63
қабыспайтын нәрселердiң сипаттарын өз бойына үйлесiмдi түрде жинақтай
алады.
Сонымен көркем образ бойында танымдық және шығармашылық
сипаттардың органикалық тұтас күйде ұштасып келетiнiн аңғардық. Келесi
сөз
образдың құрылымы жайында.
Көркем образ болмысына тән ерекшелiктердiң бiрi ретiнде оның
шындық өмiрдегi мағыналары мүлде қабыспайтын әрқилы кереғар
құбылыстардың өздерiн бiр-бiрiмен байланыстырып, сол арқылы оларға жаңа
қасиет дарыта алатын сипатын көрсетуге болады. Образда бiр зат басқа бiр
зат арқылы айқындалады, яғни бiр зат немесе құбылыс екiншi бiр затқа
немесе құбылысқа тән қасиеттi иемденедi. Соның нәтижесiнде бiрiншi
заттың (құбылыстың) жаңа бiр қыры ашылады. Бұл орайда образ белгiсiздi
белгiлi арқылы немесе керiсiнше, белгiлiнi белгiсiз арқылы түсiндiруге
негiзделгендiктен, нақты заттың қабылдануын қиындатуы да, жеңiлдетуi де
ықтимал. Мысалы,”Жас жүрек жайып саусағын…”
Образдың мақсаты – затқа жаңа сипат дарыту, нақты бiр заттық ұғымды
жаңа бiр ұғымға айналдыру. Қалай болғанда да образдың мақсаты сөздiң ең
жоғарғы қуатын игеру, өмiрдiң алуан көрiнiстерiнiң өзара ұқсастығын,
тұтастығын, байланыстылығын ашып көрсету болып табылады.
Түйiндей келгенде, образ дегенiмiз не?
1.
“Образ – эстетикалық мәнi бар, ойдан шығару арқылы әрi нақты әрi
жинақты жасалған адам өмiрiнiң әсем суретi” (Л.И.Тимофеев. Основы теории
литературы.).
2.
“…көркемөнерде, соның iшiнде әдеби шығармада жинақталған
түрде суреттелетiн өмiр құбылысының нақтылы көрiнiс-қалпы, кейiпкердiң
көркем ой елегiнен өткiзiлiп, қорытындылап жасалған тұлға-бейнесi. Көркем
образда екi түрлi ерекшелiк – жинақтау, … және даралау … iштей астасып,
қабысып жатады.” (З.Ахметов. Әдебиеттану. Терминдер сөздiгi.)
Образға берiлген түрлi анықтамаларды, жоғарыда айтылған пiкiрлердi
ескере отырып, сөз түйiнiнде төмендегiдей қорытынды жасауға болады:
Достарыңызбен бөлісу: