Ақиқат пен аңыз
Әзілхан Нұршайықов
I
Алматы жазда да, күзде де әсем ғой, шіркін! Сентябрьдің аяқ кезі болса да, астана
ыстық, шуақ, жылы нұрға бөгіп тұр. Бірақ ауа райының хабаршылары бүгін жиырма бес
градус ыстық болады деп айтқанымен, жаз жиырма бесі мен күз жиырма бесінің жалыны
бірдей болмайды екен. Жаздың мұндай күндерінде шолақ жең көйлек киген көше
жаяулары жандарына сая таппай дедектейтін еді. Қазір де көйлекшендер көп
кездескенімен, бірсыпыра жұрт иықтарына костюм іліпті, бәрі де аяқтарын асықпай
басатын болыпты.
Күн әлі де едәуір ыстық болғанымен, сары күздің келгенін сары ала жапырақтар
айқын анғартқандай еді. Төбеден төмен қарай қалықтай құлаған екі-үш жапырақ Фурманов
көшесімен жоғары қарай өрлеп бара жатқан менің алдыма келіп түсті.
Комсомол көшесінің киылысындағы «Ювелирторг» магазинінен өткеннен кейін,
үйлердін номеріне көз сала бастадым. Өйткені менің іздеп келе жатқан үйім осы тұста
болуға тиіс. Білетін адамдар маған магазиннен өтісімен-ақ оң жағыңа карай бер деп
түсіндірген. Расында да лезде-ақ мен бұрышында төрткіл көк қаңылтырға ак сырмен 117
деп бадырайта жазылған номері бар үш қабат үйдің қасына келдім.
Үйдің осы номеріне көзім түскен сәтте жүрегім сәл шым ете қалып, өн бойымды
әлдебір жеңіл діріл аралап өткендей болды. Ол бірте-бірте ұмытылыңқырап бара жаткан
ескі сезім еді. Ұлы Отан соғысында жүрген кезімізде, шабуылға шығар алдында дәл
осындай болып, көңіл кобалжыңқырайтын да, артынан дайындық басталғаннан кейін,
дененің дірілі басылып, қорыққаның, қобалжығаның ұмыт боп кететін.
Сыртқы есіктен ішке кіріп, үшінші қабатқа көтерілдім. Мен іздеп келген 6-пәтер
баспалдақтың сол жақ түкпірінде екен. Есіктің коңырауын іздеп, алғашында таба
алмадым. Аныктап қайтадан қарасам, есіктің топса жақ жақтауында көзге көрінер-көрінбес
боп, түймедей ғана коңырау кнопкасы тұр екен. Ішке хабар жіберіп, ақырын соны бастым.
Содан соң дәл келдім бе екен деп ойлап сағатыма қарасам - он болыпты.
Ішкі жақтан сөйлеп жүрген әйел даусы естілді. Маған есік ашуға келе жатқан кісі
болар деп, сәл шегініңкіреп тұрдым. Бірақ есік ашылмады. Мен кнопканы қайта бастым.
Осы кезде есіктің дәл ар жағынан шылдыр ете қалған қоңырау үнін естідім. Сонда ғана
басыма алғашында қоңырауды қатгы баспадым ба екен деген ой келді. Өйткені мұның
алдында дәл мұндай боп жақыннан шыққан қоңырау дауысын естімеген сияқты едім.
Әлде үйдің үшінші қабатына көтерілгенге жүрек алкынып, үй иесі қалай қарсы алар екен
деген сасқалақпен аңғармай қалдым ба, оны өзім де білмеймін.
... 1943 жылдың жазында біздің құрамамыз - 100-Дербес атқыштар бригадасы 2-
Балтық майданыньщ бір шетінен екінші шетіне ауыстырылды. Атап айтқанда Великие
Луки қаласының түбінен Ловать өзенінің жағасына барып жайғастық. Жорықпен жолда
кетіп бара жатқанымда менің қолыма «Знамя» журналының сол жылғы 5-номері тиді. Сол
журналда Александр Бек деген автордың «Панфиловшылар алғы шепте» атты повесінің
басы жария-
ланған екен. Мен онда Бек дегеннің кім екенін білмейтінмін, ондай жазушы барын да
естімеген болатынмын. Бірақ Панфилов дивизиясын, одан шыққан 28 батыр есімдерін,
Мәлік Ғабдуллин мен Төлеген Тоқтаров сол дивизияның түлектері екенін жақсы
білетінмін. Сондықтан болар, мен бұл повестен бас алмадым. Күндіз тоқтай қалғанда
күннің жарығымен, түнде қонған жерде ай сәулесімен оқыдым. Оқыған тарауларды жол-
жөнекей жауынгер серіктеріме баяндап та отырдым. Содан соң, алғы шепке сол
журналдың 6-номері және келді. Панфиловшылар туралы повестің жалғасын түнде, ай
қараңғы болғандықтан, зеңбірек касына келіп отырып, аккумулятордың жарығымен
оқыдым. Повесть те бітті,
аккумулятордың да жарығы таусылды. Әрине, менің мұным тәртіп бұзғандық, тіпті қылмыс
еді.
Менің зеңбірегімнің жарығы таусылғанын взвод командирі лейтенант Полянңев ертеңінде-
ақ білді. Ол білген жоқ еді, мен өзім айттым. Зеңбірегімнің жарығын түнде кітап оқимын
деп тауысып алдым дедім.
Полянцев өте ашуланшақ кісі еді. Бірден айғайды салып, сыбап алды. Мен сені қазір атып
тастаймын деді. Бірақ атқан жоқ. Погонымды, мылтығымды, белбеуімді сыпырып алып,
үш тәулікке гауптвахтыға айдатты. Кылша мойным талша деп, қару кезенген солдаттың
алдына түсіп, желбегей шинелім салпандап, дивизион штабының қасындағы гауптвахтыға
қарай сапар шектік. Бұл бір көрмеген құқайым еді, оны да көретін болдым деп ойладым
ішімнен.
Позициядан шыға бере алдымыздан біздің батареяға қарай салт атпен келе жатқан
дивизион командирі майор Сахонь кездесті.
Майор Сахоньды біз генерал Панфиловтан кем көрмеуші едік. Тілі сақаулау болғанымен,
өте байсалды, ақылды кісі еді. Карамағындағы артиллеристерді офицерден бастап, әрбір
солдатына дейін білетін. Мен, айдауда келе жатсам да, екі қолымды жамбасыма
жапсыра ұстап, аяғымды көтере сермеп, дік-дік басып, мойнымды командир жакка бұрып,
салт атгы Сахоньның қасынан сәлем беріп өттім. Майор мені таныды да, атының тізгінін
тартты.
- Қане, тоқтандар, - деді артымда маған мылтық кезеп келе жаткан айдаушы
солдатқа.
Майор атының басын бұрып, қасыма өзі келді де:
- Аға сержант, қайда жол тартып барасың? - деді.
- Гауптвахтыға, жолдас майор.
- Не үшін?
- Зеңбірек аккумуляторын шығындап түнде кітап оқығаным үшін.
- Ол дұрыс болмаған екен.
- Кінәлімін, жолдас майор.
- Қандай кітап еді?
- Панфиловшылар туралы.
- Ұнады ма?
- Өте ұнады, жолдас майор.
- Момышұлының, оның басқа да жерлестерінің ерлігіне сүйсіндің бе?
- Сүйсінгенде қандай, жолдас майор!
- Мен де сүйсіндім. Ал сен ол кітаптың мазмұнын жолдаста- рыңа айтып бердің бе?
- Дәл солай, жолдас майор. Бүкіл батареяға баяндап бердім.
- Онда жігіт екенсің, аға сержант, - деді майор маған ат үстінен сығырая карап. - Сені
гауптвахтыға кім жіберді?
- Взвод командирі лейтенант Полянцев, жолдас майор.
- Ендеше мен сенен ол жазаны алып тастадым. Казір қайт та, взводыңа барып, өз
міндетіңе кіріс. Лейтенант Полянцевқа менің осы бұйрығымды айт.
Біз батареядан қырық-елу метр ғана алыстаған едік. Айдаушы солдат өз бетімен кетті де,
мен старшинаға барып погонымды, белбеуімді, наганымды алдым. Пилоткамның қызыл
жұлдызын қайта қадап басыма кидім де, асықпай аяндап, орман шетінде жауынгерлермен
сабак өткізіп жаткан взвод командиріне карай беттедім. Лейтенант мені көре сала
орнынан ұшып тұрып, бакырып коя берді.
- Сен неге сенделіп жүрсің әлі күнге дейін? - деп ақырды.
- Сенделгенім жоқ, түп-түзу келе жатырмын, жолдас лейтенант.
Оның аузы жыбыр-жыбыр ете түсті. Бұл оның мені әке-шешемнен сықпыртканы.
- Менің саған гауптвахтыға бар дегенім қайда?
- Орта жолдан қайтып келдім, - жолдас лейтенант.
- Кім право берді саған гауптвахтыға бармай кайтып келуге? Бұл үшін мен сенің көзіңе
көк шыбынды үймелетермін әлі.
Осылай деп ол қасында тұрған сержантқа бұйрық берді:
- Омарбаев, қазір мынаның белбеуін шешіп, погонын сыпыр да, дивизиондағы
гауптвахтыға айдап бар.
Мұқан Омарбаев амалсыз орнынан тұрып, аяғын сылбыр басып маған карай аяндады.
Мен оған «асықпа» дегендей белгі бердім де:
- Баяндауға рұқсат етіңіз, жолдас лейтенант, - дедім Полянцевқа қарап тік тұра калып.
- Үніңді өшір. Рұқсат етпеймін, - деді ол.
- Рұксат етпесеңіз, онда мен рұксатсыз баяндауға мәжбүр боламын...
- Өшір үнінді...
- Қазір, жолдас лейтенант. Сіздің бүйрығыңызды дивизион командирі майор Сахонь
жолдас бұзды, - дедім мен. - Майор осыны сізге айт және Полянцев жолдас дереу маған
келсін деді.
- Қайда майор? Сен бағанадан бері неге айтпай тұрсың ол кісінің шақырғанын?
- Айтайын деп едім, сіз маған сөйлеуге рұқсат бермедіңіз ғой, жолдас лейтенант.
Лейтенант пилоткасын түзеп киіп, қос бармағын белбеуіне сұқты. Гимнастеркасының
бырысканын артына қарай жиырды.
- Қайда жолдас майор?
- Позицияда.
Лейтенант орман шетіндегі зеңбіректер тұрған жерге қарай тұра кеп жүгірді. Барды да
майорға өзінің шақырту бойынша келгенін айтып рапорт берді. Майор мен лейтенанттың
барлық сөздері бізге анық естіліп тұрды.
- Зеңбірек командирін не үшін тұтқындадыңыз, жолдас лейтенант? - деп сұрады
майор.
- Түнде кітап оқимын деп зеңбірек шамын тауысқаны үшін, жолдас майор.
- Неге сүйеніп тұтқындадыныз?
- Уставқа сүйеніп, жолдас майор. Устав бойынша тәртіп бұзған жауынгерді үш тәулікке
дейін гауптвахтыға отырғызуға правом бар ғой.
- Әрине бар. Бірақ Уставтағы правоны дұрыстап пайдалана білу керек, жолдас
лейтенант. Ол сержант бір зеңбіректің отын өшіргенімен, сол оқыған кітабы арқылы
батареяның бар жауынгерінің жүрегіне от жақты. Уставта осы да есептелген. Сіз оны
ескермегенсіз. Өзіңіз батальон командирі Момышұлы туралы кітапты оқыдыңыз ба?
- Жок, жолдас майор.
- Ендеше, оны оқымағаныңыз үшін, мен сізді үш тәулікке үй тұтқыны етіп қамасам
қалай болар еді? Бұл да менің уставтық правом ғой. Сонда сіз ол кітапты оқып шығарсыз
деп ойлаймын.
- Кұп, жолдас майор, үш тәулікке үй тұтқыны болуға. Бірақ ана кітапты қайдан
аламын?
Оны өзіңіз тұтқындаған сержанттан сұраңыз... Мен сізге арест жарияламаймын,
лейтенант. Бірак бұл есіңізде болсын.
Осыдан кейін «Знамя» журналының мендегі екі номері қолдан-қолға көшті. Каршадайынан
батырлар жырын жаттап өскен қазак балалары бұл повесті өлеңдей жаттап алдық.
«Фамилиясы жоқ адаммен»-батальон командирі Бауыржан Момышұлымен біз майданда
осылай танысқан едік. Оның ерлігіне, батылдығына, тапқырлығына, сонымен бірге
адамгершілік асыл қасиеттеріне сүйсіндік. Егер өтірік жазсаң алдымен сол қолынды, одан
соң оң қолынды шауып тастаймын деп, қылышын жарқ еткізіп қынабынан суырып алып,
жазушыға серт қойған сәті әрқашанда жадымызда жүрді. Оның Боранбаев есімді корқақты
жазалағанын да жөн көрдік. Оның Бозжанов, Рахимов сияқты серіктерін де
өзімізге үлгі тұттық. Командирлеріміз Бауыржандай қатаң, қаһарман болуға тырысты. Біз,
солдаттар, Бауыржандай батыр, батыл болуға ұмтылдық. Бәріміз де Момышұлын бір
көрсек, тілдессек-ау деп арман еттік. Бірақ мен Бауыржанмен соғыста кездесе алмадым.
Ал онымен соғыс біткеннен соң 18 жыл кейін, онда да тек телефон аркылы ғана
тілдесуіме тура келді.
Момышұлы әскерден босап, Алматыға келгенде мен Павлодарда кызметте
болатынмын. «Бауыржан отставкаға шығыпты», «Бауыржан пәленшеге былай депті»
деген сияқты ұзынқұлақ хабарларды естігеніміз болмаса, көпке дейін онымен жүздесу сәті
түспеді. Алайда мен киын күндерде пір тұтқан адамым болғандықтан жүрегімдегі оған
деген сонау солдат кезеңнің ыстық сезімін суытпай сақтап жүрдім. Оның үстіне
Момышұлының «Біздің семья», «Жауынгердің тұлғасы», «Москва үшін шайқас» атты
кітаптары бірінің соңынан бірі шығып, менің оған деген сүйіспеншілігімді бұрынғыдан да
арттыра түсті. Момышұлын бұрын командир ретінде кұрметтесем, енді жазушы ретінде
және жақсы көре түстім.
1961 жылы мен Алматыға ауыстым. Сол жылдың жазында Қазақстанның 40
жылдығын тойлау белгіленді де, соған арнап газетіміздің мерекелік қосымша номерін
шығармақ болдық. Мерекелік номерге басқа авторлармен бірге Момышұлының да
мақаласы жоспарланды. Редактордың орынбасары ретінде қосымша номерге жетекшілік
ету маған жүктелген-ді. Мақаласын ұйымдастыратын авторларды редакция
қызметкерлеріне бөле келгенде жұрттың бәрі Бауыржаннан кашқалақтап, онымен
байланыс жасаудан тайсалақтай берді. Мен оның себебін түсінбедім.
- Ол кісімен сөйлесу қиын, - деді партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі ақын
Құрманғали Ұябаев, - көңілі түспесе ұрсып тастайды, сөйлеспей қояды. Жігіттер
сондықтан батпай отыр. Ол кісімен өзіңіз сөйлескеніңіз дұрыс.
Акыры Бауыржанның үйіне менің телефон соғуыма тура келді. Ар жақтан трубканы
әйел алды. Әйелмен сәлемдескеннен кейін мен Баукең үйде ме деп сұрадым.
- Үйде. Бұл қайдан? - Мен қайдан екенін айттым. Әйел «казір» деп трубканы тастап
кетіп калды.
- Мен тындап тұрмын, - деді бір кезде еркек дауысы трубканы жарып жібере жаздай
гүр ете түсіп.
- Сәлеметсіз бе, Бауке.
- Сәлемет.
- Бұл «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясынан ғой, - дедім мен шапшаңдата
сөйлеп, әскери адам жіті, қысқа, нак сөйлегенді ұнататын болар деген оймен. Содан соң
лауазымым мен фамилиямды айттым да, бірден бұйымтайға кірістім. - Мерекелік номерге
сіздің мақалаңызды жоспарлап едік. Соған...
- Тоқта, фамилияң кім сенің? - деді Бауыржан менің жоғарыда айтқандарыма мән
берместен.
Мен фамилиямды қайталап айттым.
- Мен ондай адамды білмеймін, - деді Бауыржан сөзін нығыздай сөйлеп. - Мен сізбен
сөйлеспеймін...
Бұл күнге дейін мен газет атынан сөйлескен кісіге мұндай жауап берген адамды
кездестірген жоқ едім. Аудан, облыс, өлке басшыларымен емін-еркін сөйлесіп, тілек-
тапсырмамызды бірден айта беретінбіз. Үлкенді-кішілі журналистермен сөйлеспейтін,
олар-
дың өтінішін орындаудан бас тартатын ешкім болмайтын. Момышұлы мандайдан тарс
еткізіп, екі сөзге келместен, трубканы ілді де тастады.
Абыржып, аң-таң болып мен қалдым. Ақыры: жазушы ағайындардың жазғанын ғана
окып, атағына алыстан сүйсініп жүре беру керек екен-ау. Оларды көрсем, білсем,
тілдессем деу бекершілік екен ғой. Қайта солардың мінез-кұлқын, жеке өмірін білмей-ақ
қоюдың өзі абзал шығар деп түйгенмін де қойғанмын.
Әрине, Момышұлы жоғарыда аталған мақаланы бізге жазып беріп, ол қосымша
арнаулы номерде жарияланды да. Менімен сөйлеспегені үшін Бауыржан артынан ғапу да
өтінді. Дегенмен, жүрегім сол жолы май ішкендей шайлыққан мен осыдан кейін
Момышұлына жоламайтын да, жуымайтын да едім. Аман-сау, абыройлы болуына сырттан
тілектес көптің бірі болып жүре беретінмін. Мінеки, бүгін келіп мен сол адамның есігін өзім
қағып тұрмын.
- Әй, ашсаңшы, - деп гүр ете калған зор дауыс естілді менің коңырауымнан кейін.
«Бұл мықтының өзі болды» дедім ішімнен.
Есік ашылды. Үстіне аяғының басына түсе сүйретілген гүлді көк халат киген сұңғак бойлы,
сымбатты әйел карсы алды. Бұл - Бауыржанның жұбайы Кәмәш. Батырдың әйеліне бас
идім де, кіруге рұқсат сұрадым.
- Кіріңіз.
Кірсем, есіктің дәл қарсысында кухня бар екен. Соның төрінде таңертеңгі шай үстелінің
басында, ескі әскери кительді иығына желбегей жамылған, үстіне қайырма жағалы,
омырауы ашық, сарғыш түсті кейлек, жолақты жұқа шалбар, аяғына жасыл тапочка киген
Бауыржан отыр екен. Үстел басында еңсесін тік ұстап, еті қашқан иегін сәл көтере түсіп,
сырттан кірген кім екен деп, есікке тесірейе қарап отырған ол бір сәт маған шығыңқылау
бет сүйегін, суалыңқылау ұртын, салбыраңқы мұртын, кісіге тайсалмай тіке қарайтын,
қарағанда жанарынан ұсақ-ұсақ ине шашырап жатқандай боп көрінетін сәл қысықтау көзін,
қара жартастай қасқиып тік жажан мандайды шимайлаған жол-жол әжімдерін әлдебір
шебер қол гранитке айқындай қашап, айнытпай түсірген аса бір сұсты, сол сұстылығымен
тартымды көрінетін тас мүсінге ұксап кетті.
Табалдырықтан атгағаннан кейін мен оң қолымды кеудеме басып:
- Бауке, сәлеметсіз бе? - дедім.
Бауыржан үндемеді. «Бәлей, бүлдірдім-ау. Ассалаумағалейкум деп айтпағаныма
кырсығып отыр ма?» - деп мен де үнсіз тұрып қалдым. Бауыржан өзіне сәлемді қазақша
бермеген адамдарды үйінен қуып шығады екен деп естігенім болатын. Және ондайда
бірден: «Кругом! Шагом марш!» деп айтады екен депте еститінмін.
Маған да солай етер ме екен деп қатты қысылып тұрдым.
Осы арада Бауыржанның тілшілерді қабылдауына байланысты жұрт аңыз етіп
айтатын екі оқиға ойыма сап ете қалды. Бірде Момышұлына радиодан магнитофонын
арқалап тілші келеді. Тілші шашын әйелше қоя берген жас жігіт екен.
- Әй, сен кімсің? - дейді Бауыржан оны көрген бойда.
- Радиожурналистпін, ағай. Сізбен сөйлесейін деп келіп едім.
- Өзің әйелмісің, еркекпісің, мен сонынды айт деп тұрмын саған.
- Еркекпін, ағай.
- Кругом! - дейді Баукең оған ежірейіп. Сасқан жігіт ұршықша айналып кейін бұрылып,
есікке қарап тұрады. - Сен еркек болсаң, онда шашынды еркекше алдырып кел. Марш!
Жігіт салы суға кетіп кеңсесіне қайтады. Қыскартайын десе шашын қимайды,
қысқартпайын десе - тапсырма қинайды. Сөйтіп жүргенде бір күн өте шығады. Ертеңінде
оны бастығы шакыртады.
- Момышұлымен әңгіме дайын ба? - деп сұрайды бастық.
- Жок.
- Неге?
- Шашыңды еркекше алдырып келмесең, сенімен сөйлеспеймін деп куып шықты.
- Шашынды неге алдырмайсың?
- Кимаймын.
Бастық ашуланады.
- Ол материал программада тұр. Шашың тұрғай басынды алдырсаң да бүгін материал
осында болсын! - деп бұйырады ол жігітке.
Жігіт амалсыздан шаштаразға барып шашын жұқарттырады. Содан соң Бауыржанға
қайтадан барады.
Екінші аңызда Бауыржан Кубадан келгенде бастығы Момышұлынан интервью әкел
дегенде бір журналистің «Мені Бауыржанға жұмсағанша тордағы арыстанның жалынан бір
сипап қайт деп бұйырыңыз» дегені айтылатын.
Осы екі оқиға есіме түскенде менің одан сайын берекем қаша бастады.
- Мұнда кел, - деді Бауыржан даусын жылытпастан маған тесірейе қараған күйі. Әлі де
қуып шығар, шыкпасына көзім жетпей сақтана басып қасына барғанымда Бауыржан қолын
ұсынды.
- Аман-есенбісің?
- Шүкір, Бауке.
- Отыр,-деп менің арт жағымдағы бос орындықты нұсқады.
II
- Бауке, денсаулығыңыз қалай? Анада, өткен май айында ауруханада
жатқандағыңыздан кейін көрісіп отырғанымыз осы, жүдеп калған сияқтысыз ба? - дедім
әңгімені бастардан бұрын.
- Мен салмын,-деді ол сәл бөгеліп барып. Бауыржанның не айтқалы келе жатқанын
мен қапелімде аңғара алмай қалдым. «О не дегені? Ақан сері, Біржан сал сияқтымын
дегені ме? Оны неге байланысты айтып отыр?» - деп ойладым. - Сал аурудың не екенін
түсінесің бе? - Мен ол сөздің мәнісін енді ұқтым да, басымды изедім. Бауыржан сөзін
қайтадан жалғады. - Мына асқазан, өкпе, бауыр, жүрек, жүткыншақ дегендерің тегіс сап-
сау. - Ол алдымен кеудесін сипады да, екі қолын бірдей беліне апарып тоқтатты. -
Ал мына жақ ит боп кетті, жүре алмаймын. Мұның өзі жұлын, жүйкеге байланысты ауру.
Мен екі рет ауыр жарақаттанған кісімін.
Бірақ екеуінде де саптан шыққамын жоқ. 1942 жылы полк командирі кезімде омыртқама оқ
тиді. Санбатқа жеткізгенше ес-түсімді білген жокпын. Есімді жисам, етпетімнен жатыр
екенмін.
Бас жағымда дәрігер бірдеңе деп баж-бұж етіп тұр. Бақсам сөзі мен туралы екен. «Бұл
кісіні дереу госпитальға жіберу керек» деп безек қағады.
- Сонша не боп қапты?-дедім дәрігерге.
- Омыртқаңызда оқ қадалып тұр, жолдас капитан,-деді дәрігер одан сайын дегбірі
кетіп. - Сізді дереу госпитальға жөнелтуіміз керек.
Тістеніп, әрең дегенде қолымды жеткізіп, арқамды сипасам, расында да оқ бар екен.
- Скальпелің бар ма? -дедім дәрігерге.
- Жок.
- Өткір бәкің бар ма?
- Жоқ.
- Ұстараның жүзі бар ма?
- Бар.
- Ендеше соны спиртпен шай да, оқ тұрған жердің етін кес!
- Олай етуге болмайды, жолдас капитан...
- Болады! Бұйырамын! Орындамасаң -атамын! - деп етпеттеп жатқан күйімде оң жақ
жамбасымдағы кабураның аузын ағыта бастадым. Батырға да жан керек деген емес пе,
дәрігер дереу айтқанымды істеуге кірісті. Ол аркамды кескілей бастағанда пистолеттің
сабын сындырардай кысып, тісім шықырлап мен жаттым.
- Мінеки, жолдас капитан, оғыңыз! - деп дәрігер әлден уақытта омыртқама тірелген
оқты алып, алақаныма салды. Жарамды тандырып алып, арқамнан алынған оқты мені
санбатқа жеткізген Блоха деген жауынгерімнің колына ұстата салып, жаумен ауыр ұрыс
жүргізіп жатқан полкке кайтадан жеттім. Бірнеше күн қатарынан жаумен жағаласып, жан
ұшырып жүргенде арқамдағы жараны ұмытып та кеттім. Ол бірде суланып, бірде қара
қотырланып, бірде кыши бастап, өзінен-өзі жазылып та бітті.
Бауыржанның аузынан шыккан Блоха деген фамилия менің көз алдыма екінші бір
картинаны елестетті.
1960 жылы бір топ ақын, жазушы шахтерлермен кездесу үшін Алматыдан Қарағандыға
келді. Солардың ішінде Бауыржан Момышұлы да бар еді. Бір күні таңертең жазушылар
шағын-шағын топтарға бөлініп, шахталарға кеткелі жатканда, мейманхананың Бауыржан
түскен бөлмесінің есігі тыкылдады.
- Кіріңіз, - деді жайбарақат темекі тартып отырған бөлме иесі.
- Қайда менің батям? - деп гүрілдек дауысты, Бауыржанның өзін екі орап алғандай
алпамса денелі, ұзын мұртты әлдебіреу ырғаң-ырғаң басып, есікті айқара ашып тастап
ішке қарай кіріп келе жатты.
Бауыржан тез мойнын бұрып, дауыс шыққан жаққа жалт қарады. Жалт қарады да,
корбандап, құшағын жайып, өзіне қарай ұмтылып келе жатқан алып денелі адамды бірден
таныды. Батырдың қаһар жүзі жылып, қатал жүрегі жібіп, жұмсарып қоя берді. Бір кезде
полк командирі Момышұлын қол астындағы жауынгерлерінің бәрі тегіс «батя» деп
атайтын еді. «Батя» - қазакша «әке» деген сөз. Командирдің өзін қол астындағы
жауынгерлері ресми түрде «жолдас командир» деп атауы оңай. Ал оның «әке» деп атауы
оңай іс емес. Солдаттар әкедей зейіл, әкедей әділ, әкедей қамқоршы командирді ғана,
Достарыңызбен бөлісу: |