Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Тақырып, проблема, идея жайындағы пiкiрiмiздi нақтылай  түссек…  Жауап



Pdf көрінісі
бет71/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Тақырып, проблема, идея жайындағы пiкiрiмiздi нақтылай 
түссек… 
Жауап. Көркем шығарманың тақырыбы авторлық суреттеудiң өзегiне 
алынып, шығармада көрiнiс тапқан ақиқат болмыстағы заттардың, 
құбылыстардың, оқиғалардың жиынтығы болып табылады. Әрбiр көркем 
туындыда, әдетте, бiр ғана тақырып көтерiлмей, өзара байланысты бiрнеше 
тақырыптардың тұтас жүйесi (тематика) көрiнедi. 
Әдеби туындыны неғұрлым айқын түсiну үшiн оның мазмұнын 
белгiлейтiн өмiрлiк өткiр қарама-қайшылықтарға, яғни суреткердiң өзiне де, 
оның кейiпкерлерiне де сюжеттiк әрекеттер барысында шешуге тура келетiн 
проблемаларға үңiлу керек. 
Көркемдiк бейнелеудiң негiзгi тақырыптарын (заттарын) белгiлейтiн 
тематикамен салыстырар болсақ, әдеби проблематика суреткердiң өз 
шығармасы арқылы бастан өткерiп, ойша саралап, оқырманға бейнелi түрде 
ұсынып отырған өмiрлiк ақиқаттың көкейкестi қарама-қайшылықтары. 
Қаламгердiң өз дәуiрiндегi аса өткiр мәселелердi туындысына тiкелей (“Кому 
на Руси жить хорошо?”) немесе жанама (“Кiм жазықты?”) атау етiп алуы жиi 
ұшырасады. 
Сондай-ақ 
проблема 
туынды 
атауында 
әлеуметтiк-
философиялық қарама-қайшы мәнде көрiнуi де (“Ақылдан азап”, ”Өлi 
жандар”) немесе бейнелi түрде символдық мәнде көрiнуi де (“Қарсаңда”, 
”Тұңғиықта”, ”Найзағай”) ықтимал. 
Проблеманың тағы бiр ерекшелiгiоқырманның көркем туындыны 
қабылдау барысында оны өзi ойша дамытып әкетуiне қатысты.
Сұрақ. Шығармадағы проблеманы оқырманның өзi қалай дамытуы 
мүмкiн? 
Жауап. Жазушы өз туындысында көтерiлiп отырған проблеманы 
ақырына дейiн шешiп бермей, оқырманды ойландыру мақсатында саналы 
түрде соңғы жауапты ашық қалдыруы да мүмкiн. Сондай-ақ, көркем мәтiн 
шеңберiнен шығып кететiн сауалдарды ұсына отырып, жазушы кей 
жағдайларда өз жауабын айтуы да, немесе проблемаларды шешудiң кейбiр 
жолдарын меңзеп қана қоюы да ықтимал. Мұндай жағдайда проблеманың 
шешiмiн табу оқырман ықтиярында қалатыны түсiнiктi.
Ал әдеби проблемалардың авторлық шешiмдерi өзара ұштаса келiп
туындыдағы көркем идеяларды құрайды. Идеялардың бұл жиынтығынан 
шығарманың идеялық-эстетикалық концепциясы шығады. 


83 
Проблематика автордың түпкi ойына сәйкес, шығарманың құрылымын 
айқындап, көркемдiк детальден бастап шығарма атауына дейiн қамтитын 
тақырыптық мазмұнды белгiлесешығарма идеясы бейнеленген оқиғаларға, 
характерлерге, жағдайларға деген автордың көзқарасын (қарым-қатынасын) 
танытады. Сонымен қатар дүниетанымдық, философиялық сипаттағы 
пiкiрлердi көркем баяндау арқылы жинақтап, тематика мен проблематикаға 
да авторлық баға бередi. Шынайы көркем туындыда проблематика 
тематикадан келiп шығады. 
Сұрақ. Сонымен, идея дегенiмiз көркем шығармада көрiнiс тапқан 
барша құбылысқа қаламгердiң көзқарасы, бағасы болып шықты ғой. Сонда 
автордың көзқарасы шығарманың қай тұсында айтылады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет