жазуын реформалау үшін көп тер төкті.Қазақ АКСР-і құрылғаннан кейін,1920-1921 жылдары халық ағарту комиссариятының ғылыми-әдеби комиссиясын басқарды.А.Байтұрсынұлы төте жазумен басып шығарылған Қазақ гатетінің редокторы болып,ағартушылық қызымет пен айналысты.1917 партия бағдарламасы әзірленді.А.Байтұрсынұлының қос серігі М.Дулатұлы және Әлихан Бөкейханұлының көмегімен ағартушылық жолында бір-бірі мен жақсы білім алмасты. Бұл кісілердін арқасында қазақ оянып надандықтың алдын алды. Бұл істі құп көрмеген сол кездің аюдай ақырып тұрған Ресей елінің, патша үкіметінің көзіне ілініп қиналды.
А.Байтұрсынұлының негізгі саясаты Ресейдің қазақтың езгісінен алдын алу болды ,бұл күресте Ұлт Ұстазы Ахметтің қосқан үлесі орасан зор.Ахметтей қазақтың ұлы ұстазы бар екеніне бүкіл қазақ елі мақтанышпен айта алады дәл мен секілді.Бүкіл қазақ жұртына А.Байтұрсынұлының қоғамдық және әдеби қызыметі бұл елдін жаңа бастамасын қалауына үлкен үлесін тигізді.А.Байтұрсынұлы қазақ тілі білімінің негіздері мен қазақ грамматикасына арналған терминолгияны әзірледі.А.Байтұрсынұлы-тұңғыш қазақ әліпбиінің авторы.ғалым құрметіне Байтұрсынұлы әліпбиі деп аталған жаңа қазақ жазуы өз уақытында барлық түріктілдес халықтарға үлгі болды.Оның жасаған жәнесоның есімімен аталған жазу жүйесі қазақтарда сауатсыздықты жоюға,жазу мәдениетін арттыруға мүмкіндік берді.Елбасы 2000 жылы 15 қыркүйекте Қостанай қаласында А.Байтұрсынұлына ескерткіш ашылу салтанатында былай деді.Ол-біздің мәдениетіміздің өшпес жарығы және біздің халықтың ар-ұжданы.Оның идеялық мұрасымен заманауи ғылым,өнер,мәдениет,білім,мемілекеттік жүйе мен Қазақстанның қоғамдық құрылысының барлық күретамырлары мен ұлпалары беки түседі