86
мүлде жаңа сападағы сюжетке ұласып жатуы да ықтимал. Бiр ғана фабула әр
жазушының шеберлiгiне байланысты әр түрлi сюжеттiк сипатқа ие бола
бередi. Сюжет шығарма стилiмен, көркем дүние құрылымының ортақ
заңдылықтарымен тығыз байланысты. Демек, шығарманың көркемдiк
маңызы
фабулаға емес, оның (яғни фабуланың) шығармашылықпен игерiлген
көркемдiк сипатының сюжетте тереңдетiле бейнеленуiне қатысты.
Шығарма сюжетiнде өзара байланыстағы бiрнеше фабула желiсi
қамтылуы да мүмкiн. Сондай-ақ, шығарма сюжетi шығармада суреттелген
оқиғалармен ғана шектелмей, автордың рухани әлемiндегi түрлi өзгерiстердi,
ой-сезiм ағынын да қамтып отырады. Мысал
ретiнде лирикалық шегiнiстi
айтуға болады.
Сюжет пен фабуланың жiгiн ажырата түсiну арқылы көркем
шығармадағы оқиғаның iзiн қуалап оқып шығумен шектелмей, оның сырын,
мән-маңызын тереңдей ұғынуға, авторлық ой мен сезiмге бойлау арқылы
оқырманның өзi де түрлi әсердi бастан өткеруге мүмкiндiк алады.
Сұрақ. Шығарманы оқып шыққан соң,
екiншi бiреуге мазмұндап
жеткiзуге болатын оқиға желiсi фабула екендiгi түсiнiктi болды. Дегенмен,
сюжетке қатысты әлi де нақтылай түсетiн жәйттер бар сияқты?..
Достарыңызбен бөлісу: