30
«дөп» деп те айтпасақ та көрінеді, бірақ қалай тигендігі көрінбейді. «Деп»
деген сөзді қосып айтсақ, қалай тигендігі көрінеді. «Ол әрі кетті», «Мен
бері келдім дегенде» дегенде «әрі», «бері» деген сөздерді айтпасақ та,
оның кеткендігі менің келгендігім көрініп тұр, бірақ оның қайда
кеткендігі, менің қайда келгендігім «әрі», «бері» деген сөздерді айтпасақ,
көрінбейді.
Сондай-ақ, «Бұрын адам аз, жер кең болған, енді адам көп, жер тар
болды». «Бұрын» деген сөзді айтпасақ та адам аз болғаны, жер қашан кең
болғаны көрінбейді. «Бұрын» деген сөзді қосып айтсақ, қашан
болғандығы да көрініп, сөздің мағанасы түгелденеді. «Енді деген сөзді
айтпай «адам көп, жер тар болды» десек те адам аз, жер тар болғандығы
көрінеді. Бірақ, қашан солай болғандығы көрінбейді. «Енді» деген сөзді
қосып айтсақ, адам қашан аз болғандығы, жер қашан
тар болғандығы анық
көрініп, сөздің мағынасы түгенделеді. Осындай сөз үстіне қосылып, сөздің
мағынасын толықтыратын сөздерді үстеу сөз дейміз.
Көбінесе сөз орнына басқа сөздер, яки басқа сөзден туынды үстеу
сөздер жүреді. Нағыз таза үстеу сөздер қазақ тілінде аз. Үстеу сөз де,
туынды үстеу сөз де, үстеу сөз орындағы басқа сөз де – бәрі сұраудан
білінеді. Қалай? Қашан? Қайда? деген сөздерге жауап болып айтылатын
сөздердің бәрі де, я үстеу сөз, я соның орнындағы төлеу сөз.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, үстеу сөздердің астын сызып
көрсетіңдер.
Кеше ыстық болды. Бүгін жаңбыр болып тұр. Былтыр қар ерте кетті,
биыл кеш кетті. Мана басым ауырып еді, осы кезде ауырғаны қойды.
Дүркін-дүркін ит үріп жатты.
Соңыра барып келермін. Баяғыда бір бай болған екен. Ат артынан
аулақ жүр. Нұрман кітапты жылдам оқып шықты, Бірман шабан оқиды.
Екі кісі ауыл сыртында оңаша сөйлесіп отыр екен. Ана кісі арман бара
жатыр. Мына кісі бермен келе жатыр. Анда-санда айтақтаған дауыс
естіледі. Екеуміз жүзбе-жүз сөйлестік. Осы сөзімді әдейі ауызма-ауыз
өзіне айт. Құс кеш келді. Екеуі далаға бірге шықты. Ауылға жаяу келіп,
жаяу жүрді. Бірге келіп, босқа кетті. «Бүгін ойнайын, ертең оқырмын» деп
жалқау бала айтады; «бүгін оқиын, ертең ойнармын» деп іскер бала
айтады.
Достарыңызбен бөлісу: