«Ахмет Байтұрсынұлының ұлағатты ісі –ұлтқа тағылым»



бет1/2
Дата05.03.2023
өлшемі287,28 Kb.
#71736
  1   2
Байланысты:
ТУСУПОВА Т.Б АХМЕТ ДОКЛАД 2023Ж


«Ахмет Байтұрсынұлының ұлағатты ісі –ұлтқа тағылым» тақырыбындағы конференцияға қатысуға өтінім



Педагог қызметкердің Т.Ә.А толық жазылады

Жұмыс орнының толық атауы,қызметі

Мақаланың тақырыбы

Бағыты

Байланыс телефоны

Тусупова Торгын Бекеновна

Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласының білім бөлімінің №1 жалпы білім беретін мектебі,қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі

Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын оқытудағы сандық технологиялар

Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер

87059793701



АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДАҒЫ САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Тусупова Торгын Бекеновна
Ұлытау облысы білім басқармасының
Жезқазған қаласының білім бөлімінің
1 жалпы білім беретін мектебі,
қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі

Қазақ халқының ұлттық санасын оятуда , оқу-ағарту саласында аянбай еңбек етіп, Алаш кезеңінің тұтас дәуірлік болмыстағы бағытын тануда қазақтың рухани және саяси көсемі болған Ахмет Байтұрсынұлының орны ерекше деуге болады. Ахмет халқын тәуелсіздікке жеткізу жолында күресе білді. Ахмет Байтұрсынұлы өз өмір сүрген дәуірінде туған тілдің, туған мәдениетінің басында тұрды. Ол туған тілдің әдеби нормасын жасады. Орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем шығарманың аударма саласын байытуға мол үлес қосты. Байтұрсынұлы тілші - ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты , өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы қаншама мақалалар жазды. Бір сөзбен айтқанда, Ахмет бар ғұмырын қазаққа арнады.


Қазақтың ақыны , әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын жас ұрпаққа қалай танытып, оқытып жүрміз деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Ахметті қай қырынан танытсақ та кейінгі ұрпаққа қалдырып кеткен баға жетпес мұраларын жаңа заман тұрғысынан бағалап ,сыни баға беру міндетіміз боп саналады. Ахметтің ақындығы бір бөлек дүние. Бүгінде орта мектеп бағдарламаларында Ахмет шығармалары аз қамтылған . Ахмет шығармаларының тақырыбы – оқу - білім ,еңбек , қазақ халқының мінезі мен болмысын сынау, қоғамдағы әділетсіздікті жою, анаға деген сағыныш ,туған жерге деген сүйіспеншілік идеясымен тұтасып жатады.
5-сынып қазақ әдебиеті пәнін оқытуда ақынның екі шығармасы« Егіннің бастары» мысалы мен « Адамдық диқаншысы» өлеңі енгізілген. Оқушыларға екі шығармасын оқытуда сабақта бірнеше тиімді әдіс –тәсілдерді пайдаландым. Сабақтың әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау,көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу,әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау, кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау сияқты мақсаттарына сай оқушыны сабақтың мақсатына жетуіне жетелейтін әдістерді ала отырып, сандық құралдар арқылы жүргіздім. Жалпы , оқу үрдісінде сандық технологиялардың түрлерін сабақтың басында не соңында шағын элементтерін қолдану – оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызады әрі уақытты үнемді пайдалануға көмектеседі.Сандық технологиялар – заманауи білім берудің сапалы тетігі .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет