Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет40/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

қатынастарға негiз болады.
Сұрақ. Бiз философия мәселесiне ойысып кеткен жоқпыз ба? 
Жауап. Ғылымдардың арасына шекара қоюдың өзi шартты нәрсе. 
Сондай-ақ, ең алғашқы әңгiмемiздiң барысында қазiргi таңда сала-салаға 
тармақталып жатқан ғылым атаулының қадым замандардағы түп-тамырының 
ортақтығына өзiмiз де шола көз жүгiртiп өткен болатынбыз. Бұлардың әдiс-
тәсiлдерi, құралдары әр түрлi болғанымен, түп мақсаты – адам игiлiгiне 
қызмет ету. Сол себептi адам танымына қызмет етушi ғылымдар қай кезде де 
бiр-бiрiмен тығыз байланыста, бiрiн-бiрi толықтыру арқылы дамитынын 
естен шығаруға болмайды. Сондықтан алдағы әңгiмелер барысында бiз де 
қажеттi тұстарда филологиядан өзге ғылым тұжырымдарына, дәлел-
дәйектерiне ден қойып отыратынымыз, сүйенетiнiмiз анық. 
Сұрақ. Әңгiме желiсiне оралар болсақ, менiң түйгенiм мынау: “Қандай 
да бiр қоғам болу үшiн адамдарды өзара байланыстыратын әрекет болуы 
қажет. Сан қилы әрекеттерден қоғамдық қатынастар пайда болады”. Ендеше, 
қоғамдық қатынастар дегенiмiз қандай қатынастар? 
Жауап. Қоғамдық қатынастар деп адамдар арасындағы практикалық 
және рухани әрекеттер нәтижесiнде қалыптасатын қатынастарды айтамыз. 
Материалдық игiлiктердi өндiру адамдардың тiрлiк етуiн қамтамасыз етсе
рухани игiлiктердi өндiру адам дүниетанымының қалыптасып, жетiлуiне 
қызмет етедi. Әрине, материалдық игiлiктердi өндiру, яғни материалдық 
өндiрiс, бiрiншi кезекте тұратыны түсiнiктi. Алайда, бұған қарап, адамдар 
әрекетiнiң түп нәтижесi болып табылатын материалдық және рухани 
өндiрiстердi бiрiнен-бiрiн бөле қарауға болмайды. Себебi – қоғам осы 
өндiрiстердiң ұштаса дамуы арқылы жетiлiп отырады. Ал, қоғам дамуының 
басты тенденциясы – адамдар әрекетiнiң қоғамдық сипаты мен 
жаңарушылық ролiн күшейту; қоғамдық қатынастарды жетiлдiру; қоғамның 
ұйымшылдық деңгейiн арттыру болып табылады. Бұл тұрғыда адамдар 
арасындағы әрекеттерден туындайтын маңызды мәселелердiң бiрi – рухани 


41 
өндiрiс. Рухани өндiрiс дегенiмiз – идея, бiлiм, ұғым-түсiнiк, көркемдiк 
құндылықтар, т.б. байланысты ұғым. Рухани-танымдық әрекеттер 
нәтижесiнде пайда болатын рухани өндiрiске тарихилық сипат тән. Өйткенi, 
рухани өндiрiске тән танымдық және шығармашылық әрекеттер дәстүр 
сабақтастығымен тығыз байланысты. Қандай да бiр шығармашылық дүние 
өткеннiң мұрасын қабылдай отырып, оны жаңаша бағалай отырып, дамыту 
арқылы жасалады. Бұл орайда рухани өндiрiстiң жетекшi буындарының 
қатарында ғылым мен өнер тұратынын ерекше атау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет