Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Жауап. Идеясыз шығарма жоқ. Идеялылық



Pdf көрінісі
бет72/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Жауап. Идеясыз шығарма жоқ. Идеялылық – өнер туындыларында 
бейнеленген оқиғалар мен характерлердiң мән-маңызы жайында образ 
арқылы берiлетiн ой-пiкiр көрiнiсi
Кейбiр идеялар автордың өз пiкiрi арқылы тiкелей (көбiнесе лирикада) 
немесе жағымды кейiпкердiң сөзiмен берiледi. Алайда шығарма идеясы 
мұндай жекелеген пiкiрлермен шектелмейдi, оның мәнi одан гөрi 
маңыздырақ.
Кейде шығарма идеясы тақырып, сюжет, образдар арқылы нақты көрiнуi 
де мүмкiн. Мұндай ашық үлгiдегi идеялар автордың өзiнiң идеялық 
позициясын саналы түрде көрсетуге ұмтылуынан шығады. Бұл сипаттағы, 
яғни өзiнiң көркемдiк бағыттылығын ашық танытқан туындыларда 
бiржақтылық басым болады. 
Ерен мәндi идеялар сюжеттiң өн бойын тұтас қамтып жатады. Сюжеттi 
құрайтын бөлшектердi негiзгi идеядан тыс, жеке алып қарастырса, олардың 
мәнi болмауы да әбден мүмкiн. Шығарманың идеялылығы ондағы 
идеялардың санымен айқындалмайды, шығарманың тұтас мазмұнындағы 
алатын орнымен, маңыздылығымен, ауқымдылығымен өлшенедi. 
Көркем шығармада түрлi деңгейде көрiнiс табатын философиялық, 
әлеуметтiк, дiни, моральдық, гуманистiк, педагогтiк, т.с.с. идеялардың 
қандайы болса да, образдар арқылы, шығармадағы нақты қаһармандар 
қарым-қатынасы арқылы өнерге тән идеяға айнала алады. 
Өнерде, әсiресе, әлеуметтiк идеялар маңызды роль атқарады. Автор өз 
туындысында әлеуметтiк идеяларды бейнелеудi мақсат тұтпаса да, қарымды 
қаламгерлердiң көркемдiк дүниесiнде бұл идеялардың болуы заңды құбылыс. 
Көркем шығарманың идеялылығы дегенде, негiзiнен, әлеуметтiк идеяның 
басты назарда болатыны да сондықтан. Әдебиеттiң әлеуметтiк идеялылығы 
оның халықтық сипатынан танылады. 
Сұрақ. Идеясыз шығарма бола ма? 
Жауап. Нағыз өнерде идеяның болмауы мүмкiн емес. Ал идеясыз 
шығарма болуы мүмкiн. 
Сұрақ. “Идеясыз өнер болмайды, алайда идеясыз шығарма болуы 
мүмкiн” деген пiкiр мүлде қисынсыз ғой?.. 


84 
Жауап. “Идеясыздық” – шығармада қандай да бiр идеяның жоқ болуы 
емес, қоғамдық-әлеуметтiк идеялардың болмауы. 
Қысқасы, көркем идеялылық дегенiмiз автордың өз шығармасына 
сырттан енгiзе салған нәрсесi емес, шығарманы жазу арқылы өз 
туындысының өне бойында қамтып көрсеткен негiзгi ой-пiкiрi. Бұл орайда 
ескеретiн жәйттердiң бiрi мынау: шығарманы жазуға ниеттенген кезеңдегi 
iлкi идея оны жүзеге асыру барысында әр алуан өзгерiске ұшырауы әбден 
мүмкiн. Өйткенi, авторды өзi бейнелеп отырған өмiрлiк шындық логикасы 
“дұрыстап, тура жолға салып отырады”. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет