Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет138/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


175 
ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ 
 

Анандавардхана (IX ғ.), үндi философы. Ежелгi үндi поэтикасы мен 
эстетикасындағы негiзгi ұғымдардың бiрi – дхвани туралы iлiмдi 
қалыптастырушы. Әйгiлi шығармасы “Дхваньялока” (“Дхвани нұры”) 
деп аталады. 

Аппель Кароль (1857-1930), поляк ғалымы. И.А.Бодуэн де Куртенэ 
негiздеген Қазан лингвистикалық мектебiнiң өкiлi. 

Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.), ежелгi грек философы, антикалық 
әдебиет теориясын тұңғыш жүйелеушi, Платонның шәкiртi, Александр 
Македонскийдiң тәрбиелеушiсi. Ғылымның барлық саласын дерлiк 
қамтитын еңбектерiнiң қатарында поэзия (негiзiнен, трагедиялық және 
эпикалық поэзия) және риторика (“Поэтика”, “Риторика”) жайындағы 
трактаттары маңызды орын алады.  

Аристофан (шамамен б.д.д. 445-385 ж.ж.), ежелгi грек комедия 
жазушысы, ежелгi аттикалық комедияның негiзiн қалаушылардың бiрi. 
Аристофан қаламынан туған 44 пьесадан бiздiң дәуiрiмiзге дейiн жеткенi 
– 11 шығарма. Олар: “Ахарняндықтар” (425), “Салт аттылар” (424), 
“Бұлттар” (423), “Соналар” (422), “Бейбiтшiлiк” (421), “Құстар” (414), 
“Лисистрата” және “Фесмофорий мейрамындағы әйелдер” (411), 
“Көлбақалар” (405), “Халық жиналысындағы әйелдер” (392), “Плутос” 
(388).

Байрон Джордж Ноэл Гордон (1788-1824), ағылшын ақыны. 
Философиялық, лирикалық, саяси өлеңдерiмен қатар, “Чайльд 
Гарольдтың мiнәжаты”, “Шильон тұтқыны”, “Гяур”, “Корсар”, “Лара” 
поэмалары; “Ағылшын ақындары мен шотланд шолушылары”, “Беппо”, 
“Сот 
елесi”, 
“Қола 
ғасыр” 
сатиралық 
поэмалары; 
“Дон 
Жуан”(аяқталмаған) атты өлең сөзбен жазылған сатиралық эпопеясы; 
“Манфред”, “Каин”, “Марино Фальеро – Венециялық дож”, 
“Сарданапал”, “Екi Фоскари”, “Вернер” драмалары бар.  

Бенфей Теодор (1809-1881), немiс тiлтанушысы. Санскрит фонетикасы 
мен 
грамматикасын 
зерттеушi, 
салыстырмалы-тарихи 
әдiстiң 
жақтаушысы. 

Берше Джованни (1783-1851), италия ақыны, “Златоустың ұлына әзiл-
шыны аралас хаты” аталатын эстетикалық шығармасы, “Паргадан 
шыққан қашқындар”, “Фантастикалық түстер”, “Парга” поэмалары, 
романстары, сын еңбектерi, аудармалары бар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет