Ақы сұрамаймын, баталарыңызды берсеңіздер болды, дедңм мен



бет3/4
Дата18.05.2022
өлшемі55,54 Kb.
#34835
1   2   3   4
Байланысты:
Алланың ақ жолы жалғасы

ИГІ БАСТАМА.
Негізгі мақсатты жұмыс – аудан орталағындағы мешіт үйін радиоландыру, яғни күшейткіш радиоаппаратурасын орнату арқылы азан шақыру, халыққа уағыз айту, әсіресе айт кезеңдерінде, халық көп жиналған сәттерде дыбыстың күшейтіліп, жалпы халыққа анық естілуі қамтамасыз етілуі тиіс. Осы мәселеге қажетті заттар түгелдей дайын болғандықтан, оны орындау үшін адам күші керек-ақ. Өзіммен жұмыстас жігіттерге жолығып:

  • Өз еріктеріңмен, жұмыстан кейін мешітке барып, қолдан келер қызметімізді жасауға мүмкіндік бар ма? – деп сұрадым.

  • Мешітке баруға болады. Көмектесеміз. Олар бірауыздан жұмыстан кейін бірден мешітте кездесетін болып келісті. Бұлар қарапйым жұмысшы жігіттер. Дәни наным-сенімдері де аз. Дегенмен, (Мешіттер-Алланікі. Алла тұрғанда, басқа ешкімге ғибрат етпеңдер», - деп айтылған құран сөздері (Жын сүресі, 18-аят) үлкен аталардан қалған бұйрықтай мешіт атаулыны көпшілік азаматтардың құрмет тұтары анық.

Уәде бойынша, мешіт ауласында жұмыстан кейін кездесіп, бірден жұмысымызхға кірісіп кеттік.

Негізгі күшейткіш аппаратураны мешіт төріндегі тақтың артқы жағы қуыс болғандықтан, кез келген адам қозғамас үшін сол орынға орналастырдым. Одан шығатын сым желілері еден жиегімен жүргізіліп жан-жаққа тараталды. Мешіт төбесіндегі күмбезге де сым желісі тартылып дыбыс шығарылатын қондырғыларғы қосылды. Мұндай жұмыстардың талайын атқарып жүрген үш жігітке көп қиындық та түсе қоймаған болар, барлық жұмыстарды бүгін аяқтауды дұрыс көрді. Микрафон қосылатын желіні де өте ұзын етіп дайындадым. Себебі, халық көп жиналғанда, әсіресе алдымызда келе жатқан ораза айтының қарсаңында намазға жиналған халыққа уағыз айтылуы көпшілік қауым алдында болған дұрыс.

Кеш бата біз белгіленген жұмысты толық аяқтадық.

Аппаратураны іске қосып, сөйлеп көруді Әбдіғани өзі бастады. Бір-екі құран сүрелерінен аяттар оқыды. Аппараттар ешбір жан қозғамайтындай етіп және дыбыс деңгейін ашып-жабу мөлшерін сызықша арқылы нақтылы белгілеп бердім. Аппаратты істету үшін (электророзеткаға) ток көзіне кез келген адамның қосуы арқылы жүргізіледі.

Біз мешіт ауласына шықтық. Өзімізше үлкен бір жұмысты тындырып тастағандаймыз.

Аулады мешіт кассирі Әлібай ақсақал және Әбдіғани жататын үйдегі үлкен қария, яғни мешіт қарауылы тұр екен.



  • Көке біз жұмысты толық бітірдік, - дедім мен.

  • Ойғ бәрекелде! Алла сыйласын! – деді Әлібай ақсақал. – Ал енді еңбектеріңе не сұрайсыңдар. Қысылмай айта беріңдер.

  • Ештеңе де сұрамаймыз. Бізге жақсылап, ақ пейілдеріңізбен бата берсеңіздер болды, - дедім мен.

Екі ақсақал да баталарын берді.

  • Аумин! –дедік біз. Бабаларымыздың айтып кеткен «ақша алма, алғыс ал» деген ұлағатты сөздері, сондай-ақ «жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер» деген де даналыққа толы дуалы сөздерін көкірегімізде сақтай отырып.

  • Көке, мынау Әбдіғани балаға енді үш тапсырма айтып кетуді дұрыс санап отырмын, - дедім мен, сәл ойланып алып.

  • Айт, айтып кет тапсырмаңды, қарағым, - деді Әлібай ақсақал.

  • Айта беріңіз аға, - дедң Әбдіғани да қосарланып.

  • Бірінші тапсырма: Құрылған аппаратты ешбір жан қозғамасын. Егер бұзыла қалса өзіме ғана хабарласасыздар. Өзім оңдап қалпына келтіретін боламын. Бөгде біреуге көрсетіп, болмаса оңдаймын деп әуреленбесін.

  • Екінші тапсырма: Аппаратты тойға, болмаса жақын-жуыққа пайдалануға беруге болмайды. Сондай-ақ дыбыс шығаратын қондырғыларды да, микрафонды да аса таныстықпен пайдалануға беруді ойға да алмаңыздар.

  • Үшінші тапсырма: Сіздерден мына аппаратты кім құрды, қанша ақшаға құрғыздыңыздар, деген сияқты сұраулар болатына анық. Сіздердің тараптан бір ғана жауап, «почтадағы жігіттер өздері өз еркімен құрып берді, біз бата бердік.» міне басқа артық сөздің қажеті жоқ. Осыған келісеміз бе?

  • Келіскенде қандай!, - деді Әбдіғани, жадыраңқы кеуілмен. – Мен бір қиын тапсырмалар шығар деп ойлап тұрсам.

  • Бірақ, бір қатаң ескерте кетер жағдай, егер осы үш тапсырманың бірі бұзылып, орындалмаған жағдайда, мен мына мешітке келіп, көмектесе алмаймын. Тіпте сіздерге деген сенімнің жойылуы мүмкін, - дедім мен қаталдау түрде.

Уәде осылай болды. Біз үйімізге тарастық.

Қасиетті Рамазан айы да аяқталар уақыт жақын болатын.

Айт қарсаңында ойға алған игі бастаманы ойдағыдай аяқтап көңілім бір көтеріліп қалды.
«Оқы! Жаратқан иеснің атымен оқы!

Адамды ол ұйыған қаннан жаратты.

Оқы! Сенің тәңірің – ең жомарт!

Ол қаламмен жазу үйретті.

Адамдарға білмегенін білдірді.

Жоқ, адамдар өздерін дәулетті санап,

барынша шектен шығып кетті.»

Алақ сүресі, 1-2-3-4-5-6-7 аяттар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет