Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет77/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Байланыс – шығармадағы әрекеттердiң дамуының басталуын, қарама-
қайшылықтардың 
туындауын 
бейнелеу. 
Қарама-қайшылықтардың 
туындауын ашу арқылы байланыс оқырманды шығарма тақырыбын дұрыс 
түсiнуге бағыттайды. 
Әрекет дамуы шығарма мазмұнында аса үлкен мәнге ие. Оқиғаның 
басталуы байланыста негiзделетiнiн жоғарыда айтып өттiк, ал әрекет 
дамуында қаламгер суреттеп отырған адамдар арасындағы байланыстар мен 
қарама-қайшылықтар анықталадыадам мiнезiнiң түрлi қырлары ашылады, 
кейiпкерлердiң қалыптасуы мен өсу тарихы берiледi. Яғни байланыс 
оқырманды шығармадағы проблеманы түсiнуге бағыттаса, әрекет дамуы сол 
проблеманың шешiлуiндегi мүмкiн жолдарды аңғартады. 
 Шығармада суреттелген әрекет дамуының ең жоғарғы шиеленiс биiгiне 
жеткен тұсы шарықтау шегi деп аталады. Шарықтау шегiнiң мазмұндық 
мәнi шығармадағы проблеманың ең жоғарғы ұшығына келiп тiрелуiнде 
жатыр. Өмiрдегi қандай да бiр проблеманың шешiмiн табатыны сияқты, 
шығармадағы шарықтау шегiне жеткен проблемалар да көркемдiк тұрғыдан 
шешiмiн табуды керек етедi. Сюжеттiң келесi бiр бөлшегi –шешiлу 
шығармада бейнеленген тартыстарды тарқатады немесе оның алдағы 
шешiмiнiң түрлi ықтимал жолдарын аңғартады. 
Сұрақ. Сюжеттiң құрамдас бөлшектерi қатарында жоғарыда  пролог 
пен эпилог та аталды. Шығарма өзегiндегi әрекеттiң басталуы мен шешiлуi, 
сондай-ақ негiзгi әрекет алдындағы жағдайлар қандай бөлшектер екенiн 
таныдық. Сонда пролог пен эпилог басы артық бөлшектер емес пе? 
Жауап. Бұлар – кейбiр шығармаларда ұшырасатын бөлшектер. Пролог – 
шығармадағы негiзгi сюжет дамуына өзiнше кiрiспе iспеттi. Алдағы әрекет 
дамуынан алдын-ала хабардар ете отырып, пролог шығармадағы әрекет, 
оқиғалардың алғашқы себептерiн ашып көрсетедi. Бұл себептер кейде уақыт 
жағынан тым ертеде болуы да ықтимал. Қалай болғанда да, прологта 
баяндалған себептер белгiлi бiр дәрежеде шығармада өрiстейтiн оқиғалар мен 
жағдайлардың басты мәнiн ашуға бағытталады. 
Эпилог – шығармада көрiнген әрекет, оқиғалардың ең ақырғы 
шешiмiнiң бейнеленуi. Эпилогты қаламгер шығарма шешiмi кейiпкерлер 
әрекеттерiнiң даму бағытын, олардың кейiнгi тағдырларын түпкiлiктi толық 
аңғарта алмады деп есептеген кезде көбiрек пайдаланады. Сонымен қоса, 


90 
эпилог арқылы жазушы өзi бейнелеген жағдай туралы авторлық үкiмiн 
ерекше айқын сездiре алады. 
Мiне, сюжеттiң аса маңызды элементтерi осындай. Алайда бұлардың 
бәрi бiрдей барлық шығармада болуы шарт емес. Бiрi болған жағдайда бiрiнiң 
болмауы әбден мүмкiн. 
Сұрақ. Қаламгер өз шығармасында суреттелуге тиiстi оқиғаның немесе 
құбылыстың жалпы жобасын, яғни ненi (тақырып) жазатынын, не үшiн 
(идея) жазатынын белгiлеп алды делiк. Сонда ол шығарманы неден бастау 
керек? Немен аяқтау керек? Ол қандай бөлiктерден тұрады? Оқырманға ең 
алдымен және содан кейiн ненi айту керек? Баяндауды нешiншi жақтан 
қолданған оңтайлы? 
Жауап. Бұлар – жазушы алдында композицияға қатысты туындайтын 
сауалдар. Олай болса, композиция дегенiмiз не? Соған жауап берiп көрелiк. 
Анықтамадан бастар болсақ, латын тiлiнде “орналастыру, құрастыру, 
бiрiктiру” деген мағына беретiн “compositio” сөзiнен шыққан композиция– 
көркемдiк түрлердiң орналасуы және ара қатынасы, яғни шығарманың 
мазмұны мен жанрынан өрбитiн туынды құрылысы. Композиция 
шығарманы бiртұтас дүниеге айналдыруға ықпал етедi. 
Композиция пiшiндiк (формалық) бөлшектердi тұтастырып, идеяға 
бағындырады. Композиция қағидалары – эстетикалық таным қорытындысы; 
олар ақиқаттың тереңде жатқан өзара байланысын танытады. Композиция 
өзiндiк мазмұнға ие, оның құралдары мен тәсiлдерi суреттелген құбылысты 
қайта жаңғыртып, мәнiн тереңдетедi. 
Бұларды және жеке-жеке емес, бiртұтас композициялық ұстаным 
негiзiнде шешуге тура келедi. Кейбiр ғалымдар мұндай ұстанымды 
“архитектоника” деп атайды. Бұл сөз гректiң “архитектура – сәулет өнерi” 
деген сөзiнен туындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет