133
жеке адам еркiндiгiне, оның ой азаттығына жол ашқан Қайта өрлеу дәуiрi
роман мүмкiндiгiнiң мейлiнше жан-жақты көрiнуiне ерекше ықпал еттi.
Романның шын мәнiнде өркендеуi XIX ғасыр еншiсiнде. Осы кезеңнен
бастап романның түрлi жанрлары, яғни әлеуметтiк, саяси, тарихи,
философиялық, психологиялық, тұрмыстық, фантастикалық, детектив, т.с.с.
романдар кеңiнен қанат жайды. XIX ғасырда роман әдебиеттiң өзге
жанрларының жетiстiктерiн өз бойына дарыта отырып, кемелдене түстi.
Өмiрдiң алуан жақтарын қамти көрсетуге, адам болмысының әлеуметтiк
қырларына сыншылдықпен үңiлуге, қаһарманның iшкi әлемiне тереңдей
бойлауға бет бұрды. Әсiресе, психологиялық роман бұрын-соңды болмаған
жетiстiктерге жеттi. Роман-эпопея туды. Қазiргi таңда да роман өзiнiң тарихи
маңызын жоймаған әдеби түрлердiң бiрi екенi белгiлi.
Достарыңызбен бөлісу: