Ахмет Байтұрсынұлының «Әліб-би» (жаңа құрал) еңбегінің дидактикалық негіздері



Pdf көрінісі
Дата27.03.2017
өлшемі191,86 Kb.
#10516

 



Ахмет Байтұрсынұлының «Әліб-би» (жаңа құрал) еңбегінің дидактикалық 



негіздері 

 

Ахмет  Байтұрсынов  өзінің  барлық  саналы  өмірін  қазақ  қоғамында  білім 

ғылымның  дамуына,  мектеп  ағартушылық  ісіне  жанданып  кемелденуіне 

бағыштады.  Ол  ауыл  мектебінде,  семинарияларда  бала  оқытты,  оқу-тәрбие 

жұмысын  жетілдіру  саласында  көп  ізденді,  "Әліпби",  "Тіл  құрал"  атты  кітап- 

тары казақ тілінің табиғаты, өзгешелікгері, араб алфавитінің жайы, терминдер, 

қазақ тілін оқытудың әдістемесі туралы көптеген мақалалар жазуы 1926 жылы 

Бакуде  болған  түркологтардың  Бүкілодақтық  I  Съезіне  қатынасып,  бірнеше 

комиссия  жұмысын  басқаруы,  Қазақстан  оқу-ағарту  комиссариатындағы 

жұмысы  -  осының  бәрі  оның  қоғамдық,  мәдени,  ағартушылық,  ғалымдық 

қызметінің алуан түрлі қомақтылығын аңғартады. 

    Белгілі  түрколог  академик  А.Н.Кононовтың  Ахмет  Байтұрсыновты  көрнекті 

түркологтардың  қатарыңда  еске  алып,  оның  казақ  алфавитін  жүйелеу,  оқу 

құралдарын жасау, фонетика мен грамматика саласындағы қазақ мәдениеті мен 

әдебиеті туралы зерттеулерінің маңызы туралы жазуы да тектен-тек емес. 

А.Байтұрсынұлы    (5.IX.1872-  8.XII.1937)  XX  ғасырдың  жаңашыл  ғалым 

қайраткері.  Қазақ  әліппесі,  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  салаларындағы 

зерттеулермен  қатар  түркология  ғылымының  зерттелуіне де  айтарлықтай  үлес 

қосқан.    А.Байтұрсынұлы  1910  жылдан  бастап  қазақ  жазуының  ережелерімен 

айналыса  бастаған.  Осы  жылға  дейін  қазақ  халқының  қолданған  жазуы  араб 

графикасында  болатын.  Бірақ  араб  жазуын  сол  күйінде  алып  қолдану 

қолайсыздық  тудырған.  Осы  қиындықтардан  шығу  үшін  1912  жылдан  бастап 

А.Байтұрсынұлы  барлық  күш-жігерін  осы  бағытқа  жұмсап,  араб  графикасына 

негізделген,  қазақ  тілінің  дыбыстау  жүйесіне  сүйенген  жаңа  әліпби  шығарды.  

Оның  «Оқу  құралы.  Қазақша  Әліпбе»  атты  еңбегі    1912  жылы  Орынбор 

қаласындағы  М.Ш.Кәрімов  және  Ш.Хусейновтардың  баспа  үйінен  жарық 

көрген.  Еңбек  40  беттен  тұрады.  Осы  еңбек  1912-1925  жылдар  аралығында 

түрлі түзетулер енгізіліп, 7 рет жарыққа шыққан. Мектептерде осы кітап дәріс 

құралы ретінде пайдаланылған.   

Кейіннен А.Байтұрсынұлы 1926 жылы «Әліп-би (Жаңа құрал) атты жаңа 

еңбегін басып шығарды. Бұл әліппе осы күнде кеңінен қолданылатын «суретті 

әліппе» негізінде шығарылған. Еңбек 1926 жылы Қызылордан  116 беттік кітап 

болып жарық көрген. Кітапта  128 сурет қолданылған. 1927 жылы «Әліп-бидің 

(Жаңа  құрал)»  екінші  баспасын  Қызылорда,  Ташкент  қалаларындағы  баспа 

үйлері,  1928  жылы  үшінші  баспасын  Қызылорда  баспа  үйі  20  000  дана  етіп 

шығарған.  

А.Байтұрсынұлы  осы  аталмыш  еңбегінде  балаларға  арнап  арнайы 

өлеңдер,  жұмбақтар,  мақал  мәтелдер  таңдаған.  Кітаптың  алғашқы  бетінде 

«Қазақстанның  білім  орталығы  мектептерде  қолдануға  рұқсат  берген»  деген 

жазу бар. Екінші бетінде балаларға арналған мына жолдар кездеседі:  

 “Балалар! Бұл жол басы даналыққа 

Келіңдер түсіп байқап қаралық та! 

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп 


 

Соларды көре тұра қалалық ба? 



Даналық өшпес жарық, кетпес байлық 

Жүріңдер іздеп тауып алалық та”[1;2]. 

 

Осы  өлең  жолдары  Ыбырай  Алтынсариннің  «Кел,  балалар,  оқылық» 



өлеңімен  ұйқасып  жатқандай.  Екі  өлеңнің  де  мағынасы  білімге,  сөнбейтін 

жарыққа,  бітпейтін  байлыққа  жетелейді.  Кітап  әліппенің  танытылуынан 

басталады.  

Кітаптың үйрету әдісін екі бағытта алып қарауға болады:  

а) Әліппе және оқып үйрену әдісі.  

А.Байтұрсынов  кітапта  қазақ  әліппесінің  соңғы  нұсқасын  берген.  Кітапта 

арабша  жазуды  қолдана  отырып,  сөздердің  оқылуына  оңай  болғанымен, 

қазақша сөздердің оқылуын қиындадатын «усул-и техежжи» (әріптерді буынға 

бөліп оқып үйрену) әдісі емес, «усул-и сафти» әдісі (әріп пен сөздерді буынға 

бөлмей  оқу)  қолданылған.  Осылайша    А.Байтұрсынұлын  сол  жылдардағы 

«усул-и жадид» деп аталатын әдісті білім беру саласына қосып, білім алудағы 

жаңашыл көзқарасты қолдаған қайраткер ретінде көруге болады.  

 

Кітапты 


“а”,“р”,“з” 

 

әріптерінің 



таныстырылуымен 

бастаған 

А.Байтұрсынұлы  еңбегінде  ерекше  әдіс  қолданған.  “А”  әрпіннен  кейін  “р” 

әрпінің жазылуы осы күнде қолданылған әдістерден ерекше. Кітапта жазылған 

алғашқы мысал “ар” сөзі. Осы сөздің бірінші мысал болып жазылуында үлкен 

мән бар. Өйткені қазақтар амандасқан кезде «армысыз» сөзін қолданады. Осы 

сөз «ар» сөзімен тікелей байланысты.  

 

А.Байтұрсынұлы  әр  оқушының  үйрену  деңгейін  назарға  ала  отырып, 



әріптерді  үйрету  барысында  жаңылтпаштардан  мысалдар  келтіріп  отырған. 

Мысалы  «о»  әрпінен    кейін    “Зор  Ораз,  Ор  Ораз,Ораз  орар,  аз  орар”,  “т” 

әріпінен  кейін  “Астан  ас  асат.  Асаттар  ас  асатыр.  Асат,  аз  асат!  Сарт,  сазан 

тазарт”  т.б. [1;12]. 

 

А.Байтұрсынұлы  бұл  еңбегінде  негізінен  балаларға  таныс  сөз  бен 



сөйлемдерге,  мәтіндерге  орын  берген.  Осы  мәтіндерде  арабша,  парсы  және 

орыс тіліндегі сөздер қолданылмаған.     

б) Мәтіндер және мәнерлеп оқуды дамыту әдісі.  

 

Бұл  кітаптың  негізгі  ерекшеліктерінің  бірі-дидактикалық  мәтіндердің 



жинақталуы.  Осы  мәтіндер  оқушылардың  назарын  аудара  отырып,  олардың 

оқуға  деген  талпынысын  арттыра  түседі.  Әріптер  мен  мәтіндер  ретімен 

жазылғанда  ғана  оқушылардың  меңгеруі  жеңіл  болады.  Сонымен  қатар    білім 

берудегі  мағлұматтарды  аздан-  көпке,  белгіліден-  белгісізге,  оңайдан-  қиынға 

қарай ретімен берген.  Әдіскер М.Жұмабаев  Ахмет Байтұрсынұлы әліппесінің 

дыбыстық,  әдіспен  құралғанына  сілтей  келе:  "Бұл  әлифба  бойынша  қалай  хат 

танудың  жолы  Ахмет  Байтұрсыновтың  "Баяншы"  һәм  "Әлифба  астары"  деген 

кітаптарында  көрсетілген.  Мұғалімдер  соларды  жолбасшы  қылсын",-  деп 

жазады [2;53]. Бұл  әдіскер А.Байтұрсынұлының еңбегіне берілген баға. 

 

Осыншалықты қызықты әрі тартымды, мағыналы тақырыптардың кітапта 



орын  алуы,  шүбәсіз,  оқушылардың  зейінін  өзіне  баурап  алары  хақ.  Сонымен 

қатар мәтіндер тақырыптарының алуан түрлілігі және әр мәтіннің балалардың 

өз  ортасында  қалай  жүріп  тұру  керектігін  үйретіп  отыруы  бұл  оқулықтың 


 

дидактикалық  маңызын  арттыра  түскендігі  сөзсіз.  Бұл  еңбегі  арқылы  



А.Байтұрсынұлы  әліппені  және  сөздерді  дәстүрлі  «буынға  бөліп  оқу  арқылы» 

емес, «дыбысталуына қарай оқу» дәстүрін Қазақстанға алғаш енгізген болатын.  

Еңбектегі  мәтіндер,  мақал-мәтелдер,  жұмбақтар,  ойындар  және  суреттер  бір-

бірімен тығыз байланыста болып, балалардың түрлі сезу мүшелеріне  әсер ету 

арқылы олардың білім алуын  жеңілдеткен. Сол жылдарда алғашқы рет шыққан 

суретті  әліпби    барлық  мектептерде  қолданылып,  балалардың  оқуға  деген 

сүйіспеншілігін арттырған.   

Ғасыр  басында  ұлттық  сананы  қалыптастыру  мәселелері  А.Байтұрсынов 

атымен  байланысты  болса,  ал  ғасыр  соңыңда  да  көтерілген  мәселелер  оның 

армандарымен астасып жатқандай. Ғалым аңсаған, ұлтына аманат еткен ғылым 

әлемі  -  тіл  мәселесі  адамның  рухани  байлығы,  салауатты  өмір  сүру,  ұлттар 

достығы бүгінгі күні де өзекті тақырыптардың бірі. Сол кезеңде Ахмет өмірінің 

мәні болған мәселе - жан-жақты дамыған, әлемдік деңгейдегі білімді меңгерген, 

тәрбиелі  де  саналы  азамат  қалыптастыру  бүгінгі  күннің  де  міңдеті.  Мұны 

жандандыруда ағартушының артына қалдырған мол мұрасы таптырмас тәрбие 

құралы. 


 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер: 



 

1.

 



Байтұрсынұлы А. Әліб-би” (Жаңа Құрал).- Қызылорда:ҚазМемБас, 1926.-

37б. 


2.

 

Ыбыраймов  К.  A.Байтұрсынұлының  Оқу  құралы.  Қазақша  Әлифба. 



еңбегіндегі  фонологиялық  және  әдістемелік  мәселелер//  Ахметтану 

тағылымдары.- Алматы: Ғылым, 1998.- 178б. 

3.

 

Қыдыршев  А.  Ахмет  Байтұрсынұлы  әңгімелері  туралы//  Ахметтану 



тағылымдары. - Алматы: Ғылым, 1998.- 178б. 

 

Камалатдин Айзат Аббасқызы Қорқыт ата атындағы Қызылорда 



мемлекеттік университетінің магистранты 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет