210
Жазу мәселесі
Ғ.Муси мырзаның сөзіне түгел жауап қайырмай, жалғыз-ақ
аяғындағы пікірінен қорытып шығарғанменен, айғақ жері турасында
сөйлеймін. Ол екеуміздің айырылатын жеріміз: ол у орнына
و
-ды алады
да, о үшін «
ؤ
»-ды алалық, иаки басқа бір белгі жасалық, мәселен,
و
-дың
құйрығын қайырып қойалық дейді. Мен у-дың орнына
ؤ
-ды аламын,
о-ның орнына
و
-ды аламын. Менің олай еткенім: о дыбысы қазақ сөзінде
анық толық дыбыс, ноғай тілінде біздің о дыбысы келетін жерлерімізге
толық у келеді, мысалы: біз
توا
(от) дейміз, ноғайлар
توا
(ут) дейді.
Біздер
قوت
(тоқ) дейміз, олар
قوت
(туқ) дейді. Бұл сөздерді осылай жазсақ,
біз өзімізше о етіп оқуымызға кемшілігі жоқ, ноғайлар өзінше у етіп
оқуына кемшілігі жоқ. У біздің қазақ сөзінде қысқа айтылады: біздің у
дыбысымыз келетін жерде ноғайларда да қысқа у келеді. Мысалы:
،روج
روت
ноғайлардың «Ақ жол» журналында қарасаңыз,
و
әм
ؤ
қаріптерін нақ
бізше жазып отыр; ол бірімізден-біріміз көріп алып отырған емес,
екеуімізді бір жерден шығарып отырған түрік тілінің табиғаты. Қысқасы,
о-ның орнына
و
-ды алып, у-дың орнына
ؤ
алғаннан қазақ тіліне келер
кемшілік жоқ. Қайта ноғаймен ереуіл келмеске пайдасы бар. Ереуіл
келмеске ықтималы бар жерде ереуіл келудің қажеті жоқ.
Бұл
ؤ
-дың Ғ.Муси мырзаға ұнамайтын жері:
و
үстіне үтір қойып
жату қиын дейді. Онысы онша дәледі сөз емес деймін, үйткені орыс
сөздері үшін
و
үстіне үш нүкте қойып
ؤ
ғып жазуды қиынсынбағанда,
қазақ сөзіне дегенде
و
үстіне бір үтір қойыу қанша қинар екен. Керек
болған соң
ج
-ды
چ
етуді,
ز
-ды
ژ
етуді,
ك
-ны
ڭ
етуді қиынсынбаған жол
бар емес пе? Солардан бұл қанша қиын?
2-ші айрылатын жеріміз: ы дыбысының қарпі сөздің басында,
ортасында қалмай жазылсын дейді. Мен ы дыбысының қаріпі
ى
болсын
да, ол сөздің айағында қалмай жазылсын, басқа орындарда ол
жазылмағанда, сөздің мағанасы бұзылып, кемшілік келерлік болса,
жазылсын деп едім. Оқуға кемшілік болмаса, сөздің мағанасына кемшілік
келмесе, жазуға жеңілдігі болса, ы дыбысының қаріпін жазбағанда не
залал көреміз деген ойым еді. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: