Ақиқатқа қол жеткізудің ғылыми әдістемелік концепциялары
Мамандығы: 7М01701- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы
Тексерген: Избаиров А.К
Орындағандар:
Қалибек Оңалар
Қарлыбай Меруерт
Кеңесбай Балерке
Қарынбай Мөлдір
Қонақбаев Қайырбек
Танымның мақсаты шынайы бiлiм. Шындық, ақиқат дегенiмiз не? Бұл сұрак гносеологияның iргелi мәселелерiнiң бiрi. Философияда бұл мәселе жайында бiр қалыпты түсiнiк жоқ. Бiреулер, бiлiмнiң шындыққа сай келуi деп түсiнедi, бұл үйлесiмдiк немесе корреспонденция теориясы. Келесiлерi, ақиқат деген тәжiрибеде дәлелденгеннiң өзi дейдi, бұл эмпирикалық тұғырнама. Сонымен, ақиқат- таным субъектiсiнiң практикалық бiлiмде алынатың шындықты барабар бейнелеу. Әр бiр ақиқат өзiнiң формасы жағынан субъективтi: ол субъектiнiң әрекетiнiң нәтижесi және субъектiден тыс өмiр сүрмейдi. Ол тұлғаның “iзiн” сақтайды, өйткенi ол өзiнiн әлеуметтiк-тарихи тәжiрибесiне сүйенедi. Ал, мазмұны жағынан ақиқат объективтi: адам санасынан тыс, одан тәуелсiз тұрған объектiнi адам санасында бейнеленуi.
Ақиқат концепциясының дәстүрлiнемесе классикалық концепциясы бiрiншi түсiнiгiмен байланысты. Ол көне замандарда пайда болды. Ортағасырларда, Фома Аквинский “ақиқат дегенiмiз интелект пен заттың арасындағы келiсiммен айқындалады”.
Декарт “ақиқат- өзiнiн мән-мағынасында ойдың затқа үйлесiмдiлiгi”.
Аристотель “үзiлгендi үзiлгендеп, байланыстыны байланысты дейтiн деп айтатың шындыққа жетедi”.
Бұл пiкiрдi материслистер де, идеалистер де; диалектиктер мен метафизиктер де; теологтар мен атеистер де келiстi. Қазырғы заманда корреспонденция теориясы негiзiнде келесi түсiнiк қалыптасты:
1) ақиқатты түсiну объективтi және субъективтi шындықың бар екенiн мойындауды бiлдiредi;
2) ақиқат таным объектiсiмен, субъектiсiмен және оның практикалық әрекетiмен байланысты бiлдiредi;
3) ақиқат нақты болып табылады, оның мазмұны танымның нәтижелерiне баға берiлетiн нақты орынмен, және уақытпен себептелiнедi;
4) ақиқат шексiз процесс болып табылады, онда бiлмеуден бiлiмге, толық емес бiлiмнен толық бiлiмге өту болып жатады.
Ақиқатт проблемасын шешу барысында келесi ұғымдарға көңiл бөлу қажет: расталған және расталмаған (болымды, гипотетикалық) бiлiмдер, ақиқат, жалғандық және адасушылық. Расталған бiлiм- бұл объективтi, шынайы бiлiм. Және олар шынайы болып логикалық тұрғыда дәлелденгең де, немесе эмпирикалық, эксперименталды, нақты дәлелдеңген кезде есептеледi. Мысалы, Абай 1845-1904 ж. өмiр сүрдi. Нақты, құжат арқылы дәлелденедi; немесi “Сократ пенде (смертный)” логика бойынша “бәр адамдар пенделi” және “Сократта адам”. Ал расталмаған бiлiм логикалық тұрғыдан толық дәлелденбеген немесе әлi практикада өз көрiнiсiн таппаған бiлiмдер.
Соңғы кездерде ақиқат критерилерiмен байланысты жаңа концепциялар пайда болды:
1. Ақиқаттың когеренттi тұғырнамасы (Лейбниц, Спиноза, Гегель, Гемпель, Нейрат) бiлiмнiң байланыстылығын, жүйелiлiгiн, бiртұтастығын мойындайды. Мұнда логикалық өлшемдер басшылыққа алынады. Жалпы жүйеде бiр-бiрiмен байланысты үйлесiмдiлiкте пiкiрлердiн болуы, көп бұынды логикалық құрылым. Бұл тұғырнама нормативтi болып келедi, өйткенi субъектiден алшақ болып, бiрiншi орынға танымдық процедуралармен бiлiмнiң өзiне бередi.
2. Ақиқатылықтың конвенционалды тұғырнамасы (Пуанкаре) мұнда ғылыми теориялар және онда қолданылатың ұғымдар объективтiшындықтың бейнесi емес, ол адамдардың арасындағы келiсiмнiң болу (конвенция) нәтижесi
3. Ақиқатылықтың прагматикалық тұғырнамасы (көне Қытай және антика философияда өз бастамасың алған- ақиқаттың практикалық құндылығын мойындау, маркстiк философияға да тән- ақиқаттың өлшемi практиак болып есептелдi, Джемс, Дьюи, Пирс т.б. жалғасын тапты) ақиқат мақсатқа жетуге мүмкiндiк беретiн пайдалық. Олар өздерiнiң назарын ақиқаттың әлеуметтiк маңызына, оның комуникативтiлiгiне және қоғам мен мойндалуына аударды.
Қазіргі заманның ең танымал философиялық ғылыми ақиқаты
Диалектикалық материализмнің негізінде жатыр. Диалектикалық материализм алғаш рет обьективті ақиқатты тану процесін түсіну үшін баға жетпес маңызы бар танымның ғылыми теориясын құрды. Бұр тұжырым бойынша ақиқат теориясы, ең алдымен, обективті шындық деп танылды және олар біздің санамыздан тәуелсіз құбылыстардан тұрады. Екіншіден, ақиқат субьективті ұғыммен, шындықпен байланысты. Үшіншіден, танымның нәтижесі – ақиқат деп есептелінді. Осы тұстан байқайтынымыз, ақиқат қашан да обьекті мен субьекті арқылы танылады. Төртіншіден, ақиқат – бұл үздіксіз болатын шексіз процесс.
Қорыта келгенде, ақиқат ол тұрып қалған жүйе емес, ол үнемі ескірмейтін мәңгілік тақырып. Ақиқат ұғымымының мәні заман дамыған сайын танылу, даму, ашылу үдерісінде болатын процесс. Меніңше, ақиқатты тану мәселесі адамның рухани жағынан үнемі өз-өзін дамытуына, саналы түрде өсуіне, мына өмірдегі тылсым құпияларды тануына жол ашатын өмірлік концепция болуы тиіс. Сол себепті кез-келген адам өзінің дүниедегі орнын айқындау үшін ақиқатты тану үшін ізденгені, білімін толықтырғаны дұрыс. Бұл ойымды әйгілі философ әл-Фараби сөзі айғақтайды. Бір сөзбен айтқанда, Фараби «адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып білу арқылы жетіледі», - деп түйін жасайды.
Әлікенова К.Н. Ғылым тарихы мен философиясы: оқу құралы. – Талдықорған: ЖМУ, 2012. 256 бет.2.
Алтаев Ж.А., Ғабитов Т.Х., Ғылым тарихы мен философиясы / ЖОО-ның магистранттары және аспиранттарына арналған оқулық. – Алматы: Раритет, 2007 – 320 с.3. Тойматаев Д.Б. Т 50
Ғылым тарихы мен философиясы: магистранттарға арналған оқу құралы / Д.Б. Тойматаев. - Қостанай: ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, 2016. – 209 б.
Пайдаланылған әдебиеттер
Достарыңызбен бөлісу: |