АХМЕТ
БАЙТҰРСЫНОВ - ОҚЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
Ахмет Байтұрсынов жасаған тұңғыш қазақ әліпбиі
Ахмет Байтұрсынұлы араб таңбаларын қазақ тілінің заңдылықтарына бейімдей
отырып,тұңғыш әліпбиін жасады.Себебі,әркімнің тіліне еріп,адасып жүрген
жұртына «Қазақ әліпбиін» тайға таңба басқандай жасап берді.Қазақ елін
сауаттандыруда тарихи рөл атқарған.Араб графикасына бейімделіп,бар
болғаны 28 әріптен тұратын бұл әліпби әдістемелік оқулығымен бірге 1912-
жылы елдің қолына тиіп,ауылда балалардың сауатын ашу үшін сол жылдан
бастап қолданыла бастады.Аталмыш оқулықта оқыту әдісі көрсетілгендіктен бір
жағынан оқытушыларғада жеңіл болды,екінші жағынан оқушы балалар бір
жылда хат тану мүмкіндігіне ие болды.Бұл оқулық 1912-1925 жылдар
аралығында жеті рет басылып,оқу-ағартушылық салада біраз уақыт
қолданылады.Әліппеде дыбыс пен әріпті оқыту дидактиканың «жеңілден қиынға
қарай»қағидасы бойынша жеке сөздерді оқытудан басталады да кейін қысқа-
қысқа мәтіндер алынады.Ал жеке сөздер алынғанда,екі дыбыстан тұратын
қысқа,жеңіл сөздерден басталып,бірте-бірте
күрделенеді.Мысалы,бал,бала,балалар,ас,аса,асар т.б.Бұл қағида оқушының
оқуды,жазуды,сөйлеуді тез үйренуін қамтамасыз ету,оқыту үрдісін жеңілдету
жолдарын іздеуден шыққан.
Ахмет екі сөзден тұратын сөйлеммен жаттығулар беріп,оларды түрлендіріп,тіпті
жаңылтпашқа айналдыру сияқты тапсырмалар арқылы бала тілін дамытудың
түрлі әдістерін қолданған.Олар күрделене келе мәтіндерге айналған.Ол өте кіші
мәтіннен басталып,ары қарай күрделене береді.Ахмет Байтұрсынұлы
әдістемесінде аз дыбыстан тұратын сөзден бастау,жаттығудыаз
сөйлемнен,мәтінді өте шағын түрінен бастау,оларды біртіндеп қана
кеңейту,күрделендіру тәсілі айрықша орын алады.
Ахмет Байтұрсынұлы «Оқу құралының» алғашқы бетін балаларға арналған
өлең жолдарынан бастайды.
Балалар!Бұл жол басы даналыққа
Келіңдер,түсіп,байқап қаралық та!
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық-өшпес жарық,кетпес байлық,
Жүріңдер,іздеп тауып алалық та!
Осы өлең жолдарын оқи отырып Ахмет Байтұрсынұлы сауат ашуға
шақыратындығы көрініп тұр.Жасаған істерінің барлығы болашақ жас ұрпақтарға
қалдырған үлкен ерең еңбегі десек қателеспейміз.Ол сонымен бірге-қазақ тілі
грамматикасын яғни,фонетикасын,морфологиясын,синтаксисін және
терминологиясын жүйелі түрде ғылыми түзеген.Қазақтың дыбыс жүйесін,сөз
жүйесін,сөйлем жүйесін,терминологиясын толық зерттеп,қазақ тілі
грамматикасының негізін салды.Ахмет Байтұрсыновтың лингвистика
саласындағы бұл ғылыми еңбектерін кезінде Орта Азия,бүкіл түрік әлемі
мойындап,қолдап және Ахаңның лингвистика саласындағы зор жетістіктерін
өздерінің грамматикасында пайдаланды.Сондай-ақ қазақ тілінің шамын
жағып,тіл заңдылықтары мен грамматикасының негізін қалап кеткен Ахметтің
үш бөлімнен тұратын «Тіл құрал» атты үлкен оқулығында алғаш рет
фонетика,морфология,синтаксис ұғымдарына кеңінен талдаулар берілген.
Әліпби – тек сауат ашу ғана емес,ғылым-білім үйренудің баспалдағы.Мұхтар
Әуезовше айтсақ, Ақаң ашқан қазақ мектебінің ұстанымы қазақ баласын ана
тілінде сауатын аштырып қана қоймай,оның танымдық талғамын қазақша
қалыптастыру болған.Өйткені,сол
тұстағы оқыған
,сауатты жандардың басым
көпшілігінің тілі не татарша,не орысша шыққаны және сол тілдермен өз тілін
араластырып, «қойыртпақ тіл»жасағаны тарихтан белгілі.Сондықтан да
ағартушы қазақ ұлтының табиғи қалпын сақтау мақсатында,кемшіліктерді
болдыртпау үшін өзінің білім беру жүйесінде ана тілмен оқыту тәсілін ұстанды.
Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерінде оқушылардың сөз байлығын молайту
мәселесі арнайы сөз барысында,оқушылардың сөздік қорын жетілдіруге
арнайы бірнеше жұмыстарды жүргізгені байқалды.
Ә.Садуақасовтың: «Адамды бір-бірімен қоғамдастыратын басты құрал –тіл
болып табылады» -, деген.
Бастауыш сыныптарда балаға тілдің фонетикалық құбылыстары,лексикалық
ерекшеліктері,грамматикалық заңдылықтары үйретіледі.Мұнда мұғалімдердің
алдында екі міндет тұрады.Бірі – оқушыға сөздің дұрыс айтылуы мен дұрыс
жазылуын үйрету.Екіншісі – сөздік қорын молайту,оларды дұрыс қолдану.
2.2. Ахмет Байтұрсыновтың этнопедагогика жөніндегі көзқарасы
Ахмет Байтұрсынов бүкіл саналы қазақ қоғамында білім-ғылымның
дамуына,ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағытталды.Ол оқу
тәрбие жұмысын жетілдіру саласында өзіндік өшпес ізін қалдыра білді.
«Әліпби», «Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш»,т.б. оқу құралдарын жазып,қазақ
тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселелерін зерттеу ісімен
айналысты.Ахмет Байтұрсынов өзінің ұстазы ұлы Абай салған жолмен орыс
әдебиетінің мысалшыл классигі И.А.Крыловтың туындыларын аударып, «Қырық
мысал» деген атпен 1909 жылы Петерборда бастырып шығарып,оқулық ретінде
ұсынды.Аудару кезінде ол белгілі ағартушылық мақсат көздеді.
Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық ой пікірлері 1911-1915 жылдары шыққан
«Айқап» журналы мен 1913-1917 жылдары Орынборда шыққан «Қазақ»
газетінде жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастады.Ол туған
халқының ғылым-білімге ұмтылуын,әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім
алуын аңсады. «Адамға тіл,құлақ қандай керек болса,бастауыш мектепте
үйренетін білім сондай керек» - , деп жазды ол.Бірақ осындай білім беретін
ауыл мектебінің сол кездегі хал күйі оның қабырғасына қатты батты.
Ахмет Байтұрсынов қазан төңкерісіне дейін ауыл мектебінің кемшіліктерін де
дұрыс көрсете білді. «Бұлардың кемшілігі сол,-деді ол-бала оқыту ғылымын
меңгергендер оқығандар ішінде кем болады.Дыбысты жақсы білмей тұрып,төте
жолымен жақсылап бала оқытуға болмайды.Дыбыспен жаттықтырудың оқуды,
жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін я білмегендіктен,я білсе де істеп
көрмегендіктен - тәжірбиесіздік».Осылайша оқытудың әдістемелік мәселесін
қазақ топырағында тұңғыш рет сөз еткен де Байтұрсынов болды.
Ахмет 1912 жылы тұңғыш қазақша сауаттандыратын «Оқу құралын» жазды.Бұл
оқулықтың фонетикаға арналған 1-ші бөлімі «Тіл құралы» деген атпен алғаш
рет 1915 жылы жарық көрді.2-ші бөлімі 1914 жылы,ал синтаксиске арналған 3-
ші бөлімі 1916 жылы басылып шығып,1928 жылға дейін әлденеше рет
басылып,пайдаланылып келді.
«Тіл құралы»-қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соңғы құбылыс еді.Оның
қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екенін оқулықтың кіріспесінде автор
арнайы атап өтеді.Ол осы оқулықта қазақ грамматикасына қатысты-қатысты
категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдер ұсынды.Күні бүгінге
дейін қолданылып жүрген зат есім, сын есім,сан есім,етістік,бастауыш, т.б.сан
алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы Ахмет
Байтұрсыновтікі.Оқулықтың тағы бір құндылығы-қазақ грамматикасының басты
салалары:фонетика-дыбыс туралы ғылым,морфология-сөз құрамын зерттейтін
ғылым,ал синтаксис-сөйлем құрылысын зерттейтін ғылым деп,тұңғыш рет қазақ
тіл білімін ғылыми зердемен саралап берді.Ол қолданбалы грамматиканы да
жазып, «Тіл жұмсату»деген атпен екі бөлімді кітап етіп ұсынып,1928жылы
Қызылордада шығарған.
Ахмет Байтұрсынов қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің теориялық мәселелерін
қарастырумен бірге,ол пәндерді оқыту әдістемесінің де іргетасын қалаушы
болды.
Ол балаларға жылдам хат таныту үшін дыбысты ажырататын жаттықтырудың
әдіс тәсілдерін терең қарастырады.Сауаттылықтың негізі-жазуға
жаттықтыру
деп қарады
,сауаттылықты оқу мұқтаждығы емес,жазу мұқтаждығы
тудырған.Жаза білуге үйрету әдісі,оқи білуге де үйрету әдісі болады.Жазу
дегеніміз-әріптердің суретін салу,ал оқу дегеніміз-суреті салынған әріптердің
дыбысын айту.Балалар дыбысты ажыратып үйренген соң,сол дыбыстың
таңбасы-әріпті көрсету керек.Оны меңгергеннен кейін оқу,жазу жұмыстарының
бәріне сол тіреу болады.Жазу да,оқу да бір істеліп қана қоятын іс
емес,мектепке күнде керек болса, күнде іске асырылатын жұмыс.Сондықтан
мектептен шыққанша жазу мен оқуға балалар төселмек түгілі барған сайын
қайсысын болса да,өнерге айналдырып,әдістемелеп жазуға,безендіріп оқуға
төселіп алады.Көркем жазу мен мәнерлеп оқу дегендер жазу ісі мен оқу ісінің
жетілдірілген түрі деген қорытынды жасайды.
Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынов 1927 жылы «Жаңа мектеп» журналының №11,12
сандарында «Жалқылау және жалпылау әдістері» деген көлемді мақала
жазды.Ахмет өзінің «Баяншы» деген атпен тілді оқытудың методикасына
арналған әдістемелік құралында,мұғалімдерге «Әліппені» оқытудың,сауат
ашудың әдістерін ғылыми тұрғыда көрсетіп берді.
Ол оқытудың білімдік-танымдық жағымен бірге,тәлімгерлік жағына да баса
көңіл бөлді.Оның жазған «Әдебиет танытқыш» атты оқулығы көркемсөз өнерінің
қисыны әдебиет теориясының негізін тыңнан тұңғыш салған,жүздеген әдеби
білімдік терминдерді негіздеді.Мысалы:көрнекөнері,сымбат өнері,айтыс,кескін
өнері,саз өнері,т.б. тұңғыш тілімізге енгізген аса құнды ғылыми еңбек
болды.Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ ауылында мектеп ашу,оқушыларды
оқулықпен қамтамасыз ету,мұғалім кадрларын даярлау істері шешуін таппаған
аса күрделі мәселелердің бірі болатын.Ахмет Байтұрсынов бұл мәселелерге де
ерекше көңіл бөліп,оны шешудің жолын көрсетіп берді. «Қазақ байлары
өркениетті елдердің байлары сияқтыұлт намысын қорғап,оқулық
шығарушыларға бәйге жарияласын.Бәйге берілетін кітаптарды бір-екі рет ақы
иесі бастырып шығарып,ақшасын өндіріп алатын болсын» - , деді.
Ахмет мұғалімдерге педучилищелерді ашып,арнаулы оқу орындары арқылы
даярлаудың тиімділігін айта келеді де,ондай оқу орындарының әзірге қазақ
даласында жоқтығын ескеріп,орыс мектептерін,не қазақ медреселерін бітірген
жастардың талаптарын таңдап алып,мұғалімдік жұмысқа қоса пайдаланайық
деген ұсыныс жасады.Олардың білімін жетілдіру мақсатында жаз айларында
бір-екі айлық қысқа мерзімді курстар ашуға ұсыныс жасайды.
Қазақ халқының асыл азаматтарының бірі және бірегейі,ХХ ғасырдың бас
кезіндегі демократтық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі,ең
беделді,көшбасшы-көсемі Ахмет Байтұрсыновтың қазақ ғылымы мен
мәдениетіне,оның ішінде ұлттық педагогика мен оқу ағарту ісіне сіңірген
өлшеусіз мол еңбегін Мұхтар Әуезовше бағаласақ,көптеген қан жылаған
еңбегі,өнер-білім,оқу ағарту,саясат жолындағы қажымас қайраты тарих
ұмытпас істер болмақ.
2.3.Ахмет Байтұрсынов мұраларының ғылыми бағамдалуы
Ахмет Байтұрсынов патша мен Кеңестер үкіметі тұсында да қоғамдық және
мемлекеттік қайраткер деңгейінде қызметтер атқарған тұлға.Сондай-ақ ол
шығарма адамы-ақын,жазушы,журналист,композитор.
Шығармашыл болған
адам
,өз еңбегінің қоғамда қандай деңгейде бағаланғанын білгісі келетіні
рас.Бұл заңдылық.Өз еңбегінің нәтижесін көрмейде талай дарындылар өмірден
өтті.Ал,Ахмет Байтұрсынов халық үшін істеген
қызметтерінің,шығармашылығының бағасын өзінің елу жылдық мерей тойы
Ташкентте,Орынборда аталып өткен кезде,қазақ елінің басында жүрген
мемлекет және әдебиет қайраткерлерінің аузынан естіп,баспасөз беттерінен
оқыды.Той кезінде айтылған бағалы,құнды пікірлер осыған дейін орыс
патшалығы тұсында екі рет сотталып,Кеңес үкіметі тұсында өкімет
басындағылардан психологиялық қысым көріп келе жатқан Ахаңның мерейін
көтерді.Сонда С.Сейфуллин «Оқығандардың арасынан шыққан,өз заманында
патша арам, қулықты атарман-шабармандарының қорлығына,мазағына түскен
халықтың намысын жыртып дауысын шығарған кісі...Қалай болсадажазушысы
азғана,әдебиеті нашар қазақ жарлыларына оқу-тіл құралдарымен қылған
қызметі таудай» - , деген.Мұхтар Әуезов пен Смағұл Садуақасовта Ахаңның
халқына сіңірген қызметтеріне жоғары деңгейде баға берді.Бұл 1922-1923
жылдың арасы еді. «Ол кезде ауылдағы есі кірген баладан бастап,еңкейген
кәріге дейін Ахметтің есімін білуші еді» -,деп айтып отыратын үлкендер.Олай
дейтіні,ол уақытта қыстық қант-шәйін қамдау үшін шыққан
базаршылар,ауқаттылар мен саудагерлер қалаға барғанда, Ахаңның «Қырық
мысалын», «Масасын», «Әліпбиін» алып қайтады екен.Кешке отбасында
ағайындар жиналған кезде немесе ораза кезіндегі ауызашарда үй ақсақалы
сауатты балалардың біріне Ахаңның мысалдарын, «Ер Сайынын»
оқытып,жиналғандар керемет рухани рахаттанысып қалады екен.Үлкендері
«Осының бәрін қалай білген»деп,мәз болып бастарын
шайқасады.Мысалдардың мәнін түсінгендері «Данышпан екен,ә»-,деп
таңданысады. «Елу жылда ел жаңа,жүз жылда қазан»- , деп айтушы еді
данышпан қазақ,сол «қазанымыз» осы бізідң заманымыз шығар.Ахмет
Байтұсынов есімі халқымен қайта қауышты.Оның артында қалған орасан зор
мұрасы халқына таусылмас қазына.Ұлы тұлғаның әліде ашылмай,көрінбей
жатқан қырларын зерттеу ғалымдардың міндеті.Жиырмасыншы жылдардың бас
кезінде Ахаңның еңбектері туралы ең алғаш ғылыми пікір жазғандар-
М.Дулатұлы,Шонанұлы,І.Омаров.
... Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы,ішкі
мазмұны,жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын
алады...Ахмет Байтұрсыновтың арқасында санасыз түрде болмаса да шын
мәнінде орыстана және татарлана бастағанқазақзиялыларының бір тобы дереу
есін жиып,өз ағаттықтарын түсіне бастады...
Міржақып Дулатов
Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық
қозғалысы жетекшілерінің бірі,мемлекет қайраткері,ақын,публицист,қазақ тіл
білімі мен әдебиетттану ғылымдарының негізін салушы ғалым,ұлттық жазудың
реформаторы,ағартушы.Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл
ақсақалдарынан бата алып,азан шақырып атын қойған.Әкесінің інісі Ерғазы
Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді.Оны1891 жылы
бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі.1895-1909 жылы
Ақтөбе,Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде
оқытушы,Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін
атқарады.Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұспа тұс
келеді.1905 жылы
Қоянды жәрменкесіндежазылып
,14500 адам қол қойған
Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы
болды.Қарқаралы петициясында жергілікті басқару,сот,халыққа білім беру
істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу,ар-ождан
бостандығы,дін ұстану еркіндігі,баспахана ашуға рұқсат беру,күні өткен Дала
ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері
көтерілді.Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді
тоқтату талап етілген болатын.Сол кезден бастап жандармдық бақылауға
алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1шілдеде губернатор Тройницкийдің
бұйрығымен тұтқындалып,Семей түрмесіне жабылды.Ресесй ІІМ-нің Ерекше
Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсыновты қазақ облыстарынан тыс жерге
жер-аудару жөнінде шешім қабылданды.Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы
Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп,1917 жылдың соңына дейін сонда
тұрды.Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің
аса құнарлы шағы болды.Ол осы қалада 1913-1918 жылы өзінің ең жақын
сенімді достары Ә.Бөкейханов,М.Дулатовпен бірігіп,сондай-ақ қалың қазақ
зиялыларының қолдауына сүйеніп,тұңғыш жалпы ұлттық «Қазақ» газетін
шығарып тұрды.Газет қазақ халқын өнер,білімді игеруге
шақырды.Байтұрсыновтың Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей үкіметінің
қатаң жандармдық бақылауында болды.Ол «Қазаққа» жабылған негізсіз жала
салдарынан абақтыға отырып шықты.Байтұрсынұлы Алаш партиясы
бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды.Байтұрсынов пен
Дулатов қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру-жүзаралық алауыздыққа
байланысты Алаш Орда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды,бірақ
олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде
болғандығын замандастары жақсы біліп,мойындады.Алаш Орда құрамын
бекіткен 2 жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып,оның төрағасы етіп
Байтұрсыновты бекітті.1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай
облысының бөлімінің мүшесі болды.Байтұрсыновтың ықпалымен сәуірде
Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі
жарияланды.Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде «патшалардың төрінде
отырғаннан,социалистердің босағасында өлгенім артық»-, деген пікірде
болды.1920 жылы В.И.Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы
қадамын қатал сынға алған хатын жолдады.Қазревком шекарасының қалыптасу
ісіне белсенді түрде араласты.Бүкілресейлік ОАК-нің 1919жылы 27 тамызда
Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы шешіміне қарсы
Байтұрсыновтың жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына
қайтаруға негіз болды.Ол 1920 жылы тамызда құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің
құрамына еніп, 1920-1921 жылы Қазақ АКСР-і халық ағарту комиссары
қызметінде болды. 1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы
Академиялық орталықтың 1922-1925 жылы Халық ағарту комиссариаты
ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамның төрағасы болып
қызмет атқарды.Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса жүріп,
сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да
қол үзбеген.1921-1925 жылы Орынборда, 1926-1928 жылы Ташкенттегі Қазақ
халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы
пәндерінен сабақ берді.1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогикалық
институтының ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына
профессор қызметіне ауысты.1929 жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысы
қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына
қарай тергеу үшін Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді.1931 жылы
қаңтарда 10 жылға концлагерьге ауыстырылса,1932 жылы қарашада 3 жылға
Архангельскіге жер аударылсын деп ұйғарылды.1933 жылы мамырда
денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты қалған мерзімді Батыс Сібірде
айдауда жүрген отбасымен бірге өткізуге рұқсат берілді.1934 жылы
М.Горькийдің жұбайы Е.П.Пашкованың көмегімен Байтұрсынұлы отбасымен
мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады.Бұл жерде тұрақты жұмысқа
қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарады.1937
жылы 8 қазанда тағыда қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда
атылды.Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсыновтың алғашқы кітабы –
«Қырық мысал» 1909 жылы жарық көрді.Ол бұл еңбегінде Ресей
отаршылдарының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап,
тұспалдап жеткізді.Байтұрсынұлы мысал жанрының қызықты формасы, ұғымды
идеясы, уытты тілі арқылы әлеуметтік сананың оянуына ықпал етті.Ақынның
азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген
атпен жеке кітап болып 1911 жылы жарық көрді. «Масаның» негізгі идеялық
қазығы жұртшылықты оқуға,
өнер-білімге шақыру
, мәдениетті уағыздау, еңбек
етуге үндеу.Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты
кемшіліктерден арылуға шақырды.Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін
жаңарта отырып, Байтұрсынұлы 20 ғасырдың басында қазақ әдебиетін
төңкерісшіл-демократтық дәрежеге көтерді.Сондай-ақ Байтұрсынұлы қазақ
тіліне А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Ф.Вольтер, С.Я.Надсон өлеңдерін
аударды.Бұл аудармалар Байтұрсыновтың тақырыпты, идеялық-көркемдік
деңгейі жоғары туындылар.
Ел тағдырының келешегіне алаңдаулы ақын көп қырлы ісімен,даналық
саясатымен қазақ жастарының рухани көсемі болды.Байтұрсыновтың
«Қазақтың бас ақыны» - ,деген көлемді мақаласы-әдебиеттану ғылымындағы
алғашқы зерттеу еңбектердің бірі.Мақалада ұлы ақын Абайдың тарихи
миссиясы,рухани болмысы,өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі
маңызы,көркемдік-эстетик.сипаты баяндалды.Ол Абай өлеңдерінің даралығын,
сөзі аз,мағынасы көп,тереңдігін,сыншылдығын ұғындырды.Байтұрсыновтың
Абайдың ақындық шеберлігі,поэзияға деген көзқарасы туралы ғылыми
тұжырымдары қазақ әдебиеттану ғылымында жалғасын тапты.Оның «Әдебиет
танытқыш» деген зерттеуі 1926 жылы қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми-
теориялық еңбек.Байтұрсынұлы әдебиет тарихына,теориясы мен
сынына,методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп,қазақ
әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады.Халық тілінің бай қоры көзінен
мағынасы терең,ұғымдық аясы кең сөздерді термин етіп алып,соның негізінде
қазақ әдебиетінің барлық жанрлық формаларын топтап,жіктеп
берді.Мысалы,сөз өнері шығарма,ауыз әдебиеті,толғау,т.б.ғылыми-теориялық
еңбекке қазақ әдебиетінің ең бейнелі,мазмұны мен мағынасы терең
шығармаларын мысал ретінде пайдаланды.Сөз өнері жайында жазылған
әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін пайдалана отырып,әдебиеттанудағы
ұғым,термин,категориялардың соңы ұлттық үлгілерін
жасады.Мысалы,меңзеу,теңеу,ауыстыру,кейіптеу,әсірелеу,алмастыру,шендесті
ру,үдету,түйдектеу,кескіндеу,т.б. «Әдебиет танытқышта» ақындық дарын
табиғаты,шығарма,психологиясы,шабыт стихиясына ғылыми тұжырым
берілді.Өлеңге жан-жақты зерттеу жасап,шумақ,тармақ,бунақ,буын,ұйқас,т.б.
ұғымдарға анықтама берді.Байтұрсынұлы қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін
ғылыми негізде топтап берген. «Әдебиет танытқыш»-сан-салалы әдебиет
табиғатын жан-жақты ашып,талдап-түсіндірген,ғылыми зерттеді.Байтұрсынов
«Әдебиет танытқышымен»қазақ әдебиеттану ғылымының негізін
салды.Сондай-ақ ол-әдебиет тарихының мұрасын,ауызәдебиеті үлгілерін
жинаған зерттеуші ғалым.Көркемдігі айрықша «Ер Сайын»жыры мен қазақ
тарихының төрт жүз жылын қамтитын «23 жоқтау»жинағын кітап етіп
шығарды.Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Ахмет Байтұрсынұлы
«әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса,оның адасып
кететіндігін»айтты.Байтұрсынұлы-қазақ кәсіби журналистикасын
қалыптастырған ірі қайраткер.Ол қазақ халқына,зиялы қауымға газеттің
қоғамдық қызметін ұғындырып,баспасөздің
өркениетті
,тәуелсіз елге аса қажет
нәрсе екенін жанкешті іс-әрекетімен көрсетті.Байтұрсынұлы ұйымдастырып,бас
редактор болған «Қазақ» газеті қоғамдық ойға ірі қозғалыс,рухани санаға
сілкініс әкелді. «Қазақ» газеті халықтың рухын сергіткен ірі құбылысқа
айналды.Байтұрсынұлы-әлеуметтік мәселелерге,қоғамдық ой-пікірге ықпал
жасаған публицист.Оның мақалалары ғылыми байыптауымен,өткір ойларымен
сол кезеңнің шындығынан хабар береді.Абайдың қоғам өмірінің демократтық
құрылысытуралы ойларын дамытып,саяси-әлеуметтік жағдай,оқу-
ағарту,халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы мәселелерді қозғады.Қазақ
зиялыларының жан-жақты білімдар әрі саяси күресте шыңдалған легін
қалыптастыруда.Байтұрсыновтың публицист,баспасөз ұйымдастырушы
ретіндегі еңбегі ұшан-теңіз.Ол-қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби
жасап,жаңа үлгі ұсынған реформатор.
Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы
негізінде жасалды.Ол қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде араб
жазуындағы әліпбидің қажеттілігін,құндылығын жан-жақты тұжырыммен
дәлелдеген ғылыми баяндама жасады.Бұл әліпби ұлттық жазудың
қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады.Ол халыққа ғылым-
білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей,білім беру ісін жолға қоюға
күш салды.Орыс,татар мектептерінен оқып шыққан ұлт мамандарының өз тілін
қолданудағы кемшіліктерін көріп: «Әр жұрттың түрінде,тұтынған
жолында,мінезінде қандай басқалық болса,тілінде де сондай басқалық
болады.Біздің жасынан не орысша,не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің
жүйесін,қисынын нағыз қазақшаға келтіріп жаза алмайды не жазса да
қиындықпен жазады,себебі,жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық»-, деп
жазды.Байтұрсыновтың «Оқу құралы»-қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің
бірі.Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп,1925 жылға дейін
бірнеше рет қайта басылды. «Оқу құралы» қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі
күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады.Байтұрсынұлы қазақ тілінің
тазалығын сақтау үшін қам қылды.Өзі жазған «Өмірбаянында», «...Орынборға
келгеннен кейін,ең алдымен,қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық
құрылысын зерттеуге кірістім;одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке
салып,жеңілдету жолында жұмыс істедім,үшіншіден,қазақтың жазба тілін бөтен
тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға,синтаксистік құрылысын
өзгетілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім;төртіншіден,қазақ прозасын
жасанды кітаби сипаттан арылтып,халықтық сөйлеу тәжірбиесіне ыңғайластыру
үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым»-,деген.Байтұрсынов
қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде
үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды.Оның үш бөлімнен тұратын «Тіл – құрал»
атты оқулығының фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы,морфологияға
арналған бөлімі 1914 жылы,синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді.
«Тіл – құрал»-қазақ тілінің тұңғыш оқулығы.Оқулық қазіргі қазақ тілі
оқулықтарының негізі болып қаланды. «Тіл – құрал» қазақ тіл білімінің тарау-
тарау салаларының құрылымын жүйелеп,ғылыми негізін салған зерттеу.Оның
тілдік ұғымдарға берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі,дәлдігі қазіргі
ғылым үшін өте маңызды.Ол тұңғыш төл граммат терминдерді
қалыптастырды.Сондай-ақ Байтұрсынов практикалық құрал ретінде «Тіл
жұмсар»,мұғалімдерге арналған «Баяншы»деген әдістемелік кітаптар
жазды.Ол-қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым-
ағартушы.Байтұрсынұлы оқулығындағы тілдік категорияларды ұғындыру
мақсатында енгізген «сынау», «дағдыландыру» деген арнайы бөлімдер қазіргі
заманғы әдістеме ғалымы үшін де өз маңызын жойған жоқ.Байтұрсыновтың
ақын, аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз
дәуірінде зор бағаға ие болды.Әуезов Ахмет туралы «Ақаңның елу жылдық
тойы» деген мақаласында «...Кешегі күндерге дейін бәріміз жетегінде
келгенбіз.Қаламынан туған өсиеті, үлгісі әлі есімізден кеткен жоқ.Патша
заманындағы үкіметтік әр зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға салған пікірі
... әлі күнге дейін үйреніп қалған бесігіміздей көзімізге жылы ұшырайды» деп
жазды. «Әдебиет энциклопедиясында» Байтұрсынұлы тұлғасына «аса көрнекті
қазақ ақыны, журналисі және педагогі.Ол қазақ тілі емлесінің реформаторы
және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы»-, деген ғылыми әділ баға
берілді.
Ахмет Байтұрсынов әдебиет майданындағы есімі әр жас ұрпақ жүрегінде.Ахмет
мұрасы тарихтағы орны ғалымдық,ақындық,публицистік,қайраткерлік істері аса
жоғары бағаланған.Өз уақытының аласапыран құбылыстарын бағалау болашақ
алыс өрістерді көруге келгенде алмағайыл ағыстарға малтығып,қалың тұманда
адаспай Ахмет Байтұрсынұлының әуелгі тарихтағы орнына тоқталып өткен
жөн.Ақан
ашқан қазақ мектебі
,Ақан түрлеген ана тілі,ақан салған әдебиеттегі
елшілдік ұраны, «Қырық мысал», «Маса», еңбегі, «Қазақ газетінің»
1916жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі,өнер-білім,саясат
жолындағы қажымаған қайраты,біз ұмытқанда да,тарих ұмытпайтын істер
болатын.Оны жұрттың бәрі де біледі.Бұның шындығына ешкім дауласпайды
деп ұлы данышпанымыз Абай есімін бар әлемге таныстырған Мұхтар
Омарханұлы Әуезов айтқан болатын.Ахмет атамыздың тарихтағы
орнын,әлеуметтік-қоғамдық істерін,дүниетанымдағы кейбір қайшылықтарын өз
кезінде дұрыс көрсетіп әділін айтқан адамдардың бірі-Сәкен Сейфуллин.Ол
«Еңбекші қазақ» газетіндегі өз мақаласында былай деген екен:«Ахмет
Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес,оқыған кісі.Оқығандардың арасынан шыққан
өз заманында патша арам қулықты атарман-шабармандарының
қорлығына,мазағына түскен халықтың намысын жыртып,дауысын шығарған
кісі.Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде,қорлыққа шыдап,құлдыққа көніп
ұйқы басқан қалың қазақтың ұлтнамысын жыртып,ұлттың арын жоқтаған патша
заманында жалғыз-ақ Ахмет еді.Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары
губернатор,соттарға күшінсатып,тілмаш болып,арларын сатып,ұлықтық істеп
жүргенде,Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай,қызметтерін қылды.Қалай болса да
жазушысы аз ғана,әдебиетті нашар қазақ жарлыларына оқу хәм тіл
құралдарымен қылған қызметі таудай».
Ахмет Байтұрсынұлының қазақша әліппе жасауы,араб жазуына кіргізген
реформасы,қазақ тілі білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау
мүмкіндігімен сабақтастырып,өз топырағымыздан тауып,оларға тұңғыш
анықтама бергені,дыбыс жүйесін,сөз жүйесін,сөйлем жүйесін қалыптастырып
шығарған ұлы еңбегі өз кезегінде де айтылған болатын. «Ахметтің Қазан
төңкерісіне дейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегісіңді.Қазақ мектебі,қазақ
тілі сықылды орындарда оның еңбегі мол.Әр тілдің айдауында жүрген қазақ
балаларына қазақ тілінен кітап жазған,қазақ тілінің негізін жасап,қазақ
мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет.Ахметтің бұл тарихи еңбегі
бағаланбай қалмақ емес.Мұны пролетариат та бағалайды.»-, деп жазды Сәбит
Мұқанов.Хаббас Тоғжанов пікірі де осымен сабақтас: «Бір кезде сары маса
болып ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі,сөзін оқып
сүйсінеді».
Ірі ғалым-тілші,әдебиет зерттеуші,дарынды ақын-аудармашы Ахмет
Байтұрсынұлының есімі бүгінгі таңда әр жас ұрпақ жүрегінде жатталып,мәңгі
есте қалары хақ.
Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған.Онда ол
еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп,
жұртшылықты оқуға,
білім-ғылымға
, рухани биіктікке, адамгершілікке,
мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-
отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған
шенеуніктердің опасыздығын сынады.
Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909
жылы Санкт-Петербургте жарық көрді.Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан
қараңғы елге жар салып,олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын,білімін
жұмсайды.Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын айтайын деген
түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-
тіршілігіне,мінезіне,психологиясына сәйкес қосып отырған.
Байтұрсынұлының екінші кітабы – «Маса».Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын
қараңғылық,надандық,шаруаға енжарлық,кәсіпке марғаулық сияқты
кемшіліктерді сынады.Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен
үндес болды.Ол Шоқан,Абай,Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді,гуманистік
бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді.Қоршаған
ортаға ойлана,сын көзімен қарайды,қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ
салты», «Қазақ қалпы», «Досыма хат», «Жиған терген»т.б.өлеңдерінің мазмұны
осыны танытады.Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек,сөз орамы қазақ поэзиясына
тән өзіндік жаңалық,ерекше өзгеріс әкелді.
2.4. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910
жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кірісті.
Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі
бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық
сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол
үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша
таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады,қазақ тілінің жуанды-жіңішкелі үндестік
заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан
тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың
ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады.
Сөйтіп,оқу-ағарту идеясына сол кезеңдегі интелегенциясы жаппай мойын
бұрды.Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып,сауатын ашуды,ол әрекетті
«Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. «Тіл құрал» тек мектеп
оқулықтарының басы емес,қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды,қазіргі
қазақ тілі атты ғылым саласының іргетасы болып қаланды.Жалпы қазақ тіл
білімін қалыптастырып,зерттеп,танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынов
«Оқу құралы»мен «Тіл құралдарының»орны айрықша.Қазақ тіл білімінің ана
тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі-ғылымының осы
саласының терминдерін жасауы.Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты
категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды.Осы күні қолданылып
жүрген зат есім,сын
есім,етістік,есімдік,одағай,үстеу,шылау,бастауыш,баяндауыш,жай
сөйлем,құрмалас сөйлем,қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық
атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі.Бұлар не бұрынғы қарапайым
сөздің мағынасын жаңғырту арқылы,не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы
дүниеге келген сөздер,сәтті шыққан атаулар екенін олардың күні бүгінге дейін
қолданылып келе жатқандығы.
Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы зор
еңбек сіңірді.Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп оның «Қазақ»
газетінің 1913 жылы шыққан «Қазақтың бас ақыны»деген көлемді мақаласын
атауға болады.Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі үлкен
тұлға екені,өмірбаяны,шығармаларының мазмұнтереңдігі,ақындық
шеберлігі,поэтикасы,орыс әдебиеттерімен байланысы
туралы ойлы пікірлер
айтылған
,ақын мұрасының эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған.Қазақтың
эпостық жыры «Ер Сайында» алғы сөз бен түсініктемелер жазды.,
Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы
жүйелеп,сұрыптап,1926 жылы «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп
жарияланды.Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет
тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі-«Әдебиет танытқыш».Мұнда көркем
сөз өнерінің табиғаты,сыры,мазмұны,ерекшеліктері,жанрлары жаңа
терминдер,ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер,тұжырымдар сөз болды.Бұл
еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиетімен жазба әдебиетінің
әлеуметтік,қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік,эстетикалық
әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген.Сондай-ақ мұнда жазба
әдебиеттегі ағымдар,әдістер туралы ой-түйіндер айтылған.Кітаптың бірінші
бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы»деп аталады да,онда көркем сөздің толып жатқан
қыры мен сыры,тараулар мен тармақтар,тіл әуезділігінің қыруар шарттары,
өлең айшықтары сөз етіледі.
Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара
сөз табиғаты,оның тараулары-шежіре,заман,хат,өмірбаян,байымдау әдістері-
пән,сын,шешен сөз,әңгіме,романға сипаттама береді.
Байтұрсынұлы Еуропа жұртындағы сындар әдебиетінің бай тәжірибесін
меңгеруге бет алушылық,қазақ көркем сөз ізденістерінде сәкестік,үйлесімділік
тапқанын айтады.Байтұрсынұлы әдебиет зерттеушісі ретінде қазақ әдебиетінің
даму процесін жеке дара бөліп қарамай,барлық халықтар әдебиетіне ортақ
сипаттармен ұштастыра талдауға тырысады.
Байтұрсынұлының жырауларының мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын
көреміз.Сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілерін 15-17 ғасырлардағы жыраулар
поэзиясының біразы ақын назарына іліккен.Асан Қайғы,Нысанбай
жырау,Наурызбай,Шортанбай,Досжан,Шернияз т.б. ақын-жазушылар
шығармаларынан үзінділер бар.
Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы-көркем аударма.Ол
орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып,көркем қазынаның бұл
саласын байытуға үлес қосты.И.А.Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне
аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып
бастырды.И.И.Хемницердің «Ат пен есек»,А.С.Пушкиннің «Балықшы мен
балық», «Алтын әтеш», «Данышпан Аликтің ажалы»шығармаларын қазақ тіліне
аударды.
Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты,өзгешеліктері,араб
әліпбиінің жайы, терминдер,қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар
жазды.
1926 жылы Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1-съезіне қатысып,
«Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама
жасады.Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш
жұмсады.Осы мақсатта «Оқу құралы», «Тіл құралы» ересектердің сауатын
ашуға арнап «Әліпби», «Жаңа әліпби» атты оқулықтар мен тың еңбектер
ұсынды.Қазақ грамматикасына қатысты категориялардыңәрқайсысына қазақша
ғылыми термин жасап,морфологиялық тұлға-тәсілдерді жаңаша талдау,жаңаша
анықтамалар берді.Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің
типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін
ұстады.
Байтұрсынұлы қазақ тілі білімін 20 ғасырдың бас кезінде қалыптастырып,оның
ірге тасын қалады.Араб графикасына негізделген қазақ жазуының
реформаторы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |