Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Әңгiме бағытын “әңгiмеге” бұрайық.  134  Жауап



Pdf көрінісі
бет111/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Әңгiме бағытын “әңгiмеге” бұрайық. 


134 
Жауап. “Әңгiме” терминi әдебиеттануда әдеби түр және әдеби жанр 
ретiнде екi мағынада қолданылады. Әңгiменi осы екi мағынаға байланысты 
қарастырып көрелiк. Бiрiншiден, әңгiме – бiртұтас көркем оқиғаны баяндай 
бейнелеуге арналған, мәтiн көлемi шағын әдеби түр. 
Демек, әңгiмеге тән негiзгi белгiлер – оқиға бiрлiгi мен шағын көлем. 
Көлем дегенде, мәселе әңгiме жазылған парақ санына емес, қаламгердiң 
бейнелеу тәсiлдерiне қатысты. Қаламгер әңгiме жазу барысында бейнелеу 
құралдарының ең ықшам түрлерiн үнемдi қолдануға ұмытлады. Мысалы, 
повесть пен әңгiме өзегiне алынған бiр ғана фабула көркем сюжетке айналған 
кезде повесте кең ауқымда, әңгiмеде мейлiнше шағын көлемде көрiнiс 
табады. Себебi повесте оқиға түрлi қырынан жан-жақты бейнеленедi де, 
әңгiмеде қаламгер оқушы зейiнiнiң ең маңызды мәселеден ауытқымауы үшiн 
оқиға тұастығын сақтауға ұмтылады. Әңгiмедегi оқиға тұтастығы қаламгер 
мақсатының бiрлiгiнен туындайды. Нәтижесiнде шығармадағы оқиға мен 
қаламгер ойының бiрлiгi әңгiме әсерiнiң тұтастығына ықпал етедi. 
Әдеби түр ретiндегi әңгiменiң тарихи қалыптасқан екi жанры бар: 
бiрiншiсi – әңгiме (жанр мағынасында), екiншiсi – новелла. 
Әңгiме мен новелла арасында мызғымас шекара жоқ. Дегенмен, бұл 
жанрлардың iшкi құрылымында бiр-бiрiне кереғар сипаттар бар. Бұл 
ерекшелiктердi ажырата бiлудiң әңгiме мен новелла мәнiне тереңдей дендеп, 
дұрыс түсiнуге септiгi тиерi анық. Ендi осы ерекшелiктерге тоқталып өтелiк. 
Новеллаға өткiр тартыс, драматизмге толы сюжет тән болып келедi де, 
көбiнесе оқыс шешiммен аяқталып отырады. Бұған мысал ретiнде 
Дж.Боккаччо, Ф.Саккетти, Маргарита Наваррская, Э.Т.А.Гофман, Э.А.По, 
П.Мериме туындыларын атауға болады. 
Новелладағы 
әрекет 
драматизмi 
автордың 
ой 
ағымындағы 
драматизммен, тартыс өткiрлiгi шығарманың өне бойында бiрiн-бiрi жоққа 
шығарып жататын көзқарастардың алуан түрлiлiгiмен байланысты. 
Ал жанр мағынасындағы әңгiмеде сюжет те, ой да мүлде басқаша 
сипатта көрiнедi. Әңгiмедегi оқиға тұтастығы арқылы өмiрлiк мәңгiлiк 
заңдылықтар бейнеленедi. Новеллаға драматизм тән болса, әңгiмеге көбiнесе 
лиризм етене болып келедi. 
Қалай болғанда да әдеби түр ретiнде әңгiме дүниенi драмалық 
қайшылықтар мен лирикалық тұтастыққа бейiмдей отырып, көркем 
бейнелеуге ұмтылады. Соған орай, новелла мен әңгiме жанры өзара тең 
дәрежеде бiрiн-бiрi толықтырып отыратын өмiрлiк шындықты бейнелеу 
тәсiлдерi, бiр әдеби түрдiң екi жанры болып табылады. 
Сұрақ. Әдеби түрлер жайындағы әңгiмемiздiң басында “эпостың негiзгi 
түрлерiне эпопея, роман, повесть, әңгiме, поэма; лирикаға – лирикалық өлең, 
лирикалық поэма жатады” деген пiкiр айтылды. Сонда поэма эпосқа да, 
лирикаға да тән әдеби түр болғаны ма? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет