Ақиқат пен аңыз Әзілхан Нұршайықов



Pdf көрінісі
бет5/42
Дата29.12.2016
өлшемі1,37 Mb.
#745
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Тағы   да   үн   жоқ.   Үйдің   ішін   тінтіп   болып,   мені   киіндірді   де,   өзімнің   екі   орынбасарым 
бұрынғы бастығын алдарына салып, айдап кеп жөнелді. 
Мен   аң-таңмын.   Бұлар   мені   қайда   апарады?   Бүйткендері   несі?   Әлде   осылар   әзілдеп 
жүрген жок па деп те ойлаймын, әзілдейтін түрлері көрінбейді. Олар мені бірден абақтыға 
қарай бұрды. Мен ыза болып кеттім. 
-         Жок, мен онда бармаймын, - дедім булығып. - Алдымен мені қамау үшін жасаған 
протоколдарынды көрсетіңдер, қылмысым не екенін айтындар. 
Бұл баяғы өзіме Емельянөв үйреткен өнеге еді. Жақсы ұстаздың сабағы жадыңда қалады 
ғой, шіркін! Оның пайдасын өз басыма кәріпшілік түскеңде көрдім. Протоколды айтқаннан 
кейін   орынбасарларым   тайсақтай   бастады.   Мені   абақтыға   апара   алмады.   Милиция 
бөліміне алып келіп, бастықтың кабинетіне қамады. Сөйтіп, кешегі өз кабинетім бүгін өзіме 
абақты болды. Таң атқанша сонда тұтқын боп түнеп шықтым. 
    Таңертең менің орныма милиция бастығы болған Есенбаев кабинетіне келді. Алдында 
сорайып мен тұрдым. 
-        Өй, сені жын соқты ма? - деді Мұқатай Есенбаев маған дүрсе қоя беріп. 
-        Мені емес, сендерді соққан шығар деп тұрмын, - дедім мен қыңырланып. 
-        Бағовты құрбақа деп атап сені жын соқты ма деймін? - деді милиция бастығы басын 
шайқап. 
-        Оны кім айтты? 
-         Кім   айтқанын   неғыласың,   түнде   Бағов  бір  үйде   қонақта  болыпты.   Сонда  отырып 
біреу оған сізді Бауьщжан құрбақа деп атады деп жеткізіпті. Бағов бұлқан-талқан болып, 
маған телефон соқты. Сені дереу камауды талап етті. Бердібаев та соны айтты. Сонсоң 
мен саған бұрынғы орынбасарларыңды жібергенмін Бауыржанға айтындар деп. 
-        Олар мені осында әкеп қамады. 
-        Тегі оларға да телефон соккан ғой Бердібаев. Содан соң сасқан болар жігіттер. Ал 
енді бар соларға. 
-        Кімге? 
-        Бердібаевқа. 
-        Сендер мені қамадындар ғой, өздерің айдап барындар оған. 
-        Мен қамаған жоқпын, - дейді Есенбаев баж-бұж етіп. 
-         Жоқ,   қамадындар.   Милиционеріңмен   айдатып   жібер,   -   деп   сіресіп   мен   отырып 
алдым. 
Есенбаев сыртқа шығып кетті де, сәлден соң бір милиционерді ертіп кайта кірді. Оған: 
-        Жолдас Момышұлын аудандық атқару комитетіне айдап бар, - деп бұйырды. 
-        Енді барамын, - деп мен милиционердің алдына түстім. 
       Шірене   басып   келе   жатырмын.   Әр   нәрсені   ойлап,   ыза   болып   та   келемін.   Бағовты 
көрсем   түтіп   жіберетіндеймін.   Аудандық   аткару   комитетінің   үйіне   тақағаннан   кейін: 
«Ауаткомның жауапты секретары кезімде бұл үйге өз еркіммен кіруші едім. Енді бұған да 
айдалып кіретін болдым ғой» деп мырс етіп, артыма қарасам, милиционерім жоқ. Сөйтсем 
Есенбаев оған біраз жер артынан ілесіп бар да, содан кейін қашып кет деп тапсырыпты. 
Милиционер   мені   өз   бетіммен   қаңғытып   қоя   беріп,   бір   үйдің   бұрышына   келгенде 
жасырынып қалыпты. 
Автор. Сіз он алты жасыңыздан бастап өлең жазыпсыз ғой. Алғашында ақын болсам деп 
талап қылған жоқсыз ба? 
Бауыржан. Еш уақытта пәлен болайын, түген болайын деп ойламаған едім. Қайда, қандай 
қызметте   жүрсем   де   жүректегі   ұраным   қазақтың:   «Ерді   намыс   өлтіреді,   қоянды   қамыс 
өлтіреді» деген мақалы болды. Ел намысы ер намысы деп білдім. Арманым халқымның 
намысына дақ түсірмеу болды. Ақындыққа, шенге, атаққа ешқашан да қызыққан емеспін. 
Олардың өздері келді... Генерал болсам, маршал болсам, герой болсам деген емеспін. 
(Осы арада менің есіме Суворовтың: «Маршал болуды  арман етпеген солдат - жаман 
солдат» деген нақылы түсті де, «Сонда сіздің жаман солдат болғаныңыз ба?» деген әзіл 
сұрау көмейіме келді. Бірак, біріншіден, шамына тиіп алып жүрермін, екіншіден, сөзді 
көбейтпейін дедім де, үндемедім.) Осы атағым да жетеді. 
Автор. Соғыста күнделік жазып жүрдіңіз бе? Оны қалай жаздыңыз? 

Бауыржан. Соғыста жазған 37 дәптер күнделігім бар. Оларды қар жапалақтап, жаңбыр 
кұйып тұрғанда, окопта отырып, жорықта кетіп бара жатып жаздым. Бес рет қоршауда 
болғанымды айттым ғой. Сонда тізем дірілдеп, қолым қалтырап отырып, өз сезімдерімді, 
жолдастарымның жай-күйін қағазға түсіре бердім. Ең алғаш күнделік жазуыма мынадай 
жай   себеп   болды.   Бірінші   рет   қоршаудан   шыққаннан   кейін   батальонды   быт-шыт   етіп 
тарата 
бастады. Қандай жағдайда, қай көршінің табансыздығынан батальон қоршауда қалды - 
онда   ешкімнің   шаруасы   болмады.   Соған   ерегесіп,   бұдан   кейін   мен   барлық   жағдайды 
күнделік дәптеріме түсіріп отыратын болдым. Әрине, онда мен кейін жазушы болармын, 
жазғандарымның   соған   септігі   тиер   деп   ойлағаным   жоқ.   Осындай   үш-төрт   дәптер 
жазғаннан кейін күнделік толтыру маған дағды болып кетті. Ол менің әскери қызметімнің 
міндетті   бір   бөлігіне   айналды.   Толтырған   әр   дәптерім   ең   бір   ет   жақыным   іспетті   бола 
бастады.   Сондай   үш   дәптерім   жоғалғанда   туысқан   үш   бауырымнан   айрылғандай   күй 
кешкенім бар. 
1962   жылы   генерал   Панфилов   жайында   арнаулы   кітап   жазбақ   болып,   архивтерді 
араладым.   Осы   ниетімді   айтып   Подольскідегі   әскери   архивтің   бастығы   генерал-майор 
Дударевке кірдім. Ол менімен танысып-біліскеннен кейін: 
-        Полковник жолдас, мен сізге бір қызық көрсетейін,-деді. 
Содан соң кетіп қалды да, бір уақытта үш дәптерді қолтықтап қайтып келді. 
-        Мінеки, мына дәптерлермен танысыңыз. 
Қолыма   алып   ашып   кеп   жіберсем,   тәңір-ау,   менің   өз   дәптерлерім.   Мен   олардың 
әрқайсысымен жылап көріскендей болдым. Өйтетін жөнім бар еді.
Төртінші рет қоршаудан шыққанымда мен көршілеріме әбден қаным кайнап, қатты наразы 
болып келген едім. Біздің қоршауда қалуымызға себепкер болған бөлімшелерді дәптеріме 
схемасын   салып   көрсетіп,   олардың   бастықтарын   сыбап   тұрып   жазғандарым   болатын. 
Шехтманның   да,   Филимоновтың   да   әдірістеріне   бірсыпыра   ащы   сөздер   арнағанмын. 
Келгеннен кейін барлық жағдайдың дәлелін ашып, полк комиссары Логвиненкоға 
дәптерлерімді көрсеттім. Логвиненко менің жазбаларыма зер салғысы келді ме, әйтеуір, 
кейін өзіңе қайтарып беремін деп үш дәптерімді сұрап алып кетті. Сол түнде немістер полк 
штабына   шабуыл   жасап,   менің   комиссардағы   үш   дәптерім   жаулардың   қолына   түседі. 
Міне, бұл менің сол дәптерлерім. Кейіннен немістердің архиві біздің қолға түседі де, оның 
ішінен  менің  жоғалып  кеткен  жаңағы  дәптерлерім  шығады.   Күнделіктердің  пайдасымен 
бірге, 
осындай жоғалып кете жаздаған кездері де болған... 
Осы жерде акын Ғафу Кайырбековтың Момышұлына арнаған өлеңі есіме түсті. Өлеңнің 
бас жағында ол Бауыржанның тостағандай көзінен ұшқындаған оттардың бірін жыр етуді 
арман етіп, одан әрі былай деп толғайды: 
Сол оттың сәулесінде бұлаң қағып, 
Кешегі өтіп жатса жылдар ағып, 
Көрінсе қоршаудағы батальон, 
Көк түтін төбесінде шудаланып. 
Ыс баскан, күйе құскан әрбір солдат, 
Найзалар түнді тесіп өтсе самғап, 
Саңқ етіп бір мезетте оқтай бұйрык, 
Көрінсе іле-шала сонда комбат!.. 
О, сонда, бар маңайды жанғыртып кап, 
Генерал берсе әмір, 
Сап тұйықтап. 
Комбаттың баданадай кос көзінен 
Риза боп сүйіп тұрса Панфилов қарт! 
Міне сол бар арманым от сұраған, 
Алатын одан артық жок сыбағам. 
Халыктың қасиетін шын көтерген, 
Жүзге де жүлде бермей, жетсін ағам! 

-        Сонымен, сізді айдап келе жатқан милиционер қашып кетіпті дейсіз бе? 
-         Иә, қашып кетіпті. Ары қараймын, бері қараймын, ұшты-күйді жок. Жер жұтып кетті 
ме мұны деп, аңырайып біраз тұрдым да, ақыры Бердібаевтың кабинетіне жалғыз кіруге 
мәжбүр болдым. 
-         Отыр, бала, - деді Бердібаев кабағын шытып. - Сен өзің еш жерге сыймайтын бір 
қырсық жігіт екенсің. 
-        Неге олай дейсіз? - деймін мен сызданып. 
-         Менімен істесе алмасаң, Бағовты құрбақа деп атасаң - солай демегенде не деуім 
керек? 
-        Өзі ұқсап тұрса мен оны құрбака демей, құдай деуім керек пе? 
Бердібаев қабағын шытты да, ол сөзді одан әрі жалғастырмады. 
-        Шырағым, сен енді ол сөзді қой. Кеше Бағовқа қызмет жайында барған екенсің ғой. 
Ақылдасып, саған лайықты қызмет таптык. Біздің райполеводсоюзға бастық боп барасың. 
-        Ағай, бармаймын. 
-        Себебі? 
-        Себебі шаруашылықты білмеймін. 
-        Енді сені қайда жібереміз? 
-        Қолымнан келетін іс беріңіз. Мұғалім етіңіз. 
-        Қазір мұғалімдік орын жок қой саған. 
-        Болмаса болғанынша тосамын. Оған дейін ауылыма барып жата тұрамын. 
-        Әй, бала, қой, қиқарланба. 
-        Жоқ, ағай, қоймаймын. Бұдан былай сіздің қарамағыңызда қызмет істемеймін. 
-        Е, бағанадан бері сонынды айтсаңшы одан да, - деп Бердібаев дереу қабырғадағы 
телефонның құлағын бұрап жіберіп, Бағовпен сөйлесті. 
-        Момышұлы менде тұр. Жіберген жұмыстан бас тартады. Сендердің қарамақтарыңда 
жұмыс істемеймін дейді. - Содан кейін ар жағындағы адамның сөзін тындады. - Иә, солай 
етуіміз керек, - деп басын қайта-қайта изеп, трубканы ілді. 
Мен   оның   «жіберген   жұмыстан   бас   тартады,   сендердің   қарамақтарында   жұмыс 
істемеймін» деп айтады деп, қолма-қол менің сөзімді бұрып жеткізгеніне ыза боп тұрмын. 
«Неге   бас   тартамын?   Оны   неге   айтпайды?   Сендердің   емес,   тек   сіздің   қарамағыңызда 
дедім   ғой.   Оны   неге   бұрмалайды?   Көріп,   қасында   тұрмаған   айдаладағы   біреуге, 
шыбындаған аттай болып, бас изеуін өзінің» деп оған зығырданым қайнады. 
-        Істемейсің ғой? 
-        
Шаруашылықты   білмегендіктен   райполеводсоюзға   бармаймын.   Сіздің 
карамағыңызда қызмет істемеймін. 
-        Ендеше, өз обалың өзіңе, балақай. Үш күн тос. Үш күннен кейін ауылыңа қайтуыңа 
болады. Және жұрдай боп қайтатын боласың. 
-        Ол не сөзіңіз? 
-        Комсомолдан да, кәсіподақтан да шығасың. Жаңа біз осылай келістік. 
-        Қолынан келмейтін жұмысты істемеді десеңіздер, шығарыңыздар. 
Ертеңінде комсомолдан да, кәсіподақтан да шығарылдым. Екі билеттен бірдей айрылдым. 
Үшінші күні аудандык газетге: «Кетсін комсомолдан!» деген бірінің астына бірі екі мақала 
басылды. Екеуі де маған арналды. Сөйтіп, абыройдан жұрдай болып, ауылға қайт- 
тым, карағым. 
III
Бауыржан   «Қазақстан»   сигаретінің   пачкасына   қолын   созды.   Ол   темекі   тартпақ   боп 
жатқанда   мен   Бауыржанның   жақсы   ұстазды   жадынан   шығармайтындығын,   жаман 
бастығын жамсата баяндайтындығын ойлап отырдым. "Ұстазын ұмытқан оңбайды деген 
қағидаға берік Бауыржанның Панфиловты өмір бойы ұмытпай келе жатқанына таңғалдым. 
Кейбіреулер   басшысына,   дос,   жолдасына   тірісінде   жалбақтап   жүргенімен,   көзі 
жұмылысымен көңілінен 
шығарып   қоя   береді.   Өлгеннің   өнегелі   ісін   ғибрат   етіп   отыру   орнына,   оның   атын   да 
ауыздарына   алмайды.   Ал   өліні   қадірлемеген,   тіріні   құрметтемейді.   Бауыржан   бұл 

қағиданы жақсы біледі. Жақсы білгендіктен де ол Панфиловтың 70 жасқа толу қарсаңында 
шарқ   ұрып,   архивтерді   ақтарып   жүріп   мәлімет   жинап,   қадірлі   генералдың   асыл 
адамгершілігін көрсеткен тамаша кітап жазды. 
- Сөйтіп, «басқа пәле тілден» деген қазақ мақалының шын мәнісін мен ең алғаш рет сонда 
ұққан болсам керек. Жай тентектігімнен бе, әлде болашақта жазушы болатындығымнан 
ба, 
кім білсін, мен сол жас кезімнің өзінде-ақ айналамдағы адамдарға теңеу тапқыш, оларды 
әр нәрсеге ұқсатқыш едім. Қатар құрбыма мен қойған ат жеңге жұққан майлы бояудай 
болып, жабысатын да қалатын.
Ауылға   келсем:   «Бауыржан   орнынан   түсіп   қалыпты.   Комсомолдан   шығарып   жіберіпті» 
деген хабарды естіп, әкем біржола шөгіп қалған екен. Үміт күткен көзінің нұрындай жалғыз 
баласының жайы мұндай болған соң әке байғұс әлсіремегенде қайтсін. Әкенің аянышты 
халін көрген соң менен де қауқар кете бастады. Оның жүдеу жүзіне қарап, ашудың ащы 
іркітін сіміріп, үйде жата бергенмен жан семірмейтін болды. Мұңымды тыңдап, мінімді 
түзететін Ефимов болса ауданнан жырақта, демалыста жатыр. Шырт-шырт үзілген шыдам 
шіркіннен ол келгенше бір тұтам да қалатын емес. Ойлап-ойлап келгенде ауданға ана 
жолы келген Сырғабеков ағай есіме түсті де, сол кісіге барып, бар мұңымды айтуға бел 
байладым. Бар дүниесін балама деп жинайтын әкелер мейірімінде шек бар ма? Жәкем 
(мен әкемді осылай деп атаушы едім) тағы екі қойын сатып, қаражат етіп қалтама са- 
лып берді. 
    Алматыға келсем, әр жақтан келген жастардың оқуға түсіп жатқан кезі екен. Шаруамды 
реттеп   алып,   оқуға   түсіп   кетсем   жақсы   болар   еді   деген   ойға   келдім.   Осы   оймен 
Сырғабеков ағайдың кеңсесіне кірдім. 
Нығмет ағай мені қуана қарсы алды. Әбден сауығып, жазылдың ба деп сұрады. Үй ішімнің, 
ел-жұртымның амандығын білгеннен кейін: 
-        Ал, қалкам, шаруанды айта бер, - деді. 
-         Екі   түрлі   шаруамен   келдім,   ағай,   -   деп   аддымен   өзімді   комсомолдан   неге 
шығарғандарын айтып, билетімді қайтып алуға көмектесуді өтіндім. Одан соң оқуға түскім 
келетінін білдірдім. 
Сырғабеков   менің   сөзімді   ыждағатпен   тындап   алды   да,   маған   бір   ғана   сұрақ   қойды, 
жалғыз ғана ескертпе жасады. Сол ескертпе өмір бойы есімде сақталып қалды. 
-        Анау адамды неге кұрбақаға теңедің, калқам? - деді Сырғабеков менің сөзімді әбден 
тындап болғаннан кейін. 
-         Өзі кұрбақаға ұқсап тұрса, мен оны кұрбақаға теңемегенде құдайға теңеймін бе, - 
дедім мен Жуалыда Бердібаевка айтқанымды қайталап. 
Нығмет ағай бетіме карап отырды да, басын шайқады. 
-        Ол кісі жаман-ақ адам шығар, қалқам. Бірақ ол кісі сенен үлкен ғой. Үлкенді сыйлау 
керек еді ғой. 
Мен   ұялғанымнан   жерге   кіріп   кете   жаздадым.   Нығмет   ағайдың   «қалқамдап»   отырып 
айтқан екі ауыз сөзі маған ауданда көрген көресілерімнің бәрінен де ауыр боп тиді. Не 
дерімді білмей, қып-қызыл болып отырып қалдым. 
-        Сен әлі жассың ғой, қалқам, - деді ол осыдан кейін. - Үлкенді сыйлағанның қадырын 
үлкейгенде білерсің. Жарайды, жасыма. Өлкелік комсомол комитетінің бірінші секретары 
Қайсар Тәштитов деген ағаң бар. Осыдан шыккан соң сол кісіге кір. Мен хабарлап қояйын, 
-   деп   телефонын   бұрай   бастады.   Тәштитовпен   сөйлесіп   болып,   Сырғабеков   қайтадан 
маған   қарады.   -   Жаның   жүдемеу,   жалының   сөнбеу   үшін,   қалқам,   Ленин   бейнесі   бар 
билеттен айрылмауың керек. Алдымен комсомолдық билетінді 
алып ал. 
Сырғабековтың   алдынан   әрі   қызарып,   әрі   қанаттанып   шықтым.   Сол   бетіммен   ұшып 
отырып Тәштитовке бардым. Ол бір ер көңіл, жайдары кісі екен.         
-         Үлкенді   сыйлай   алмағаның   үшін   Нықаң   сенің   бетінді   кызарттым   деді.   Енді   мен 
кинамай-ақ   қояйын.   Бар   да,   билетінді   алып   кел,   -   деп   Жуалы   аудандык   комсомол 
комитетіне қағаз жазып берді,- Тез орал, оқуға жолдаманы қайтып келген соң беремін. 

Бұлай дейтіні ол кезде жоғары оқу орнына түсетін жастарға жолдаманы Өлкелік комсомол 
комитеті  береді   екен.   Одан   кейін,   Нығмет   ағайдың   ақылы   бойынша,   Олкелік   кәсіподақ 
советінің бастығына бардым. Ол менің қалай кәсіподақ мүшесінен шығып қалғаным жайлы 
әңгімені   ішек-сілесі   қата   күліп   отырып   тындады.   Менің   кәсіподак   билетімді   қайтарып 
беруді талап етіп, ауданға ол да қағаз жазып берді. 
Сонымен, не керек, кұстай самғап, қайтадан ауданға келдім. Тәштитовтың қолы қойылған 
қағазды   қолына   ұстатқанымда   аудандық   комсомол   комитеті   секретарының   көзі 
шарасынан шығып кете жаздады. Ғафу өтініп, дереу билетімді қайтартып бердірді. 
Кәсіподақ   билетім   және   қалтама   түсті.   Екі   ұйымнан   да   есептен   шығып,тура   ауылға 
тарттым. 
-         Жәке,   -   дедім   әкемнің   алдына   барып.   -   Міне   комсомол   билетім,   міне   кәсіподақ 
билетім. 
Әкемнің   куанғанынан   қолы   қалтырап   кетті.   Үй   ішіне   өзімнің   қалай   Сырғабековке 
барғанымды, одан соң Тәштитовке кіргенімді бәрін тегіс жырдай ғып баяндап бердім.
-        Е, қызынды... оларды осылай ету керек қой! - деп мұны естігенде Момынқұл көкем 
біржола   өркештеніп   кетті.   Кейіннен   ол   ел   ішінде   қылдай   қиянат   көрсе:   «Бұл 
қызталақтарды біздің Бауыржандай үйрету керек» деп кез келген жерде күпілдеп шыға 
келетін болыпты. 
Автор. Сіз қандай адамдарды кадірлейсіз? Кандай адамдарды жек көресіз? 
Бауыржан.   Ардақты   ананы   қадірлеймін.   Ары   бар   азаматты   ардақтаймын.   Талабы   бар 
жасты құрметтеймін. Маңғазсынған ағаны ұнатпаймын. «Бауке, мына сөзіңіз кұдайский, сіз 
данышпансыз»   деп   көзге   мақтап   көлгірситін   ініні   жек   керемін.   Шын   дос   сыртыңнан 
мақтайды. Сайқал ғана бетіңе қарап қылмындайды. 
Әйелдің сайқалы бірді ғана арбайды, әдебиет сайкалының мыңға зияны тиеді. Түсінікті ме 
саған? 
IV
Екі-ұш күн үйде болып, Жәкемнің көңілі жайланғаннан кейін тағы да Алматыға тарттым. 
Онда осы күнгі Гоголь мен Фурманов көшелерінің қиылысқан жерінде медицина институты 
болатын.   Ректоры   Санжар   Аспандияров   деген   кісі   еді.   Өзі   Халық   Комиссары.   Әліме 
қарамай дәрігер боламын деп сол кісіге бардым. Қабылдаттырды. Жатақханадан орын 
бергізді.   Алғашқы   сабаққа   бардым.   Алғашқы   сабақтан   кейін-ақ   ол   институттан   қашып 
құтылдым. 
Мәселе былай болды. 
Алғашқы   сабақта   бәріміздің   үстімізге   халат   кигізіп,   подвалдағы   үйге   алып   барды.   Үйге 
кірісімен жалаңаш жайрап жатқан өліктердің үстінен шықтым. Оларды көрісімен денем дір 
ете қалды. Ертіп кірген дәрігер: 
-         Бұның атын мәйітхана деп атайды. Мұнда... - дей бергенде-ақ мен зыта жөнелдім. 
Есік алдына шығып, халатын өткіздім де, институтты тастап қаштым. Артымнан жаңағы 
басы жок, аяғы жоқ тыр жалаңаш өліктер тырақайлап қуып келе жатқандай көрінді. «Жок, 
оқусыз қалсам да бұл институттың қарасын көрмеймін» дедім қашып бара жатып. Қанша 
қашсам да, содан он жыл кейін өліктердің ортасын кешіп жүретінімді білмеппін ғой мен. 
Автор. Сіз шығармаларыңызды қай тілде жазасыз? 
Бауыржан.  Екі тілде: орысша, қазақша. Екі тілде де менің шығармаларымның оқиғасы, 
өрмегі, кейіпкері ортақ адамдар. Оны орысша жазғанда менің көз алдымда тек қана Иван, 
қазақша жазғанымда тек қана Ілияс отырады. Мен олармен өз тілдерінде сөйлесемін. 
       Содан Гоголь көшесін қуалап келе жатсам бір үйдіңьалдында: 
«Ауылшаруашылық институты» деген жазу тұр. Қуанып кеттім. Осыған түсейін, агроном 
болайын деп ойладым. Ректоры Ораз Жандосов екен. Осылай да осылай деп жайымды 
айттым. 
-         Шырағым, - деді ректор, - жеті жылдык біліммен институтқа түсе алмайсың. Осы 
институттың екі жылдык кешкі рабфагі бар, соған түс. Халың калай, ақшаң бар ма? 
- Жоқ. 
-        Онда сен маған көмекші хатшы болып, бір жағынан айлық ал. 

Сөйтіп, бір жағынан кешкі рабфакта оқып, бір жағынан Ораз ағаға көмекші хатшы болып 
үш-төрт айдай жүрдім. Жандосов өте шешен, ақылды кісі еді. Кабинетінде көп болмайтын: 
анда-мұнда шақырып, отырғызбайтын. Сондыктан мен сабағымды алаңсыз оқып, отыра 
беретінмін. 
Бір күні кешке рабфактың оқу ісін меңгерушісі бірер сұрағына жауап бере алмағаным үшін 
маған   жатып   кеп   ұрысты.   «Жандосов   сияқты   білімді   адамның   қасында   отырып,   сабақ 
білмеуге ұялсаңшы. Және өзі жалақы алып оқиды. Жалақы алған студент оқушы ма еді?» 
деп жерден алып, жерден салды. 
Осыдан кейін мен Ораз ағаға көрінуге ұялдым. «Өлімнен ұят күшті» деген емес пе, ол 
кісіге айтпастан, рабфакты да, көмекшілікті де тастап, кеттім де калдым бір күні. Әрине, 
сонын 
бәрі жас кездегі балалык, намыскерлік қой, қарағым. 
Автор.   Қазак   әдебиетінің   әскери   тақырыпқа   жазылған   туындылары   туралы   пікіріңіз 
қандай? 
Бауыржан.   Ол   туралы   айтсам   бәрің   де  өкпелеп  қаласыңдар.   Әскери  тақырыпты  біздің 
көпшілік жазушыларымыз әлі түсінбейді. Түсінбейтіні тәжірибе, білімі жетпейді. Ал әскери 
өмір күрделі, оның үстіне көктемдей құбылмалы өмір. Соңдықтан оның терең сырын білу 
оңай емес. Адамның үйдегі психологиясы бір басқа да, соғыстағы психологиясы мүлде 
өзгеше болады. Бұл екі жағдайдағы психологияның арасы жер мен көктей. Әрине, соғыс- 
та   болмай-ақ,   суық   окопта   жатпай-ак,   төбеден   төнген   бомбаның   жанынды   суырып 
алардай   боп   шыңғырған   даусын   білмей-ақ,   жаралы   жер   мен   жаралы   адамның 
ыңырсығанын   естімей-ак,   дәрі   мен   қанның   иісін   иіскемей-ақ,   үйде   отырып-ақ   әскери 
шығарма жазуға болады. Ондай жазушыны, жалпы білімі болғанымен, соғыстан сауаты 
жоқ жазушы дейміз. Ал өзі сауатсыз жазушының кейіпкері надан болып шығады. Ондай 
кейіпкерлер,   мысал   үшін,   Ұлы   Отан   соғысында   қарсы   келген   жауды   найзаға   шаншып 
алып,   лақтыра   береді,   лақгыра   береді.   Ал   оның   адамды   лақтырған   жеріне   сенің   тас 
лақтырсаң құлашың жетпейді. Бұл біздің асыл қазынамыз ауыз әдебиетінің тәсілі. Егер 
«Қобыланды батыр» жырын өзіміздің ең алғашкы әскери дастанымыз деп есептесек, соны 
бірінші жырлап шығарған ақынның соғысқа қатыспаған жан екені бесенеден белгілі болып 
тұрады. Ондағы соғыстардың бәрі де соғыс әмірінің шындығынан аулак, алшақ жатады.
Ал   адам   туралы   ғылым   кең   өрістеген   қазіргі   заманда   әскер   психологиясын   ауыз 
әдебиетінің әдісімен бейнелеп, суреттеуге болмайды. Соғыстан пәленбай мың шақырым 
жердегі  алыста,  туған   үйінде   отырып   жазған   жазушы   тұрғай,   майданнан   250  километр 
алыста болған тыл офицері алдыңғы шепте жүрген дивизия командирінің, ал майданнан 
он   километр   аулақ   тұратын   штаб   хатшысы   алғы   шепте   жүрген   жауынгердің 
психологиясын   білмейді.   Сондықтан   олар   өзі   бастан   кешпеген   ерлік   пен   батылдықты, 
үрей мен қорқынышты соғысқа қатынасқан адам сенетіндей етіп суреттей алмайды. 
Ондайлар   тек   қана   өздерінің   оқығандарынан,   естігендерінен,   өз   ойы   ғана   жеткен 
мөлшерден қоспа жасайды. Қоспа дегеннің не екенін білесің бе? Қазақта осындай бір дәм 
бар.   Оны   ірімшіктің,   құрттың,   тарының,   бидайдың   талқанынан   жасайды.   Бәрін 
араластырып жіберіп, сары майға жаншады. Сонда одан аузына салғанда ірімшіктің де, 
сықпа құрттың да, тарының да, талқанның да дәмі білініп тұрады. Бірақ ол тары да емес, 
ірімшік   те   емес,   небәрі   қоспа   ғана.   Соғыс   жайындағы   әр   кітаптың   әсерінен   құралған 
шығарма   да   сондай   болады.   Сен   зеңбірек   командирі   болдың,   артиллерияның   кіші 
командирісің.   Өзің   ойлашы:   жабық   позициядан   жау   жаққа   дүңкілдетіп   снаряд   жолдап 
жатқан сен дәл сол сетте, 
төбесінен сенің жіберген снарядтарың ысқырып өтіп, окобының жиегін жау пулеметінің оғы 
инедей шабақтап жатқан кездегі өзі бас болып жігіттерін атакаға көтеруге міндетті жаяу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет