186
“Сын фрагменттерi” (1797), “Фрагменттер” (1798, Новалиспен бiрлесе),
“Идеялар” (1800), “Поэзия жайында әңгiме”, “Мифология жайында сөз”,
“Роман туралы хат” (1800), “Үндiлердiң тiлi және даналығы” (1808)
деген теориялық еңбектерi; “Люцинда” (1799) романы, “Аларкос” (1802)
драмасы.
Шлейермахер Фридрих Эрнст Даниэль (1768-1834), немiстiң протестант
теологы, философ. Көзқарасында Спиноза, Кант, Фихте, Шеллинг
илеялары ұштаса көрiнедi. Негiзгi еңбектерi – “Дiн жайындағы пiкiрлер”
(1799), “Монологтар” (1810).
Шлейхер Август (1821-1868), танымал немiс тiлтанушысы. Үндi-европа
тiлдерiнiң терең зерттеушiсi, салыстырмалы-тарихи литуанистиканың
негiзiн қалаушы. “Лингвистикалық салыстырмалы зерттеу”, “Немiс
тiлi”, “Дарвин теориясы және тiл бiлiмi” деген танымал еңбектерi бар.
Штейнталь
Гейман
(1823-1899),
немiс
тiлтанушысы.
Тiл
ғылымындағы әлеуметтiк психологизм теориясын негiздеушi. Белгiлi
еңбектерi – “Тiлдiң шығуы” (1851), “Грамматика, логика, психология
және оларға тән ұстанымдар мен өзара қарым-қатынастары” (1855),
“Психология мен тiл бiлiмiне кiрiспе” (1881).
Достарыңызбен бөлісу: