АқИҚат пен аңыз роман-диалог бірінші диалог I



Pdf көрінісі
бет19/32
Дата29.09.2022
өлшемі1,61 Mb.
#40875
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32
Байланысты:
(pdf) Әзілхан Нұршайықов — Ақиқат пен аңыз

жазуға сенің қаламың қорқақ, тілің қысқа. Сондықтан байқа, олардың
мазмұнын дұрыс беру үшін тиісті адамдармен ақылдас.
— Кіммен ақылдасайын? Сіздің ұйқыңызды бөліп жазып алған
нəрселерімді қайта түсіндір деп əурелеуге ұялдым, — деді маған Бек.
— Кіммен ақылдасуыңды Мəлік пен Құрманбектен сұрағын, — дедім
мен оған.
Бақсам, Мəлік пен Құрманбек Сізді ұсынғанға ұқсайды. «Қырық мақал»


дейтін бір нəрсе жазып едім. Егерде оны Құрманбек жөн деп тапса Сізге
жіберер.
Уақыт, жағдай белгілі ғой. Ойдағыны түгел жазуға шама қайдан
келсін, айып етпеңіз.
Хатыңызға, талабыңызға бас иіп, сəлем беруші Бауыржан.
18. 8. 1942 жыл.
PC. Əбділда мен Əлжаппарға сəлем айтуыңызды сұранам».
Бауыржан. Иə, бұл менің Əуезовке жазған жауап хатым болатын.
Автор. Мұхаң өз хатында не айтқан еді?
Бауыржан. Александр Бекпен тілдесіп, оған бірсыпыра жайдан түсінік
бергенін, өзінің де Отан соғысы туралы кең тынысты роман жазғысы
келетінін, бірақ ол үшін талай уақыт ойланып, толғанатыны, соғысқа
қатысқан талай адамдармен əңгімелесетінін айтып, соғыс жайын жақсылап
ұғындыратын адамдардың бірі өзін болсаң екен деген тілегін білдірген.
Автор.
Хатыңыздағы
Мұхаңның
шығармасынан
келтірілген
цитатыңызды əдейі салыстырып шықтым. Еңлік қыздың Кебек батырмен
қол ұстасып кетерде елімен қоштасқан төрт ауыз өлеңінің ең соңғы шумағы
екен. Қолында цитат көшіріп алатын кітабы жоқ соғыста жүрген адам бір
жолын, тым болмаса бір сөзін шатыстырған-ақ шығар деп ойлап едім. Тіпті
бір де əрпі ауыспапты.
Бауыржан. Немене, біз жас кезімізде əдебиет оқымай, ай қарап жүрді
деп ойлап па едің?!
Автор. Сіздің Əуезов творчествосына сонау қырық екінші жылы берген
бағаңыздың айнымай дəл шыққанына жəне таң қалдым.
Бауыржан. Көзі бар кісінің бəрі асқар тауды алыстан көреді. Тек
мүгедек соқыр адам ғана Алатаудың қасында тұрса да оның қандай екенін
болжай алмайды. Мені соқыр деп пе едің сен!? Кəне, келесі сұрағыңа
көшкін.


Автор. Сол хатыңыздағы: «Бек үлкен жазушы емес — жақсы
стенограф» деген сөзіңізге қазір қалай қарайсыз?
Баукең сəл ойланып алып, жауап берді.
Бауыржан. Ол қырық екінші жылғы хат қой, қарағым. Бек ол кезде
одаққа танымал үлкен жазушы емес болатын. Полкқа келгенде аузымнан
шыққан сөздің бірін қалдырмай жазып ала беретін. Сондықтан ол тұста
мен оны үлкен талант иесі емес, жақсы стенограф қана болар деп
ойлағаным рас. Ал бірақ Бек кейіннен аса талантты жазушы екенін
танытты. Одаққа ғана емес, бүкіл дүние жүзіне əйгілі қаламгерлеріміздің
бірі болды. Оның «Волоколамск тас жолы» кітабы барша жер шарын
шарлап кетті. Ең алдымен сол кітап арқылы қазақ халқының ерлігі, оның
бір ұлы менің есімім Отанның іші, тысына тегіс мəшһүр болды. Осы үшін
оған мың мəртебе рақмет! Бұл үшін оған менің осы күнгі үрімбұтағым,
алыс ұрпағым, тек өз ұрпағым ғана емес, ұлтым да мəңгілік қарыздар.
Болашақта Алматының жəне облыс орталықтарының бір-бір көшесі
Александр Бек атына қойылса орынды-ақ болар еді. Бірақ оны мен емес,
қалалық советтер шешеді ғой, қарағым. — Осылай деп Баукең басын сəл
еңкейте түсіп, үнсіз отырып қалды. Біраздан кейін еңсесін қайта көтеріп,
сөзін жалғады. — Осы сияқты қазақ халқы ерекше қарыздар тағы бір орыс
жазушысы бар.
Автор. Ол кім, Бауке?
Бауыржан.
Оның
аты
да

Александр.
Бірақ
Александр
Альфредовичтен басқа, Александр Юрьевич Кривицкий.
Автор. Оны қай себептен айтып отырсыз?
Бауыржан. Панфиловшы 28 батырдың атағын дүние жүзіне паш етіп,
артынан аттарын анықтаған адамның кім екенін білмеуші ме едің?
Енді есіме түсті.
Москва үшін шайқасқан сол ауыр күндердің бірінде, ноябрьдің аяқ
шенінде «Красная звезда» газетінде «Жиырма сегіз батырдың өсиеті» деген
басмақала жарияланды. Онда, осыдан бірнеше күн бұрын Москва түбінде
жаудың елуден аса танкі Панфилов дивизиясының жиырма тоғыз
жауынгері бекінген шепке лап қойғаны, совет жауынгерлерінің тайсалмай


елу тажалды қарсы алғаны, олардың тек біреуі ғана қорқақ боп шыққаны,
саяси жетекші Диевтің басшылығымен қалған жиырма сегіз батыр елу
танкпен шайқасып, оның он сегізін өртеп, өздері тегіс Отан үшін опат
болғаны айтылған болатын.
Ертеңінде «Красная звезда» газетінің редакциясына Одақтың ең үлкен
ақсақалы Михаил Иванович Калинин телефон соқты.
— Біздің адамдардың өлімі аянышты-ақ, жанға батады, — деді ол
жиырма сегіз батырдың ерлігіне сүйсініп, өліміне өкіне отырып. — Бірақ
соғыс шындығы — ауыр, ол шындықты айтпау одан да ауыр. Не істерсің,
Ленин айтқандай, соғысқаннан кейін шындап соғысу керек. Сіздердің
ерлерді мадақтағандарыңыз — жақсы іс. Енді олардың аты-жөнін білген
жөн. Іздестіріп көріңіздер. Адал ерлер атаусыз қалмауы керек.
Сол күні редакторға тағы да телефон соғылды. Қызыл Армияның
жоғарғы Бас басқармасының бастығы газеттің «Жиырма сегіз батырдың
өсиеті» деген басмақаласынан қауымдасқан бұқаралық ерліктің жарқын
өнегесі танылатынын, оған Сталиннің өзі көңіл бөліп отырғанын айтты.
Осыдан кейін редактор бұл басмақаланың авторын кабинетіне
шақыртты. Ол жас журналист Александр Кривицкий еді. Крипицкий ол
мақаланы редакцияға алғы шептегі дивизиялардың бірінен келіп түскен
төрт жол ғана саяси ақпарға сүйеніп жазған еді. Мұндай ақпарлар
редакцияға көптеп келіп жататын. Редактор армия саяси бөлімінен
шындығын анықтағаннан кейін бұл ақпарды басмақалаға факты ретінде
пайдалануға ұсынған. Ал онда Дубосеково мен Диев деген бір ғана
фамилия көрсетілген еді. Танкпен шайқасқан өзге батырлардың бірде-
бірінің аты-жөні айтылмаған.
Қырық бірінші жылғы декабрьдің басында, сақылдаған сары аязда
Кривицкий Москва іргесінде жаумен шайқасып жатқан дивизияны іздеп
алғы шепке аттанған болатын.
Бір адым ілгері аттап, екі адым кейін шегініп, шегінген жерден қайта
шабуылға шығып, жаумен күні-түні қиян-кескі ұрыс жүргізіп жатқан
дивизияның басшыларына жолығу, жолықсаң əлдененің егжей-тегжейіне
қану үшін толықтап тілдесу мүмкін емес болатын. Оның үстіне
дивизияның аяулы əкесі Панфиловтан айрылып, көп адамы құрбандыққа


ұшырап қызыл жоса қан болып жатқан шағы еді. Өлінің орнын тірі басып,
жаралының міндетін жаңа келгендер атқаруға кірісіп, біреуді біреу біліп
болмайтын тұста келген əскери тілшінің бірден жолы болмады. Жолы
болмағаны сол бұл дивизияда Диев деген саяси жетекшіні ешкім білмейтін
болып шықты, ешбір тізімде жоқ. «Красная звезда» газетінің 28 батыр
жайында жазылған басмақаласын мұнда ешкім де оқымаған, көрмеген. Не
газетті алғы шептегі дивизияға жеткізіп бере алмаған, берсе жаумен
жағаласып жатқан жұрттың газет қарауға мұршасы болмаған. Москва
түбінде опат болған мыңдаған адам топыраққа көміліп, қар астында қалып
жатқанда аты-жөні белгісіз 28 жауынгерді сұрастыру қақаған қаңтарда Қара
теңізге сүңгіп, қапылыста қолыңнан түсіп кеткен алтын сағатыңды іздеумен
пара-пардай еді...
Не істерін білмей жаны қысылған əскери журналист енді Диевті қойып,
16-ноябрьде Дубосековоны қандай бөлімнің қорғағанын сұрастыра
бастайды. Капров полкінің адамдары екені айқындалады. Капров
Дубосеково разъезін ол күні капитан Гундилович басқарған төртінші рота
қорғағанын айтады. Тілші енді Гундиловичқа келеді.
— 16-ноябрьде Дубосеково разъезін сіздің рота қорғағаны рас па?
— Рас. Ротаның саяси жетекшісі басқарған 29 адам қорғады. Бірақ олар
тегіс қаза болды.
— Саяси жетекші Диевті білесіз бе?
— Білемін. Ол менің ротамның саяси жетекшісі Клочков... Дəлірек
айтқанда соның екінші фамилиясы.
— Қалайша?
— Василий Клочков асыл азамат еді. Ол өз жігіттерімен Дубосеково
түбінде 50 танкіні тоқтатты. Не керек, өліп кетті. Тыным таппайтын.
Сонысына қарап ротадағы бір украин жауынгер: «Біздің саяси жетекші
Диев — тынымсыз жан» деп сүйсінуші еді. Осыдан ол Диев аталып кеткен
болатын.
— Опат болған сол 29 адамның аты-жөнін тегіс айтып бере аласыз ба?
Біреуі опасыз болып шыққан ғой, оны білесіз бе?


— Кімнің опасыз болғанын білмеймін. Мен өзге адамдармен ротаның
екінші қанатында болдым. Ал өлген 29 адамның аты-жөнін тегіс айтып
бере аламын.
Осылай деп капитан Гундилович планшет аша бастайды.
Осыдан кейін тілші Дубосеково разъезіне таяу жердің тұрғындарымен
əңгімелесті. Госпитальға барып, ондағы жаралы панфиловшылармен
тілдесіп, 28 батырдың бірі, өлім халінде жатқан Иван Моисеевич
Натаровпен кездеседі. Осыдан кейін ол Москваға қайтып келіп енді
«Красная звезданың» 1942-жылғы 22-январындағы номеріне «Мерт болған
28 батыр» деген очерк жариялады. Сонда олардың аты-жөні тегіс аталып,
ерлер өлімінің егжей-тегжейі толық баяндалды.
Бұл да аз. Александр Кривицкий 28 батыр жайында бұдан кейін
орталық газеттерде бірнеше очерктер жариялады. Нақ сол кезде
қоршаудағы Ленинградтан редакцияның шақыруы бойынша ұшып келген
көрнекті совет ақыны Николай Тихоновқа 28 батыр жайында қызықты-
қызықты
əңгімелер
айтып
беріп,
солар
жайында
жыр
жазуға
шабыттандырды. Сөйтіп Николай Семеновичтің осы ерлер жайында поэма
жазуына мұрындық болды. Тихоновтың «28 гвардияшы туралы жыры»
«Красная звезданың» 1942-жылғы 22-марттағы номерінде басылды. Бұдан
кейін бұл батырларға атақты ақын Михаил Светлов жəне поэма арнады. Ал
белгілі композитор Исаак Дунаевский «Менің Москвам» атты əнінде 28
батырдың ерлігін музыка тілімен толғады.
1942-жылы 21-июльде СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указы
бойынша даңқты 28 панфиловшыға өлгеннен кейін Совет Одағының
Батырлары атағы берілді. Дубосеково разъезіне жақын Нелидово
селосында осы оқиғаға байланысты өткен салтанатты жиын туралы очеркті
де Кривицкий жазды. Одан кейін «өліп тірілген» үш батырдың — 28-дің
тірі қалғандары И. М. Шемякин, И. Р. Васильев жəне И. Д. Шадриннің
бақытты тағдыры туралы да орталық баспасөзде бірінші боп жазу абыройы
Кривицкийге жəне тиді.
Содан көп жылдар кейін Александр Кривицкий 8-ші гвардиялық
дивизияның адамдарына арналған «Москва түбіндегі қарауыл» атты
кітабының бір бетіне былай деп жазды:


«Мен бақыттымын, маған тағдыр панфиловшылардың ерлігіне
жақындасуға, ұрыс картинасын қалпына келтіруге, батырлардың есімдерін
тауып, олардың ерлігі туралы бірінші болып айтып беруге мүмкіндік берді.
Адамдарды рухтандыратын бұл ерлік туралы бірінші болып айтып
берушінің бақыты менің санамда өмірімнің соңғы минутына дейін
сақталатынын мен білемін».
Автор. Рас айтасыз, Бауке. Ұлы Отан соғысы батырларының ішінен 28
ердің есімі, аспандағы көп жұлдыздар арасындағы үркердей жарқырап,
адамзат тарихында мəңгілік қалды ғой. Олар адамдар арасындағы
достықтың, туысқандықтың, отаншылдықтың социализм елін, қорғау
жолындағы бұқаралық ерліктің өшпес өнеге — шамшырағы боп нұр
шашуда.
Бауыржан. Сол батырлардың жиырма екісі казақстандық та, төртеуі —
Нарсұтбай Есболатов, Мұстафа Сеңгірбаев, Асқар Қожабергенов, Əлікбай
Қосаев — қазақ қой! Халқымыздан шыққан Совет Одағының түңғыш
батырлары! Менің біз Кривицкийге де ерекше қарыздармыз дейтін себебім
сол, қарағым. Сол азаматтың қажыры, қайраты, дəйектілігі арқасында өлген
ерлердің есімі бар əлемге мəшһүр болды. Егер Кривицкий мұншама
табандылық көрсетпесе, Москва түбінде бораған қауіп-қатер боранының
ішінде тырмысып жүріп қолындағы ерлік арқанының ұшынан өлсе де
айрылмауға бел байламаса 28 батырдың аты-жөні табылып, тарихта қалар
ма еді, қалмас па еді? Əңгіме осында. Ел үшін еткен ерліктің бұл да бір
түрі! Келе-келе Кривицкий очеркист-жазушыға айналды. Ал жазушы халық
үшін қалтқысыз қызмет еткен адамды мəңгі жасатады. Бастапқы сөзімді
қайталап айтамын: Панфиловты, оның дивизиясынан шыққан 28 батырды
жəне басқа панфиловшыларды мəңгі өлмейтін етіп, тірілердің қатарында
қалдырған екі орыс жазушысы бар. Олар Александр Бек пен Александр
Кривицкий, бұлар жазған «Волоколамск тас жолы» мен «Москва түбіндегі
қарауыл» кітаптары. Түсінікті ме саған?
Автор. Түсінікті. Тағы да бір сұрақ, Бауке. Кривицкий 28 батырдың аты-
жөнін анықтау үшін дивизияға барған жолы сізбен де жолыққан екен.
Өзіңізбен жақсы дос, сырлас болып аттаныпты. Артынан Бек сол дивизияға
барып, Момышұлының батальоны туралы повесть жазып қайтты. Сонда
маған Кривицкийдің қолымен Бекке тағдыр сізді нұсқап жіберген сияқты
боп көрінеді.


Бауыржан. Оны Кривицкийден немесе тағдырдан сұрағын.
Автор. Бір сөзбен айтқанда, «Волоколамск тас жолы» Москва түбінен
басталған біздің улы жеңісіміздің де, совет халықтарының мызғымас
достығының да жəне сіздің есіміңіз арқылы қазақ халқының ерлік
даңқының да əлемге шеру тартқан даңғыл жолы болды ғой, Бауке.
Бауыржан. Жаңа айттым емес пе ол кітаптың авторына менің ұлтым да,
ұрпағым да қарыздар деп.
VIII
Автор. Сөйтіп, 1942 жылдың сентябрінде генерал Чистяков 21-ші
армияның командашысы боп Дон майданына кетті. Ал біз қайда қалдық,
Бауке?
Бауыржан. Біз қайда қалушы едік? Калинин майданында қалдық.
Генерал Кузьма Никитович Галицкий басқарған 3-ші екпінді армияның
қарамағында фашистерге қарсы күзгі, қысқы ұрыстарға əзірлендік. Майдан
командашысы генерал-лейтенант Максим Александрович Пуркаев деген
кісі болды.
Біз ол кезде Холмның түбінде қорғаныста тұрдық дедім ғой. Холм біздің
қолда. Ал Великие Луки, Невель, Новосокольники деген темір жол
бойындағы үш қала немістердің қарамағында. Холмдағы біздің əскерлер
фашистердің «Солтүстік» армиялар тобының денесіне кірш етіп кірген
найзадай сұғынып, немесе басқаша теңеумен айтсам, əлі от алдырылмаған
ракетаның космосқа көтерілер алдындағы тұмсығындай сұстана сүйдиіп,
немістердің бүйіріне қадалып тұрған болатын. Енді түсінікті ме саған?
Автор. Түсінікті, Бауке.
Бауыржан. Денесіне найза дарығанын кім ұнатады? Дереу оны қағып
тастауға немесе ортасынан опырып жіберуге тырыспай ма? Немістер де
сөйтті. Бірақ Холмды қайтадан ала алмады. Біз де жаудың жанды жеріне
қадалған найзамызды одан əрі түсуге тырыстық. Сонымен итіс-тартыс боп
ұзақ тұрдық. Бұл жерде немістердің жанұшыра тыпырлап, өлердей
арпалысуының екі түрлі себебі бар еді. Бірінші себебі мынадай. Калинин
майданының оң жағындағы көршісі Солтүстік-Батыс майданы ол кезде
жаудың 16-ші армиясын қоршауға алып, «Демьян қапшығының» ішінде


ұстап тұрған болатын. Оның «Демьян қапшығы» аталатын себебі ұзын
қапшыққа ұқсаған қоршаудың түбі біздің Демьянск деген қаламызға келіп
тірелетін. Ең алдымен немістердің сол «қапшықты» сыртынан тесіп,
жыртып, оның ішінде бір үйір егеуқұйрықтай шыңғырып, шақылдап
жатқан əскерлерін шығарып алғылары келді. Екінші себебі —
коммуникациялық ірі торап саналатын Великие Луки қаласын қолдарынан
шығармауға тырысты. Өйткені бұл қаладан жан-жаққа он тас жол, төрт
темір жол тарайды екен. Солтүстік жақтағы Дно, Новгород, Ленинградтан,
шығыс жақтағы Ржев пен Москвадан, ал батыстағы Балтық жағалауындағы
елдерден келетін жолдардың барлығы да осы Великие Лукиде тоғысады.
Оның үстіне оңтүстік-батысқа — Германияға баратын жолдар да осы
қаладан шығады. Қазақта «тоғыз жолдың торабы» деген ұғым бар ғой. Ол
жан-жақтан тоғыз жол келіп түйіскен деген мағынаны білдіреді. Ондай жер
ең үлкен орталық болып есептеледі. Ал Великие Луки тоғыз емес, он сегіз
жолдың торабы екен. Сондықтан да патша үкіметі Великие Лукидің ерекше
стратегиялық маңызын есептей отырып, бірінші дүние жүзілік соғыстан
бұрын аса қуатты темір жол торабы ретінде Великие Луки — Невель —
Новосокольники үш бұрышын салдырса керек. Мұндай мықты бекіністі
қолдан шығару кімге болса да оңай ма? Сол себептен де бізге қарай
немістердің «Орталық» армиялар тобынан əскерлер ағыла жөңкіп, біздің 3-
ші екпінді армияның қақ маңдайындағы Локня, Великие Луки, Невель
аудандарына келіп топтаса бастады. Мұндай жағдайда біздің 8-ші
гвардиялық дивизияға, бүкіл армия мен майданға қорғаныс шебін
нығайтқан үстіне нығайта беру қажет болды. .
Осы кезде генерал Галицкий де, генерал Пуркаев та біздің шебімізге
жиі келіп, оны нығайтуға бағытталған ақыл, кеңестерін үнемі айтып жүрді.
Бұл екі генералдың екеуін де полкта қонақ етіп, баяғы өзің көрген аспазым
Жанның қолынан дəм татырдым, қазақтың қазы-қарта, бес бармақ,
бауырсақ сияқты асыл асын жегізіп, қымыз ішкіздім. Алдымда аға
командир, дивизия басшысы полковник Серебряков тұрғанда менің
генералды қонаққа шақыруға қақым жоқ еді. Бір келген жолында Галицкий
полктың бекініс ауданын аралап көрді де, қайтарында маған:
— Майор жолдас, сенің полкыңның кухнясын біздің штабтың
офицерлерінің бəрі мақтайды. Не кереметің бар, көрсетпейсің бе бізге? —
деді.
Мен Серебряковке қарап едім, ол басын изеді.


Бір жолы Пуркаев келіп дивизия шебін аралағанда оны біздің полкке ең
соңында əкелген Серебряков:
— Жолдас генерал, осы жерден, мына майор Момышұлының
кухнясынан қазақша тамақ ішейік, — деп ұсыныс жасады.
Пуркаев қымызға əсіресе таң қалды.
— Мұны қалай жасайсыңдар? — деп сұрады тамсанып отырып.
Пайзиев генералға қымыздың қалай жасалатынын ғана емес, ол сауып
отырған биенің «өмір тарихына» дейін айтып берді.
— Тауарыш генерал, я, — деп алдымен Жан өзінің кеудесін түртті,—
обоз пошет. Кобыла видал. Лежит, жеребенок рождайт. Маленький-
маленький жеребенок вышел. Красивый. Звезда, — деп ол енді маңдайын
түртті. — Опять пошел. Жеребенок видал. Бегайт. Потом майор сказал, —
деп мені иегімен нұсқады. — Қымыз пить бойдешь сказал. Қымыз пить —
сильный бойдешь, қымыз пить — красивый бойдешь сказал. Майор голова
кивал. Я кобыла брал. Доит стал. Как корова доит. Қымыз сделал. Тауарыш
генерал пейте қымыз. Қымыз пить бойдешь — сильный бойдешь. Қымыз
пить бойдешь — красивый бойдешь. Вот так, — деп Жан ұзын лекциясын
аяқтап алақанын жайды.
Генерал əбден түсіндім дегендей, Жанға қарап басын изеді.
— Сізге ұлттық тағамдарыңыз үшін рақмет. Немістер біздің ұлылық
қасиеттерімізді де, ұлттық, қасиеттерімізді де жоя алмайды, — деп Жанның
қолын алып, арқасынан қақты, — Сіздің сол əдемі құлыныңызды көруге
бола ма?
— Можно, можно, тауарыш генерал. Совсем недалека. Я сам землянка
капал. Накат делал. Я жеребенок берегу как солдат, как сын полка...
Генерал қайтар бетінде Жанның жерден қазып жасаған ат қорасына
кіріп көрді. Жирен бие бізді оқырана қарсы алды. Жирен төбел құлын
күлте құйрығымен екі санын кезек сипалап тұрып, мойнын бұрып, əдемі
қара көздерін генералға қадады. Генерал оның жібектей жұмсақ титімдей
жалынан сипады. Тегі Жан сипалап үйретіп қойған болуы керек, жирен
құлын генералға қарап сүйкене түсті.


— Мұның аты бар ма? — деп сұрады генерал. — Аты не?
— Есть, есть, тауарыш генерал, имя его Камиль!
— Қалай?
— Камиль, тауарыш генерал, Камиль, — деп Жан екі рет қайталады.
— Ол не деген сөз? — деді генерал Жанның құлынға қойған атының
мағынасын ұқпай.
— Камиль — мой сын, — деді Жан өзінің кеудесін сұқ саусағымен
түртіп. Камиль —город Прежевалск живет, Қырғыз ССР. Я узбек. Генерал
Панфилов дивизия организовал, я попал. А жеребенок тоже Камиль, как
сын!..
— Балаларыңыз нешеу еді? — деді генерал Жанға қарап ойлана бас
изей тұрып.
— Два ребенка был, — деді Жан генералға екі саусағын шошайтып. —
Трети живот остался, жинка живот. Он тоже вышел. Теперь три! — деп ол
енді үш саусағын шошайтты.
Генерал сол жерде адъютантына айтып, Жанның білегіне сағат
тақтырды.
— Мынау менің соғыс кезінде туған соңғы балаңызға сыйлаған
сыйлығым. Соғыс біткеннен кейін оған ескерткішке апарып беріңіз, — деді
содан соң.
— Ой, спасиба, тауарыш генерал, спасиба тауарыш генерал! — Умирайт
буду век незабуду, умирайт буду век незабуду, — деп Жан байғұстың
қалбақтап есі шығып кетті.
— Жоқ, өлмеңіз, алдымен жеңіске жетейік, — деді генерал күліп, — Ал
мына құлыныңызды аман сақтаңыз.
— Хоп, тауарыш генерал, бойду береш, бойду береш! — деп Жан екі
қолымен кеудесін басып, өзбекше иіліп тұрып генералға жол берді.


Генерал Пуркаев пен полковник Серебряков машинаға отырып, біздің
полктан аттанып кетті. Содан кейін көп ұзамай Иван Иванович Серебряков
генерал Галицкийдің штабына жаңа қызметке ауысты.
ІХ
Автор. Бауке, сөзіңізді бөлгеніме ғапу етіңіз. Сіз Серебряков атын
айтқаннан жаңа ғана есіме түсіп отыр. Ол кісінің Сіз туралы жоғарыға
жазған бір үлкен хаты бар екен ғой. Соны білесіз бе?
Бауыржан. Қандай?
Автор. Мінеки. Мен Сізге қазақша аударғанымды оқып берейін.
Бауыржан. Оқығын.
Автор. Серебряков бұл хатын СССР Жоғарғы Советінің Президиумы
мен Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумына жолдапты. Онда былай
деген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет