Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық ғұмырнамасы


Міржақып Дулатов поэзиясындағы идеялық-көркемдік ізденістер



бет7/14
Дата29.09.2023
өлшемі70,51 Kb.
#111628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
19 ғасыр 204 (копия)

Міржақып Дулатов поэзиясындағы идеялық-көркемдік ізденістер.

Міржақыптың “Қиял”, “Шəкірт”, “Сағыну”, “Елім-ай”, “Потанин- ге”, “Алашқа”, “Жаңа тілек”, “Қайда едің” т.б. өлең-жырлары алғаш “Қазақта” – жарияланып, қалың елге сол арқылы тарады. Əдебиет əлеміне Ахметке ілесе келген Міржақып туған халқының адал ұлы,
294

өткір тілді ақыны болды. Сондықтан да оның шығармалары өзінің шіншіл шырайымен, өзекті тақырыптарды қозғаған өзіндік көзқарас, өрен жүйрік ойларымен елді жаңа қырларға бастады. Қос жинаққа енген Міржақып өлеңдерінің тақырып ауқымы кең. Жоғарыда айтқанымыздай “Қиял”, “Сағыну”, тəрізді өлеңдері ақынның ішкі сезіміне құрылса, “Жұт” қазақ жұртының ауыр тағдырын арқау етіп, өмір тұрмыс шындығын бейнелейді. Бұл өлеңде ақын доңыз жылғы қыстан “Сан байлар жүген ұстап” қалған қиындықты айта келіп, елді еңбекке, қам-қарекет қылуға шақырады. Сол ауыр жылғы жұтты құр ғана суреттеп қоймай, оның себеп-салдарына үңіліп, сы- рын ашуға тырысады.


Жаз туса, бейқам едің қыс жетпестей, Қызық түн бастан, сірə, һеш өтпестей, “Жаратқан құдай артық халықпыз” деп, Қолыңнан төрт түлік мал бір кетпестей, –
деп, жұт себебін табиғаттың дүлей күшімен бірге “Сақтанбай, салақ өскен жалқау жұрттың” бейқамдығынан көреді. Сөйтіп, кəсіпсіз жұрттың күн көруінің қиын екенін ескертіп, оқырманға замана тұрқының өзгермелілігін аңғартады. Əрине, Міржақып жырларының өз кезінде насихаттық қызмет атқарғанын жоққа шығара алмаймыз. Ақын өмір сүрген дəуір қисыны осыны қажет етеді.
М. Дулатовтың “Елім-ай”, “Алашқа” атты зар заманның мұңына толы өлеңдері – ұлтының тағдырын ойлап теңселген ақынның азаматтық ащы зары.
“Елім-ай” бұрынғы “Елім-ай” сарыны емес, сыртқы жымысқы жау мен ішкі озбырлардың əрекетінен азып-тозған, ішкі ділінен айырылып, тоз-тоз болып боздаған елдің зары. Ащы да удай өткір сөздердің астарында зор үміт, мол сенім бар.
Қамқор ақын қамсыз-күйсіз ел үшін қанша күйінсе де, уытты сөзбен түйресе де сол елден туған өзіне, өзі секілді азаматтарға сенім артады.
Сондықтан да ақын халқының отаршылдық отына қарылып тұрған уақыттағы күйзелген күйіне қабырғасы қайыса отырып, ертеңгі күнге үмітпен қарап, болашаққа иек артады:
Сол күнің көрсем – менің арманым,
Жоқтамас ем, өзге тілек қалғанын.
Ақынның “Алашқа” атты өлеңі – сұрау-арнау үлгісімен жазылған ұзақ толғау. 1916 жылдың дүбірлеріне енді аяқ басқалы тұрған халықтың ішкі арпалысын, шарасынан асқан ашу-ызаның екпінін аңғарған ақын іштей толқып, сан тарау сұраққа жауап іздейді. “Көк майса, жерің қайдадан” басталатын көп сұраққа ақын былай деп жа- уап қайтарады:
Қой бағып, қасқыр қашан опа қылған? Көре бер өз бетіңмен күніңді өлмес. Қайраған қолдан келмес, іске əуре боп, Қорлыққа, тілімді алсаң, болма кездес?
Ақын бүгінде бұрынғы күнінен, өткен жолынан жаңылған жұртының қиын жағдайына жаны күйзеле отыра, оның арандап қалмауын тілейді. Ақынның бұл қаупі алдын болжаған көрегендікке ұласты. 1916 жылы жалаңданған карательный отряд ақ-қарасын айырып жатпастан, халықты қылышымен турап, қазақты қанға бөктірді.
Міржақып өлеңдері замана түрленуіне орай, белгілі бір мақсат- мəнге ие болып отырады. Бұның бір мысалы – 1917 жылы ақ-қызыл боп айқасып, замана мың құбылған аумалы-төкпелі кезеңде, қазақ тізгінін кім ұстарын білмей дағдарған тұста, көктен түскендей көп көсем пайда болған уақытта жазылған “Қайда едің?”. Кешегі елі үшін еңбек етіп, етегімен су кешкен ерлерді бұлаңдаған түлкі за- ман шетке қағып, жік-жікке бөлініп адасқан жұртты бір тозақтан екіншіге итермелеген ендігі “қамқорлардың” шын бет пердесін ашуға үміт қылған өлең еді бұл.
Кешегі қара күндерде,
Жұлдызсыз, айсыз түндерде,
Жол табылмай сенделіп,
Адасып алаш жүргенде,
Бұл күнгі көп көсемдер
Сұраймын сонда қайда едің?
Жеті шумақтан тұратын бұл өлеңінің шумақ соңынан қайталанып отыратын сұрақтардың мəні тереңде. Олардың жауабы қазақ тарихының белді-белді кезеңдерін қамтиды. Ел басына күн туған кезде елінен екі елі ажырамай, көретінін бірге көріп, қапастан шығар жол іздеп шарқ ұрған өз тобы бүгінде жалалы болып, аласта- лып жатса, жазықсыз жаланы көре тұрып, ақында ашынбасқа шара барма?!
Енді бүгін кім жаман? Данышпан емес, кім надан? Қамқор емес, кім жауыз? Жомарт емес, кім сараң? Көсем емес, кім жалтаң? Шешен емес жоқ адам, Бəрі білгіш, бəрі де ер, Жеткіздің алла тағалам.
Ақын өлеңі – адамдар арасындағы жай бақастық, өзара айты- сты арқау етпеген, саяси астары кең, əлеуметтік мағынасы терең дүние. Міржақып сөзін арнаған “Көсемдердің”, “Шешендердің”, “Данышпандардың” кімдер екенін оның кейінгі бір тұста жазылған мақаласынан тап басып танимыз. “Сарыарқа” газетінде “Мадияр” бүркеншік есімімен жарияланған “Кім қас, кім дос” атты мақалада: “Кешегі қаралы патша заманында бірі шоқынып миссионер болып, бірі сатылып жандарм мекемесіне тыңшы болып, бірі елді алдап, жол тосып, жолаушы тонап соғылғандар” (1918, No31) деп оларды бір сəт бас-басына атап өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет