55
өткеннiң өзiнде, аталмыш ұғым ой иелерiнiң сан ұрпағын толғандырған
көкейкестi мәселе болғандығын аңғара аламыз.
“Өнердiң халықтығы” жайындағы мәселе айқын концепция ретiнде
алғаш
Дж.Вико, Ж.Ж.Руссо еңбектерiнде көрiнiп,
ағылшын және немiс
iлкiромантиктерiнде қалыптаса бастады да, И.Г.Гердердiң эстетикалық
iлiмiнде, әсiресе, немiс романтиктерiнде жан-жақты қарастырылды.
Гердер “халықтық жыр” ұғымын енгiзiп, оны кең ауқымда – ”халықтық
шығармашылық” деңгейiнде түсiндiрдi. “Жырлардағы халық даусы” (1807)
жинағын құрастырғанда ол халықтық жырлар қатарына ертедегi және өз
тұсындағы өлең-жырларымен қоса, авторлық өлеңдердi де (олардың
арасында И.В.Гете өлеңдерi де бар) кiргiздi. Бұл арқылы ол халықтық поэзия
мен “жоғарғы өнердiң” табиғаты бiрлiгiн көрсетуге ұмтылды.
Романтиктер (негiзiнен, немiс әдебиетiндегi ағайынды А. және
Ф.Шлегельдер, Л.Арним, К.Брентано, әсiресе, ағайынды Я. және
В.Гриммдер) халықтық мәдениетпен етене жақындасу шеңберiн ұлғайта
түстi. Романтиктер
“поэзияның бастау көзi – миф, кейiннен
содан өрбiген
фольклор, яғни ұжымдық рухы айқын танылатын, нақты иесi беймәлiм
халықтық шығармашылық” деген танымға негiзделген
мифологиялық
мектеп құрды. Романтиктердегi “халықтық” ұғымы “рух пен фольклор
поэтикасына бағдар ұстау, халық дамуының белгiлi
бiр сатысында өнердiң
даралығын баса көрсету, өнердегi ұлт рухының көрiнiсi” деген түйiнге саяды.
Дегенмен кейбiр романтиктер табиғи жаратылысты ойдан шығарылған
өнерге қарсы қойып, өнердiң кәсiби маңызын төмендеткен тұстары да бар.
XIX ғасырдың ортасына қарай халықтықтың екiншi аспектiсi аса бiр
өзектi мәселеге айналды. Бұл кезеңде өнердiң халықтығы ұғымы көркем
туындының тереңдiгi, ондағы идеялар мен образдардың қоғамдық сана
дамуындағы, бүкiл ұлттың өмiрiн танудағы
мән-маңызын айқындайтын
өлшем болып танылды. Сонымен бiр уақытта аталмыш ұғым халыққа қарай
бет бұра бастады, яғни “халықтық” ұғымы бұқара халықтың мүддесi мен
идеясының өнерде бейнелену өлшемi болды.
Орыс әдебиетi мен сынында
әдебиеттiң халықтығы туралы мәселе
Пушкин дәуiрiнен (XIX ғасыр) бастап кеңiнен көтерiлдi. Әдебиеттiң
халықтығының ұстанымдары алғаш рет О.М.Сомовтың “Романтикалық
поэзия жайында” (1823), П.А.Вяземскийдiң ”Баспагер мен классик
арасындағы әңгiме”(1824) мақалаларында ортаға салынды.
Бұл екеуi де
“халықтықты” ұлттық ерекшелiкке, яғни әдет-ғұрып, дәстүр, тiл, т.с.с.
адалдық деп түсiндiрдi. А.С.Пушкиннiң өзi “халықтықтың ұлы белгiлерiн”
У.Шекспир,
Лопе
де
Вега,
П.Кальдерон,
Л.Ариосто,
Ж.Расин
шығармаларынан тауып, “халықтықты” қандай да бiр халыққа ғана тән
ұлттық болмыс-бiтiмнен, яғни аталмыш ұлтқа тән ой-санадан, сезiмнен, әдет-
ғұрып, салт-дәстүрден, т.с.с. өрбiттi. Өздерiне дейiнгi пiкiрлерде, көбiнесе,
шығармаларда халық
тұрмысының ерекшелiктерiн, ұлттық киiмiн, салт-
дәстүрiн суреттеу деген мағынада түсiндiрiлiп келген “халықтық” ұғымын