155
беруге болады. Дегенмен, қазiргi таңда “реализм” аясында ненi түсiнемiз?”
деген сауалға жауап iздеп көрелiк.
Реализм – әдебиет пен өнерде өмiрдi
ақиқат өмiрдегi құбылыстар
мәнiне сәйкес келетiн және
өмiрдiң өзiнен алынған шынайы фактiлердi
көркемдiк жинақтау жолдары арқылы жасалатын образдармен
бейнелеу
әдiсi. Әдебиеттiң адамды және қоршаған дүниенi тану құралы ретiндегi
маңызына ден қоя отырып, реализм өмiрдi бүкiл қайшылық-
кереғарлықтарымен тұтас күйiнде тереңдей танып-бiлуге ұмтылады.
Соған
сәйкес, суреткердiң өмiрдi барлық қырынан қарастыруына мүмкiндiк бередi.
Реализм өнерi адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын, қоғамдық
талаптардың адам тағдырына ықпалын, әлеуметтiк
жағдайлардың адамның
жан-дүниесiне, мiнез-құлқына әсерiн, қоғамдық-әлеуметтiк күштердiң даму
үрдiсiндегi мән-маңызын көрсетедi.
Кең мағынада алғанда, реализм категориясы нақты
әдеби туындының
ақиқат өмiрге қатынасын анықтауға бағытталады. Бұл тұрғыда туынды
авторының қандай да бiр әдеби мектептiң немесе бағыттың өкiлi болуы
шешушi мән атқара алмайды.
Шынайы өнер, қалай болғанда да, белгiлi бiр
деңгейде ақиқатты бейнелейтiнiн ескерсек,
бұл орайда реализм ұғымы
өмiрлiк шындық ұғымымен бiрдей бағаланып, түрлi дәуiр әдебиетiндегi әр
тектi құбылыстарға қатысты қолданыла бередi. Демек, реализмдi өмiрлiк
шындық ретiнде түсiну жалпы эстетикалық тұрғыдан маңызды болғанымен,
әдебиеттануға қатысты алғанда нақтылық мәнге ие ұғымды бере алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: