60
сезiмдердi бейнелеумен ғана шектелетiн немесе ой-сезiмнен құралақандығын
пiшiндiк әшекейлеулермен жасыруға ұмтылған идеясыз туындылар
әдебиетке жүктелген көркемдiк, тарихи мiндеттердi шешуге қашан да
қабiлетсiз болмақ.
Әдебиеттiң идеялылығы және оның қаламгердiң тәрбиелеушiлiк
сипаттағы ұлы парызын жүзеге асырудағы маңызы жайында сөз еткен кезде
көркемдiк ойлаудың өзiндiк ерекшелiктерiн әркез есте сақтау қажет. Себебi –
образды ойлау ерекшелiктерiн бiлмейiнше, әдебиеттiң идеялылығы
мәселесiнiң күрделiлiгiн дұрыс түсiну мүмкiн емес.
Идеялық бағыттылықтың жақсы немесе жаман болуы тек қана мазмұнға
(iлгерiшiл немесе керiтартпа, реакциялық сияқты) қатысты емес, сонымен
қатар бейнелеу пiшiнi (формасы) арқылы да анықталады. Көркем
туындылардағы идеялар сөз арқылы тiкелей берiлмей, негiзiнен, көркем
образдар арқылы жанама түрде көрiнетiндiктен, олар көзге ұрып тұрмайды,
туындының өне бойында тұтас күйiнде, шығармадағы тiлдiк-бейнелiк
образдар байланысы арқылы ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: