Ақылдастар алқасының МҮшесі сөз алады өлке тарихының Өзекті ұстанымдары



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата24.10.2022
өлшемі414,4 Kb.
#45091
1   2   3   4   5   6   7   8
Е діл менен Ж айы қт ы ң 
Бірін. жазга жайласаң,


Бірін қысқа қыстасаң,
А л қолыңды маларсың 
А лт ы н менен щ м іске!„ немесе:
Еділ бол да, Ж айы к бол,
Ешкімменен црыспа,
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тцрыспа, — 
деп жырлауы, XVI ғасырдың басында атақты 
Доспамбет жыраудың:
А йналайы н А қ Ж айық 
А т салмай отер кцн қайда, -  
деп аңсауы, XVII гасырда Сарыүлы Ақтамберді 
жыраудың:
Еділ, Жайъщ екі өзен,
Талсыз болар деймісің, -
деуі, XVIII ғасырда атақты Кіші ж үз билеушісі 
Әбілқайыр ханның: «Жайық озені к е у іп қ а л -  
ганша, m inm i ақыр заман келгенше ңазақ хал- 
қы бцл жерден айырылмайды. Өйткені мцндай 
жайлы жерді олар еш жерден таппайды», — деп 
мәлімдеуі, ал XIX ғасырда әйгілі Махамбет 
батырдың:
Е ділцш інегест ік,
Ж айық циіін жандастық,
Қигаиі циіін ңырылдық,
Тептер цшін тебістік, -
деп, алмас қылыш тың жүзіндей жалтылдаса, 
ақын Мүрат Мөңкеүлы өзінің «Үш қиян» деген 
поэмасында:
Еділді тартып алганы,
Ет екке ңолды салганы.
Ж айықты тартып алганы,
Жагага ңолды салганы.
Ойылды тартып алганы,
Ойдагысы болганъі,
Қоныстьщ бар ма қалганы, -
деп күңіренуі алдымен, Еділ-Ж айық өңірі- 
нің шалңыған жерінің, шүрайлы кегінің, 
шалғынды 
нуының 
қ азақ
халқы
үшін 
қанш алықты маңызды болғандығын дәлелдесе, 
екіншіден, ата-бабаларымыздьщ осы аймаңты 
отаршылардың 
қол 
сүғуынан, . Романовтар 
еулетінің қанды шеңгелінен аман саңтауы үшін 
қалай жанталасқанын толық айғаңтайды.
Екіншіден, Кіш і ж үз халқы - Шоқан 
Уәлиханов жазғандай, батырлар үрпағы. Кіші 
жүздіктердің турашыл, өр мінезі, батылдығы 
мен батырлығы барша ңазаққа мәлім. Халңының 
жауынгерлігін, күш -қуатын дүрыс бағалап, 
соны сүйеніш қылған Кіш і жүз көсемдері хан 
алдында да, үлыс алдында да мүләйімсіп, 
ж асқанш ақты қ танытпағаң, өздерінің өр мінезін 
керсетіп ар-намысын ешкімге таптатпаған. 
Бүған атақты Еңсегей бойлы Ер Есім ханның 
қолбасшыларының бірі, К іш і жүздің билеушісі, 
батыр өрі ж ырау Ж иембеттің Есім ханға айтңан 
отты сөздері куө:
Мен өлсем, ццнсыз кетер деме сен, 
Кешегі өзіңнің црып өлтірген 
Тілеуберді ццлыңдай,
Тілеуберді ңцльщ мен емес, -  
дей келе, ол өзіндей батыр, қолбасшысыз ханның 
күйі не болатынын бетіне айтады:
Мен жоқ болсам, Есім хан,
Ит т урт кіні көресің,
Жиембет қайда дегенде,
Не деп жауап бересің.
Ханның әділетсіздігіне, қорлығына шы- 
дамаған Жиембет:
Арцага қарай көшермін,
Алаш ыма црак десермін,
Қарамасаң, ханым, царама,
Сенсіз де кі/німді көрермін!, —
дед, артында қалы ң елі барын, сүйеніші барын 
мақтаныш етіп, Есім ханға өз наразылығын ашық 
білдіреді. Есім хан мен оның теңірегінде жүрген 
қарамағындағы халңының бәрінің пікірлері үнемі 
бір жерден шығып отырмағаны белгілі. Жөне ел 
билеуші мен өзгелердің пікір сәйкессіздігі, соның 
негізінде белгілі топтар арасында әр түрлі қарым- 
қатынастардың болуы да заңды. Өйткені адамзат 
ңоғамының тарихында мүндай қатынастар еш 
уақыт тосын оқиға болып көрінбеген. Сондықтан 
іргелі ел үшін күресіп жүрген Есім ханға сол 
халықтық, сол мемлекеттің түтастығына оның 
билеушісінен жаны кем ауырмаған Жиембет 
жыраудың толғауларынан осы жайды аңғарсақ, 
оған таңданарлың еш нәрсе жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет