Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал



Pdf көрінісі
бет32/98
Дата29.11.2022
өлшемі2,67 Mb.
#53419
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   98
Байланысты:
945831 1429633719

Ереуіл рай 
Ереуіл рай дейміз – істейтін істің мақсұтына болымы қарсы, ереуіл 
болғанда, айтылатын сөз түрін. Мәселен: «Сұрасаң да бермеймін, 
сүйресең де ермеймін» деген сөздерде «сұрасаң да», «сүйресең де» деген 
ереуіл рай болады. Сұрағанда алу мақсұт, сүйрегенде еру мақсұт еді. 
Бермеген соң, ермеген соң, істің болымы істің мақсұтына қарсы келіп тұр. 
Сөздің осындай түрі ереуіл рай болады. 
Жоғарыда билік, ашық һәм шартты райлармен айтылған сөздерді 
ереуіл раймен айтып көрейік. 
Жіктеу 
 
Болымды түрлері 
Жекеше: 
1-ші жақ 
2-ші жақ 
3-ші жақ 
Жаз 
Жазсамда
1
Жазсаңда 
Жазсада 
Жыла 
Жыласамда 
Жыласаңда 
Жыласада 
Күрес 
Күрессемде 
Күрессеңде 
Күресседе 
Жуын 
Жуынсамда 
Жуынсаңда 
Жуынсада 
Қаздыр 
Қаздырсамда 
Қаздырсаңда 
Қаздырсада 
Жатқыз 
Жатқызсамда 
Жатқызсаңда 
Жатқызсада 
Жегіл 
Жегілсемде 
Жегілсеңде 
Жегілседе 
Атыстыр 
Атыстырсамда 
Атыстырсаңда 
Атыстырсада 
Шапқыла 
Шапқыласамда Шапқыласаңда 
Шапқыласада 
Алыңқыра 
Алыңқырасамда Алыңқырасаңда 
Алыңқырасада 
Көпше: 
Жаз 
Жазсақта 
Жазсаңдарда 
Жазсада 
Жыла 
Жыласақта 
Жыласаңдарда 
Жыласада 
Күрес 
Күрессекте 
Күрессеңдерде 
Күресседе 
Жуын 
Жуынсақта 
Жуынсаңдарда 
Жуынсада 
Қаздыр 
Қаздырсақта 
Қаздырсаңдарда 
Қаздырсада 


93 
Жатқыз 
Жатқызсақта 
Жатқызсаңдарда 
Жатқызсада 
Жегіл 
Жегілсекте 
Жегілсеңдерде 
Жегілседе 
Атыстыр 
Атыстырсақта 
Атыстырсаңдарда 
Атыстырсада 
Шапқыла 
Шапқыласақта 
Шапқыласаңдарда Шапқыласада 
Алыңқыра 
Алыңқырасақта Алыңқырасаңдарда Алыңқырасада 
Болымcыз түрлері 
Жекеше: 
1-ші жақ 
2-ші жақ 
3-ші жақ 
Жазба 
Жазбасамда 
Жазбасаңда 
Жазбасада 
Жылама 
Жыламасамда 
Жыламасаңда 
Жыламасада 
Күреспе 
Күреспесемде 
Күреспесеңде 
Күреспеседе 
Жуынба 
Жуынбасамда 
Жуынбасаңда 
Жуынбасада 
Қаздырма 
Қаздырмасамда 
Қаздырмасаңда 
Қаздырмасада 
Жатқызба 
Жатқызбасамда 
Жатқызбасаңда 
Жатқызбасада 
Жегілме 
Жегілмесемде 
Жегілмесеңде 
Жегілмеседе 
Атыстырма 
Атыстырмасамда Атыстырмасаңда 
Атыстырмасада 
Шапқылама 
Шапқыламасамда 
Шапқыламасаңда 
Шапқыламасада 
Алыңқырама 
Алыңқырамасамда 
Алыңқырамасаңда 
Алыңқырамасада 
Көпше: 
Жазба 
Жазбасақта 
Жазбасаңдарда 
Жазбасада 
Жылама 
Жыламасақта 
Жыламасаңдарда 
Жыламасада 
Күреспе 
Күреспесекте 
Күреспесеңдерде 
Күреспеседе 
Жуынба 
Жуынбасақта 
Жуынбасаңдарда 
Жуынбасада 
Қаздырма 
Қаздырмасақта 
Қаздырмасаңдарда 
Қаздырмасада 
Жатқызба 
Жатқызбасақта 
Жатқызбасаңдарда 
Жатқызбасада 
Жегілме 
Жегілмесекте 
Жегілмесеңдерде 
Жегілмеседе 
Атыстырма 
Атыстырмасақта Атыстырмасаңдарда Атыстырмасада 
Шапқылама Шапқыламасақта Шапқыламасаңдарда Шапқыламасада 
Алыңқырама Алыңқырамасақта Алыңқырамасаңдарда Алыңқырамасада 
Дағдыландыру. Осы үлгі бойынша һәр етістен сөздер алып, ереуіл раймен 
жіктеу. 
Реніш рай 
Реніш рай дейміз – істеген-істемеген істерге реніш еткенде 
айтылатын сөз түрін. Мәселен: «Шақырғанда, барсамшы!», «Көрдім деп 
айтпасамшы!». «Барсамшы» дегенде бармағанына реніш айтады. 


94 
«Айтпасамшы» дегенде айтқанына реніш айтады. «Барсамшы», 
«айтпасамшы» деген реніш көрсететін сөздер реніш рай болады. 
Жоғарыда басқа райлармен айтылған сөздерді реніш раймен айтып 
қарайық.
Болымды түрлері 
Жекеше: 
1-ші жақ 
2-ші жақ 
3-ші жақ 
Жаз 
Жазсамшы 
Жазсаңшы 
Жазсайшы 
Жыла 
Жыласамшы 
Жыласаңшы 
Жыласайшы 
Күрес 
Күрессемші 
Күрессеңші 
Күрессейші 
Жуын 
Жуынсамшы 
Жуынсаңшы 
Жуынсайшы 
Қаздыр 
Қаздырсамшы 
Қаздырсаңшы 
Қаздырсайшы 
Жатқыз 
Жатқызсамшы 
Жатқызсаңшы 
Жатқызсайшы 
Жегіл 
Жегілсемші 
Жегілсеңші 
Жегілсейші 
Атыстыр 
Атыстырсамшы 
Атыстырсаңшы 
Атыстырсайшы 
Шапқыла 
Шапқыласамшы Шапқыласаңшы 
Шапқыласайшы 
Алыңқыра 
Алыңқырасамшы Алыңқырасаңшы 
Алыңқырасайшы 
Көпше: 
Жаз 
Жазсақшы 
Жазсаңдаршы 
Жазсайшы 
Жыла 
Жыласақшы 
Жыласаңдаршы 
Жыласайшы 
Күрес 
Күрессекші 
Күрессеңдерші 
Күрессейші 
Жуын 
Жуынсақшы 
Жуынсаңдаршы 
Жуынсайшы 
Қаздыр 
Қаздырсақшы 
Қаздырсаңдаршы 
Қаздырсайшы 
Жатқыз 
Жатқызсақшы 
Жатқызсаңдаршы 
Жатқызсайшы 
Жегіл 
Жегілсеқші 
Жегілсеңдерші 
Жегілсейші 
Атыстыр 
Атыстырсақшы 
Атыстырсаңдаршы 
Атыстырсайшы 
Шапқыла 
Шапқыласақшы Шапқыласаңдарші 
Шапқыласайшы 
Алыңқыра 
Алыңқырасақшы Алыңқырасаңдаршы Алыңқырасайшы 
Болымсыз түрлері 
Жекеше: 
1-ші жақ 
2-ші жақ 
3-ші жақ 
Жазба 
Жазбасамшы 
Жазбасаңшы 
Жазбасайшы 
Жылама 
Жыламасамшы 
Жыламасаңшы 
Жыламасайшы 
Күреспе 
Күреспесемші 
Күреспесеңші 
Күреспесейші 
Жуынба 
Жуынбасамшы 
Жуынбасаңшы 
Жуынбасайшы 
Қаздырма 
Қаздырмасамшы Қаздырмасаңшы 
Қаздырмасайшы 
Жатқызба 
Жатқызбасамшы Жатқызбасаңшы 
Жатқызбасайшы 
Жегілме 
Жегілмесемші 
Жегілмесеңші 
Жегілмесейші 
Атыстырма 
Атыстырмасамшы 
Атыстырмасаңшы 
Атыстырмасайшы 


95 
Шапқылама 
Шапқыламасамшы 
Шапқыламасаңшы 
Шапқыламасайшы 
Алыңқырама Алыңқырамасамшы 
Алыңқырамасаңшы 
Алыңқырамасайшы 
Көпше: 
Жазба 
Жазбасақшы 
Жазбасаңдаршы 
Жазбасайшы 
Жылама 
Жыламасақшы 
Жыламасаңдаршы 
Жыламасайшы 
Күреспе 
Күреспесекші 
Күреспесеңдерші 
Күреспесейші 
Жуынба 
Жуынбасақшы 
Жуынбасаңдаршы 
Жуынбасайшы 
Қаздырма 
Қаздырмасақшы 
Қаздырмасаңдаршы 
Қаздырмасайшы 
Жатқызба 
Жатқызбасақшы 
Жатқызбасаңдаршы 
Жатқызбасайшы 
Жегілме 
Жегілмесекші 
Жегілмесеңдерші 
Жегілмесейші 
Атыстырма 
Атыстырмасақшы 
Атыстырмасаңдаршы 
Атыстырмасайшы 
Шапқылама Шапқыламасақшы Шапқыламасаңдарші Шапқыламасайшы 
Алыңқырама Алыңқырамасақшы Алыңқырамасаңдаршы Алыңқырамасайшы 
Дағдыландыру. Осы үлгі бойынша һәр етістен сөздер алып, реніш 
райымен жіктеу. 
 
 Қалау рай 
Қалау рай дейміз – істі көңіл қалау, қаламауын көрсететін сөз түрін. 
Мәселен: барсам екен, бармасам екен; Айтсаң екен, айтпасаң екен; 
Білдірсе екен, білдірмесе екен деген сияқты сөздер қалау рай болады. 
Жаз, жыла, күрес, жуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шапқыла, алыңқыра 
деген сөздерді басқа райларда көрсеткен үлгі бойынша болымды- 
болымсыз түрлерде, жекеше, көпше, үш жақпен айтқызу. 
Дағдыландыру үшін һәр етістен сөздер алып жоғарғы үлгілер 
бойынша қалау раймен жіктету.
Сенімді рай 
Сенімді рай дейміз – істің іселу-істелмеуіне көңіл сеніп сөйлегенде 
айтылатын сөз түрін. Мәселен: алғаймын, алмағаймын, тұрғайсың, 
тұрмағайсың, болғай, болмағай деген сияқты сөздер сенімді рай болады: 
жаз, жыла, күрес, жуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шапқыла, алыңқыра деген 
сөздерді басқа райлардағы үлгі бойынша болымды - болымсыз түрлерінде 
жекеше, көпше, үш жақпен айтқызу. 
Дағдыландыру үшін һәр етістен сөздер алып, сол үлгілер бойынша 
қалау раймен жіктету.


96 
Сенімсіз рай 
 
Сенімсіз рай дейміз – істің болу – болмасына көңіл сенбегенін 
көрсететін сөздің түрін. Мәселен: Барар ма екем, бармас па екем; Көрер ме 
екенсің, көрмес пе екенсің; Жүрер ме екен, жүрмес пе екен деген сияқты 
сөздер сенімсіз рай болады. 
Жаз, жыла, күрес, жуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шапқыла, алыңқыра 
деген сөздерді басқа райлардағы үлгі бойынша болымды - болымсыз 
түрлерінде, жекеше, көпше, үш жақпен айтқызу. 
Дағдыландыру үшін һәр етістен сөздер алып, сол үлгілер бойынша 
сенімсіз раймен жіктету.
 Болжал рай 
Болжал рай дейміз – істі шартқа қарайлап болжалдағандағы сөздің 
түрін. Мәселен, оқыр едім (ақшам болса), ішер едің (су болса), барар еді 
(жалдаса) деген сияқты сөздер болжал рай болады. 
Жаз, жыла, күрес, жуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шапқыла, алыңқыра 
деген сөздерді басқа райлардағы үлгі бойынша болымды - болымсыз 
түрлерінде жекеше, көпше, үш жақпен айтқызу. 
Дағдыландыру үшін һәр етістен сөздер алып, алдыңғы үлгілер 
бойынша болжал раймен жіктету.
 Мұң рай 
Мұң рай дейміз – істерлік іске мұң болғанда айтылатын сөздің түрін. 
Мәселен, айтар ма едім, айтпас па едім, жүрер ме едің, жүрмес пе едің 
деген сияқты сөздер мұң рай болады. 
Жаз, жыла, күрес, жуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шапқыла, алыңқыра 
деген сөздерді басқа райлардағы үлгі бойынша болымды - болымсыз 
түрлерінде жекеше, көпше, үш жақпен айтқызу. 
Дағдыландыру үшін әр етістен сөздер алып, мұң раймен жіктету.
Көніс рай 
Көніс рай дейміз – іске көнгенде, мойындағанда айтылатын сөз 
түрін. Мәселен, кетемін – та, кетпеймін – та, барамын – та, бармайсың – 
та, көреді – та, көрмейді – та. 


97 
Ескерту. Көніс рай екінші түрлі де айтылады, мәселен, кетемін – 
тағы, кетпеймін тағы, кетесін – тағы, кетпейсін – тағы, кетпейді – тағы 
деген сөздер де көніс рай болады. 
Жаз, жыла, күрес, жуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шапқыла, алыңқыра 
деген сөздерді басқа райлардағы үлгі бойынша айтқызу. 
Дағдыландыру үшін әр етістен сөздер алып, алдыңғы үлгілер 
бойынша көніс раймен жіктету.
 Қайрау рай 
Қайрау рай дейміз – істі істеуге я істемеуге қайрай сөйлегендегі сөз 
түрін. Мәселен, барайыншы, бармайыншы, баршы, бармақшы, барсыншы, 
бармасыншы деген сияқты сөздер қайрау рай болады. 
Жаз, жыла, күрес, жуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шапқыла, алыңқыра 
деген сөздерді басқа райлардағы үлгі бойынша айтқызу. 
Дағдыландыру үшін әр етістен сөздер алып, жоғары үлгілер 
бойынша қайрау раймен жіктету.
Азалы рай 
Азалы рай дейміз – қайрау райын азамен айтылатын түрін. Мәселен, 
жүрсейші, жүрмесейші, қалсайшы, қаламасайшы, барсайшы, бармасайшы. 
Ескерту. Азалы райдың түріне жақын өтініштеу рай бар: Мәселен: 
барсана, тұрсана, жүрсана, қойсана, кетсана уа ғайри солай. Бұл рай бұрын 
айтылса да, бұл күнде тіпті айтылмайды десе де болар. Некен-саяқ 
бұрыңғы ертегілерде ғана келеді («Қара батыр» деген ертегіні қара). 
Жаз, жыла, күрес, жуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шапқыла, алыңқыра 
деген сөздерді басқа райлардағы үлгі бойынша азалы раймен айтқызу. 
Дағдыландыру үшін әр етістен сөздер алып, алдыңғы үлгілер 
бойынша азалы раймен жіктету.
Теріс рай 
Теріс рай дейміз – істелетін іске айтылатын сөз теріс түрін. Мәселен, 
барса игі едім, бармаса игі едім, алса игі едің, алмаса игі едің, жүрсе игі 
еді, жүрмесе игі еді деген сөздер теріс рай болады. 
Жаз, жыла, күрес, жуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шапқыла, алыңқыра 
деген сөздерді басқа райлардағы үлгі бойынша айтқызу. 
Дағдыландыру үшін әр етістен сөздер алып, алдағы үлгі бойынша 
теріс раймен жіктету. 


98 
Жай етістіктің өзгерісі осы көрсетілгенше. Көмекші етістіктердің 
кейбіреулері осы шақпен сөйлегенде жай етістіктің жіктелуінен өзгеше 
айтылады. Мұндай етістіктер төртеу-ақ: жүрмек, тұрмақ, отырмақ, 
жатпақ. Осы жақпен жіктеп, өзгеше түрде айтып қарайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет