ىي
һәм
ﯘ
Англия тілінде де бар, оларға өз алдына басқа
хәріптер алынбайды, неге десең, дауысты дабыстардың соңынан келетін
327
ىي
һәм
ﯘ
жарты дауысты болады деген, қағидалары бар» - дейді. Сол
қағиданы біздің тілімізге кіргізуге болады. Жарты дауысты
ىي
һәм «
ﯘ
»
үшін хәріп белгілеп, арнамаймыз, екі хәріп кемиді, осындай орныменен
айтқан ақылдан «етек-жеңімізді түріп қашпаймыз». Орынсыз айтылған
нәрсені, сіздің көзіңіз шатынағанымен, істемейміз. Мен ойлаймын
«бұдғалық-шырғалақ» деген сөзді оқыған соң-ақ, атыңыздың айылы
шабына кетіп яки ері бауырына түсіп, тулауменен болып, жайғасып
отырып ойланбадыңыз ғой деп. Я болмаса «жау келіп қалған екен» - деп,
атыңызға міне, найзаңызда ала, аяқтарыңыз салақтап, етектеріңіз
далақтап, шаптыңыз ғой, жалғыз мақсат – жауды мұқату да болып, бар
өнеріңізді соған жұмсадыңыз деймін.
Жау жоқ, найзаңызды тастаңыз! Жайғасып отырып мәслихат беріңіз!
Құрал сайлау керек дегенде, жауласудың құралы емес, оқудың құралын
айтамын, оқу құралын сайлау оңай емес. Сіз болып, біз болып, өнерімізді
осыған жұмсап, осы істі аяқтандырарлық. 28 хәріппенен жазып, бір-
бірімізді түсініп жүрміз ғой деген сөз, қазақтың балаңды оқыт дегенде:
«оқымай да өлмей, күн көріп жүрміз ғой» - деп, айтайын жауабы
сықылды. Жазуымызда тәртіпсіздік, кемшілік барлығын жалғыз мен емес,
басқалар де айтады. Еш кемшілік болмаса, ешкім сөз қылмас еді ғой.
Қазаққа «пәлен ет, түлен ет» деп, солар күн көре алмай жүргеннен
айтпаймыз, тіршілігенде кемшілік, ретсіздік болғаннан – түрлен, реттен,
дейміз ғой. Сондай кемшілік, ретсіздік жазуымызда да бар, оны реттеу,
жөндеу керек.
Жазуымыздың тәртіпсіздігі – оқу кітабын шығаралық десек,
алдымыздан көлденең келеді. Бала оқытсақ, оқуға оралғы болады.
Қазақша грамматика шығаралық десек, қадам бастырмайды. Сіз айтасыз –
осы 28 хәріппенен де оқу кітаптары таралып жатыр – деп, оныңыз рас.
Бірақ ол кітаптар да кемшілік бар ма, жоқ па? – педагогика, методикадан
хабары бар адамдар байқайтын шығар. Қысқасы мынау ғой: қытайша жазу
үйрену қиын дейді, сонда да оқып білдеі, бірақ қиын оқуменен оңай оқу
бір емес. Біріне уақыт көп кетеді һәм көп қиналады, біріне уақыт аз кетеді
һәм аз қиналады.
28 хәріппенен жазғанымыз жарамады-ақ болсын, соныменен
жазылып шығып жатқан кітаптар оқуға қолайлы-ақ болсын, сын, бірақ
жақсыданда жақсыны іздеу – алға басу. Ілгері басу керек емес – дейсіз, ә?
Тараққиының да негізгі мағанасы – жақсыдан да жақсыны іздеу емес пе?
Ауырды жеңілту, қиынды оңайлау емес пе? Бұл неше түрлі машина , от
кеме, от арба жақсыдан да жақсыны іздегеннен табылған. Жел кемесі
болса да, от кемені іздеген, ат арбасы болса да, от арбаны іздеген, енді көк
328
кемесін іздеп жатыр. Осының бәрі де жақсыдан да жақсыны іздеу, тариққи
жолы.
Қыңыр келмеңіз, мырза, түзу келіңіз Жазу түзету бірімізге емес,
бәрімізге керек нәрсе ғой, «битке өкпелеп, тонын жаққан» сықылды, бір-
екі хәріпті қазақ тілінен шығарғаныма өкпелеп, ғұмуми істен қол сілкіп,
безбеңіз! Жүк қасындағы «аққу, шортан, шаян» үшеуіне ұқсамалық!
329
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |