Ақынбек К. Н. ХХ ғасыр басындағЫ Әдебиет тарихын зерттеудің жаңаша сипаты 7М02310 «Филология»


І КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТТІҢ



бет6/14
Дата27.01.2023
өлшемі140,77 Kb.
#63379
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ақынбек камшат

І КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТТІҢ
МӘСЕЛЕЛЕРІ

    1. ХХ ғасырдың І жарты жылдығындағы қазақ әдебиеті

Қазақ әдебиеттануында тарихи дәуірлеу мәселесі кеңес дәуірінде біржақты зерттеліп келді. Кеңес дәуірі кезеңіндегі әдебиеттануда Абайдан кейінгі кеңес қазақ әдебиеті бірден басқа жағы сөз болмайтын. Қазақ әдебиеті "младописьменный" әдебиеттер қатарында шоғырланып келді. Яғни, кеңес кезеңіне дейін өз жазуы жок, әдеби тілі, әдеби жанрлары жоқ, енді ғана қалыптасқан жаңа әдебиет ретінде қарастырылатын. Мәскеуде 1988 жылы шыққан "История всемирной литературы" атты кітапта қазақ әдебиеті осылай таныстырылды.


1973 жылы «Ғылым» баспасынан шыкқан Б.Кенжебаевтың "Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері" атты еңбегі "Қазақ әдебиетінің тарихи дәуірлеу" деген зерттеумен ашылады. Осы он бір беттік мақалада әдебиеттанушы Б.Кенжебаев қазақ әдебиет тарихына қатысты дәуірлеу жүйесін алға тартады. Бұл дәуірлеу бойынша қазақ сөз өнері өз тарихы, бастау көздері, өз арналары бар қалыптасқан ғылыми жүйе ретінде берілген. Ғалымның бас қағидасы: "Әдебиет - тарихы халық тарихымен тығыз байланысты, соның бейнесі, көрінісі, сүрлеуі, ол қай кезде болсын халық тарихының ізімсн жасалады. Демек, қазақ әдебиетінің ғылыми тарихы да қазақ халқы тарихының ізімен жасалуы тиіс"[1,3].
Қазақ халқының тарихы қашаннан басталады, мекені қайсы, қандай елдердің құрамынан шыққан деген сауалдарға ғалым нақты жауап береді: «... тарихи деректер бойынша мысалы, қазақ халқы болып құралған рулардың дені біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІҮ ғасырда Сырдарияның орта, жоғары бойын жасаған, I ғасырда Ыстық көл төңірегіне қоныстанған. Біздің жыл санауымыздың алғашқы ғасырларында Шу, Талас, Қаратау, Сарысу жағын алып жатқан; ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда Орталық Азия мен шығыс-оңтүстік Сібірді жайлаған; Х-ХІV ғасырларда орта, төменгі Еділ бойын, Каспийдің шығыс, солтүстік, батыс жағалауларын мекендеген»[2,4].
Осы орайда, мемлекеттігі жөнінде нақты мәлімет бере кетеді: «Тарихтан мәлім, ертедегі түрік, монғол ру- тайпалары мекендеген жерлерде әр заманда әр түрлі одақ-бірлестіктер, қауым-мемлекеттер болған. Мысалы, Үйсін мемлекеті, Түрік қағанаттары, Хорезм патшалығы, Қыпшақ бірлестігі ("Дәшті Қыпшақ"), Алтын Орда. (Ақ Орда, Көк Орда) мемлекеті, түрлі халықтар өмір сүрген»[3,5].
Осы орайда Б.Кенжебаев қазақ тарихшылары үндемей отырғандықтан елдің қалыптасу кезеңдері туралы сол кезде мәліметтер беріп кетеді. Тұрақты қазақ ру-тайпалары қандай ұлыстардан, қандай мекендерден құралған? Ғалым бұған былай дейді: "Ертедегі қазақ ру-тайпалары бұрынғы уақытта, қазақ халқы, қазақ хандығы болып құрылғанға дейін Қытай, Рим аралығындағы аймақтар мен өлкелерді мекендеген түрік, монғол руларымен бірге болған, бірге тірлік еткен. Сондықтан бәрінің тарихи, коғамдық, мәдени өмірі ұқсас болған"[4,6].
XIX ғасырда қазақ халқы Ресейге қосылып болды деп санаған әдебиетші-ғалым Б.Кенжебаев XIX ғасырдың соңы XX гасыр басындағы қазақ әдебиетінің жағдайын былай суреттейді: (ІХ ғасырда XX ғасырдың басында қазақ тілінде кітаптар көп басылды, газет-журанлдар шықты)
Бұл дәуірде қазақ халқының жаңа әдебиеті демократшыл-ағартушылық идеялы, сыншыл реалистік әдебиеті туып өркендеді. Онда әдебиет жанрларының жаңа түрлері, көркем проза, публицистика пайда болды. Бірді-екілі драмалық шығармалар көрінді""[5,7].
Соңғы сөйлемдерімен әдебиеттанушы ғалым XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеттануының биік ахуалын алға тартқандай. Кеңес кезінде ашық айтылмайтын, С.Көбеев пен М.Сералиннен басқа есімдері жоқ кезеңнің одан гөрі куатты болғанын Б.Кенжебасв осылай өрбіткендей болды.
1973 жылы басылып шыққан кітабының беташары болып тұрған қазақ әдебиетінің еншісін анықтайтын басты мақаласында әдебиеттанушы Б.Кенжебаев өзі өмір сүрген кеңес дәуірі туралы бір-ақ абзац береді және ол бірінен бірі қысқа үш-ақ сөйлемнен тұрады. Сараланып отырған макаланың негізі кеңес кезіне дейінгі қазақ сөз өнерінін тарихын қамтиды.
Бүгінгі қазақ әдебиеттануына бағыт-бағдар беріп тұрған бұл мақала автордың басты ойымен түйінделеді. Зерттеудің атауындағы басты тақырыптың тоқетерін Б.Кенжебаев былай қорытады; Сонымен, жинақтап айтқанда, қазақ халқының бұрын-соңды әдебиетінің тарихын былай жүйелеген дұрыс деп білеміз.
1.Бұрынғы әдебиет (Ү-ХҮ ғасырлар арасы). Қазақ ру-тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуірлеріндегі әдебиеті. Көбінше, сол замандардағы түрік ру-тайпаларымен бірге жасаған ортақ әдебиет.
2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХІХ ғасыр арасы). Қазақтың өзіндік әдебиеті.
3.Қазақтың XIX ғасырдағы жаңа сыншыл, реалистік әдебиеті.
4.Қазақтың XX ғасыр басындағы (1900-1920 жылдардағы) әдсбиеті.
Қазақ халқының Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейінгі советтік әдебиеті.
Біз қазақ халқы әдебиетінің тарихын дәл осы жүйемен жасауды, жоғары оқу орындарында осы тәртіппен окытуды жөн көреміз".
Айтар ғылыми ойы бар оны ұлттық мүддені қорқауға арнаған әдебиеттанушы-ғалым Б.Кенжебаев кеңес кезінде жазылған бір мақаласында бізге бүгін қажетті дәлелденгені ғылыми жоба ашып кетіпті. Кеңес кезінде көлеңкесінен қорыққан, бірақ лауазымдары биік әдебиетшілерден бөлініп ғалымдық парызын алға тартқан Б.Кенжебаевтың сол кезде қорықпай "Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетті — "қазақтың өзіндік әдебиет" деп бөліп алуы; қазқтың XIX ғасырдағы әдебиетінің дәрежесін сыншыл, реалистік деп көтеріп XX ғасыр басындағы әдебиетті бөліп (1900-1920) алып, төңкеріске дейінгі қазақ әдебиетінің дәрежесі биік екендігін дәлелдеп кетті. Осының бәрі шыншыл ғалымның Ахмет Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқышын" меңгерген әдебиетшінің пікірі екені сөзсіз.
Олай болса, бүгінгі Б.Кенжебаевтың мұрасын жаңаша тұрғыдан қарайтын кез келді.
XX ғасырдың басы - қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық даму өзгеріске ұшырап, Ресей патшалығы әдейі тұмшалаған ой-сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Бұл тұста Шәкәрім мен Мәшһүр Жүсіп шығармашылығы өзінің кемел шағына жетіп, шырқау биігіне көтерілсе, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Бернияз т.б. сөз өнерінің алыптары әдебиетті жаңашылдықпен байытып, биік көркемдік сипаттағы дүниелерін халық назарына ұсынды. Олардың шығармашылығына қозғаушы күш болған ғасыр басындағы бүкіл ой-арнаның алтын қазынасына йналған ұлт-азаттық идея еді. Ұлт-азаттық идеяны сөз өнерінің өзегіне айландыру XX ғасыр басында пайда бола қалған жоқ, онын алғашқы белгілері, бастау арналары тіптен арыда жатыр. Ежелгі әдебиеттегі ерлік жырлары, жыраулар поэзиясындағы жауынгерлік рух, Махамбеттің күреске үндеген азатшыл ұранды толғаулары, сол ұлт-азаттық идеяны жырлаудың дәстүрлік көріністері болып табылады. Осынау өлмес дәстүр XX ғасыр басындағы ақын-жазушылар шығармашылығынан жалғасын тауып, жаңаша сипатпен танылды. Өйткені олардың шығармашылығы, ең алдымен, ресейлік отаршылдыққа қарсы күрес идеясымен қуаттанған болатын. Оны заманаға үндестіре жырлау жаңа керкемдік талаптарды қажетсінді"[6,8].
Жұмыста осы мәселелердің барлығы ұлт-азаттық идеяның XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі көркемдік мәні мен жаңашыл сипатын айқындаудың негізінде зерттеледі.
XX ғасырдың басындағы қазақ даласындағы өзгерістер санасын оятқан ұлт зиялылары арасынан шыққан ақын-жазушылар өмір шындығын көркемдікпен айтуға талпынып, өмірдің өзінен ойып алған оқиғалардағы тарихи шындықты көркем ойға ұштастырып, қазақ қоғамындағы сан қатпарлық құбылыстың жұмбағы шешуге ұмтылыс жасады. Сөйтіп замана рухына сай шығармалар жазып, санасын серпілтуге даңғал жол ашты. Сондықтан болар көпшілігінің туындыларында көбіне көп ой басымдау келіп, тереңдік танытып тұратын. Міне осынау айтар ой тереңдігі мен көркемдік жетістіктеріне орай "алтын ғасыр әдебиеті" аталған кезеңді зерттеудің қызығы да, қиындығы да жетерлік. Қазақ әдебиетінің осы бір қайшылыққа, толы, күрделі де кемел кезеңін зерпіліс пен тану ғасыр басында-ақ атап айтқанда, 20-30 жылдарда қолға алына бастады.
М.Әуезов, С.Мұқанов сынды дара даналарымыздан бастап, кейінгі толықан ғалымдар да жаңа ғасыр басындағы әдебиетке айрықша назар аударып, заманының сан соқтырған талай "соқтықдалы-соқдақты" қиянтұрыс құбылмағына орай ой айтып, қалай болғанда да, кезең тұсындағы жеткен жетістікті, кеткен кемшілікті нақты көрсетуге тырысты. Әрине, 90 жылдарға дейін еңбектерде көп нәрсе уақыт ығына жығыла айтылып, "жабулы қазан жабулы күйінде" кетіп, іштен тынған сәттің көп болғанын да жасыра алмаймыз"[ ].
Жалпы XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетін зерттеуге ерекше үлес қосқан, осы кезең әдебиетін тұтас күйінде қарастыруға айрықша көңіл бөлген ғалым Б.Кенжебаев. Ғылыми ізденісінің көп бөлігін осы тақырыпқа арнаған әйгілі ғалымның"Сұлтанмахмұт ақындығы" (1949), "Қазақ халқының XX ғасыр басындағы демократ жазушылары (1958), Журналист Мұхамеджан Сералин, (1957), ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті (1976),. т.б. еңбектері тікелей осы кезең әдебиетін зерттеуге арналған. Қазақ әдебиетінің алтын ғасырының асылын жарқыратып, жасығын ащы сынаған және тым асырмай, аса кемітпей турашылдығын танытқан ғалымның бұл жолда талай қиыншылдыққа кезіккені рас.
Ғұлама ғалымның азаматтық тұлға ретіндегі рухани өмірімізден дара орны туралы кезіндегі шәкірті, бүгіндегі көрнекті жазушы, мемлекеттік қайраткері Әбіш Кекілбаев -жиырмасыншы ғасырдағы қазақ көркем сөзі мен ойының әрлеуіне қадірлі Бейсекеңдей - Бейсембай Кенжебаевтай еңбек сіңірген азамат кемде-кем. Ол социализм дәуірдегі ұран кездің өзінде де халқымыз бен мәдениетіміздің тарихын тереңнен қозғап, оңың әлеуметтік-философиялық жан-жақты талдап, бере алды. Ғалым ретінде де, ұстаз ретінде де кейінгі кезеңдегі рухани гүлденуімізге мұрындық бола білді. Азат елдің, азат ойының дәуірлеу тұсында Бейсекеңе ұлт болып, тағзым етуіміз әбден заңды — деп бағалаған болатын.
Бейсембай Кенжебаев XX ғасыр басындағы әдебиетті зерттеуге үлкен дайындықпен келді. Алдымен бірнеше ғылыми мақалалар жазды. Сонан соң, Сұлтанмахмұт Торайғыров творчествосын тереңдей зерттеуге ден койды.
«Ғалым ғасыр басындағы әдебиетті жалынды жырларымен, ойлы поэмаларымен байытқан асқақ үнді ақын шығармашылығы арқылы екі ғасыр тоғасындағы әдебиеттің дәстүрлік жалғастығын танып, жаңашыл сипатын айқындауға тырысты. Сөйтіп 1946 жылы "Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ақындығы атты тақырыпта ғылыми еңбегін жазып бітірді. С.Торайғыровтай тума талант, дархан дарынның шығармашылығы арқылы жалпы XX ғасыр басындағы әдебиетке тон сыр-сипатты ашып, кезең әдебиетінің тарихы маңызын айқындауға ұмтылды»[4,9]. Мұның басты себебі Сұлтанмахмұт поэзиясы XX ғасыр бас кезіндегі әдебиеттің бүкіл табиғатын бойына жинақтаған жаңашыл поэзия болатын. Сондықтан Б.Кенжебаев Сұлтанмахмұттың осы кезең әдебиетінен алар орнын айқындап, замана сырын ашқан суреткердің ақындық болмысын танытты. Бұған дейінгі Сұлтанмахмұтты "ұлтшыл", "байшыл" деген пікірлерге қарсы шығып, ақын поэзиясындағы елшілдік рухын көре біліп Сұлтанмахмұтты XX ғасыр әдебиетіндегі ірі құбылыс деп бағалады.
Б.Кенжебаевтың Сұлтанмахмұт поэзиясы туралы тұжырымды қорытындысы мына пікірден толыққанды, көрініс табады: "Қазақ халқының өмірі мен тұрмысын, әлеуметтік және рухани бейнесін түгел қамтып жырлаған талантты ақын қазақ халқының Абайдан кейінгі реалист үлкен ақыны".
Бүгінде әдебиеттану мен оны оқытудағы өзіндік биік салаға айналған. «Сұлтанмахмұттануға» Б.Кенжебаев қосты дегенде мыналарды атап айтуымыз керек. алдымен, Бейсембай Кенжебаев С.Торайғыровтың Ж.Аймауытов жинастырып, бірақ шығаруға үлгере алмай кеткен, 1933 жылы жарық көрген жинағына енбей қалған тіпнектей теріп, оның әдеби мұрасын қосты. Екіншіден, Ы.Дүйсенбаев, Т.Әбдрахманов, Ә.Дербісалин сынды әдебиетші ғалымдармен пікірталастырып жүріп ақын
шығармаларының текстологиясын жасап, түпнұсқалық күйіне жеткізуге үлкен еңбек сіңірді үшіншіден, ғалым «Сұлтанмахмұттануда" өзіндік мектебін қалыптастырып, ұзак жылдар бойы қазақ ұлттық университетінде "Сұлтанмахмұттанудан" арнаулы курс жүргізді.
Әрине "Сұлтанмахмұттану" оңай қалыптаса қойған жоқ. Алғашқы кезде қарсыластар көп болды. Бірақ ғылыми ізденіске келгенде табандылығынан таймайтын Бейсембай Кенжебаев алған бастан қайтпай, Сұлтанмахмұт туралы ізденістерін тереңдете де, кеңіте түсті. Сөйтіп 1968 жылы "Сұлтанмахмұт Торайғұровты зерттеу, тану мәселесі" деген зерделі еңбегі дүниеге келді. Бұл зерттеу "Сұлтанмахмұттанудағы" биік белес, болашақ зерттеулерге бағыт берер бағдар шам іспетті болды.
XX ғасыр басындағы әдебиет атты алып шыңын, етегіне Сұлтанмахмұт шығармашылығы арқылы табан тіреген Б.Кенжебаев енді осы әдебиетті бүтіндей қарастырып түгелдей жинақтауға батыл қадам жасайды. Көкірек көзі ашық мақсаты нақты ғалымның осынау тылсым сыры терең дүниеге бет бұрған кезінде қазақ әдебиетінің тарихы әлі "жабулы қазан, жабулы күйінде" жатқанды. Бұл бағыттағы еңбектердің дені мектепке арналып жазылған окулықтар болатын. Зерттеушілердің осы бір кезең әдебиетін зерттеуге деген талпыныс танытпауының өзіндік себептері де аз емес еді. Оның ең бастысы осы кезең әдебиетін дамытуға айырықша еңбек сіңірген арыстарымыз бен алыптарымызды 1929 бен 1937-нің зобалаңының орып кетуі еді. Оның үстіне ғасыр басындағы әдебиетке өзіндік үлес қосып, кітап шығарып, сөзі тасқа басылған ақындарымыздың басым көпшілігі діншіл, кертартпа деп аяқ асты болып қалғаны тағы бар. Бейсекең қалай болғанда да, осы әдебиеттің кер заманның көріне ұшырамаған өкілдері шығармашылығын бір жүйеге түсіру мақсатына ен қойды. Бұл жағдайда ғалымға кейде жауырынды жаба тоқуға да тура келді"[4,6].
Ізденімпаз ғалым XX ғасыр басында еңбек еткен ақын-жазушыларды түрлі бағыттарға бөле отыра, жаңа ғасыр бас кезіндегі әдебиетін түбегейлі тарихын жасап шықты. Олардың бір тобын сынай отыра есімін "тасқа басылған" тарихта қалдырса, екіншілерінің кемшілігін көрсете отырып, жетістігін де байыптауға тырысты. Үшіншілерінің азын көп етіп көрсетіп барын әспеттеді. Бұлай болмаған жағдайда барымыздан айырылып қалған болар едік.
Көне кітаптар мен шаң басқан архивтерді ерінбей-жалықпай аударыстырған тынымсыз еңбектің нәтижесінде, XX ғасыр бас кезіндегі әдебиетті жүйелі зерттеудегі оқулықтар орнын толтырған «XX ғасыр басындағы қазақ халқының демократ жазушылары» атты монография дүниеге келді. Зерттеу еңбектің өзіне тән басты ерекшелігі - тарихилығында болатын. Мұнда әдебиет ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы тарихи-әлеуметтік, саяси-экономикалық дамудың және үлкенді-кішілі өзгерістердің бірлігінде алынып қаралады.
Отаршылдық озбырлықтың қасіреті, ұлт ретінде жойылудың алдында тұрған ел тағдыры, жұртын тығырықтан шығару қамында жүрген зиялылар іс-әрекеті, осылардан туындайтын әдебиеттердегі түрлі ағым-бағыттар басты назарда ұсталған жайттар еді. Сондықтанда түрлі бағытта еңбек еткен ақын-жазушылардың шығармашылық ерекшелігін айқындауды ғалымның ең басты мақсаты деп ұғынған жөн. Зерттеуші әр акын-жазушыны белгілі бір бағытқа жатқыза отырып, оның әдебиеттегі орнын айқындауға, әдеби дамуға қосқан үлесін анықтауға тырысады. Ғалым әдебиетті жүйелеуге сол тұста белең алып тұрған таптық идеология тұрғысынан емес (әрине, одан қашып құтыла алмасы белгілі), әдебиеттің дамуы барысындағы ұстанған идеялық көзқарастар жиынтығы тұрғысынан қарады.
Осы мақсаттан келгенде Бейсембай Кенжебаев қазақ әдебиетін алға сүйреп, оның дамуына өзіндік үлес қосты деп білетін творчестволық тұлғаға мынадай талап деңгейінен қарайды: "Жазушының дүниеге көзқарасы оның сол болмысты, өмірді, қоғамдық құбылысты көретін көзі, екшейтін елегі, өлшейтін таразысы, жазушының дүниеге көзқарасы қаншалықты ғылыми, тиянақты, озат өмірді, зиялыларды осы кезеңдегі қазақ мәдениеттануынан бағыт-бағдар ала отырып, татар әдебиеттерімен салыстырмалы түрде қарастырылды. Ресейдегі түркі тектес халықтар әдебиеттерінің озық үлгілі өкілдерінің қазақ әдебиетіне тигізген әсері және керісінше қазақ әдебиетінен оларға еткен әсері кең көлемде болды. Осы арқылы қазақ жазба әдебиетінің қалыптасу барысындағы өте бір өрісті кезең әдебиетінің даму үрдісі жан-жақты қаралып, нақтылана түсті. С.Мұқанов, Е.Ысмайлов, Қ.Жұмалиев т.б. оқу-құралдарынан жеке тұлғалардың портреттік зерттеу тәсілінен қаша отырып, көреген ғалым дәуір әдебиетінің түгел кестесін түсіруге тырысты"[5,9].
Зерттеудің алғашқы бөлімінде діншіл ақындар шығармашылығы түрінде қаралып, олардың шығармаларындағы ағартушылық ой-идеяға баса назар аударылады. Яғни ғалым осы бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығындағы мән-мазмұнның мәйегін ашады десе болғандай. Діншіл ақындардың шығыстық әдеби мектебін, дәстүрлік негіздерін айқындай отырып, "Бұл ақын-жазушылар Россиядағы капиталистік қарым-қатынастың дамуының әсерімен, 1905-1907 жылдардағы буржуазиялық-демократтық революцияның ыкпалымен оянды — деп, осы ақын-жазушыларға әсер еткен саяси-әлеуметтік ықпалдар сырына бойлайды. Сөйтіп Ақмолла, Әубәкір, Нұржан, Мәшһур Жүсіп, Шәді, Мақыш т.б. бұрын шығармашылықтарына қырын көзқарас басым болып келген, діншіл, ұлтшыл, байшыл, кертартпа деген таңба басылып, қара күйе жағылған ақындарды жалған жаладан арашалап алып ғылыми айналым ендіреді. Бұл өз тұсындағы әдеби зерттеуді ілгерілетудің бір көрінісі болатын. Аталмыш ақындарды әдебиет тарихына қосудың қажеттілігі жөнінде Б.Кенжебаев осы тараудың қорытынды бөлімінде мынадай тұжырым жасайды: «... олар бізге өздерінің жоғарыда айтылған бірқатар демократтық ағартушылық пікірлері үшін қазақ халқының қоғамдық ойының дамуын, өнер-білімге жетілуін, мәдениетті мақсат ете жырлағаны үшін қажет.
Зерттеуші - ғалым ғылыми мәні зор еңбегінің келесі тарауларында XX ғасыр басындағы әдебиетке ерекше зор үлес қосқан, түрлі зерттеулерде белгілі дәрежеде сөз болып жүрген М.Сералин, Ә.Тәңірбергенов, С.Торайғыров, С. Көбеев, С. Дөнентаев, Б. Өтетілеуов, Б. Ғалымов шығармашылығына жеке тараулар арнап, кеңінен қарастырады. Сөйтіп олардың шығармашылық ғұмырнамасын тың материалдармен толықтырады Б.Кенжебаевқа дейін бұл ақын-жазушылар туралы ғылым айналымда біраз сөз қозғалғанымен, олардың ақындық ерекшеліктері, шығармашылығының өзіндік сипаты толыққанды ашыла қоймағанды. Б.Кенжебаев еңбегінің басты құндылығы аталған ақын-жазушылар шығармашылығының жоғары ғылыми деңгейде жан-жақты зерттеулерінде.
Әрине, қай зерттеуші болмасын өз дәуірінің ұлы. Өзі ғұмыр кешкен дәуіріндегі қоғамдық ойдан ұзақ, шығып, шығандап кетуі мүмкін емес. «Әсіресе, кеңестік кезеңдегі коммунистік идеологиялық құрығы тым ұзын болатыны одан құтылып кету тіптен мүмкін еместін. Әйтсе Бейсембай Кенжебаевтай үнемі ізденіс үстінде жүретін ғалымның, қайткенде өзіндік бір жол табуға ұмтылыс үнемі белгі беріп қалып отырады. Бұның өзі негізіне қазақ әдебиеті саласында еңбек еткен қандайда бір ақын жазушыны назардан тыс қалдырмауға тырысудан көрініс табатын еді. Кеңестік тұстағы әдебиеттің таптығын бастан назарда ұстаған идеологияның ыңғайына көне бермейтін ақын-жазушыларды мүмкіндігінше иіп әкеліп әдебиет тарихына жанастыру, сөйтіп оны ақтап алуға әрекет жасап әдебиеттің ауқымын кеңейтуден туған азаматтық әрекет» [5,7].
Ғалым өзінің докторлық диссертациясына негіз болған 1958 жылғы осы монографиясында XX ғасыр басындағы әдеби бағыттарды ескішіл феодальдық буржуазиялық ұлтшылдық бағыттағы әдебиет, демократтык ағартушылық бағыттағы әдебиет, ауыз әдебиеті деп бөледі. Әрине, бұл пікірде сол кездегі таптық идеологияның бары рас. Өйткені бұл кітап 1958 жылдары саяси "қателіктері" табылып, қазақ ғалымдар түрлі қудалауға түскеннен кейін жарық көрген. Аласапыран заманда басқаша жағы мүмкін еместі.
Мәселен 1943 жылы жазылған қазақ әдебиетінің тарихы туралы мақаласында ХХ ғасырдың алғашқы 20 жылындағы жазба әдебиетіміз яғни буржуазиялық- демократиялық революциялар дәуіріндегі жазба әдебиетіміз" - деген болатын, бұдан біздің ұғарымыз - алғашқы 20 жылдықтағы әдебиет ұлт қамын жеген күресшіл әдебиет деген тұспалды ой 50-жылдардағы түрлі қаулы-қарарлар нәтижесінде ұстанған бағыттан лажсыз қайтып, XX ғасыр басындағы әдебиет пен оның көрнекті өкілдерінің шығармашылығы туралы ой айтудың өзгеше бір ыңғайын табуды көздейді. Тарихтың "актаңдағына" айналған ақын-жазушылардың "ақ", "қарасына" қарамай, есімін атап, еңбектерін саралауда мақсат тұтты. Есімі ел есінде қалса, тарих көшінің бір кезеңдерінде ұрпақ елеп, екшеп алар деген ұлы арман іште бұққан болуы керек. Бұл ойымызға нақты мысалды XX ғасыр басындағы әдебиет жайлы, жазылған кейінгі еңбектерінен табамыз. Олардан біз ізденімпаз ғалым-ұстаз ойға сәлде болса еркіндік берілген кезеңдер де уақытпен үйлескен ойларын - білдіріп отырғанын көреміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет