Ақынның сөзі жүректе атты кеш сценарийі Мақсаты



Дата13.02.2023
өлшемі11,76 Kb.
#67408
түріСценарий
Байланысты:
Әдеби кеш сценарий


Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жасқа толуына арналған
«Ақынның сөзі жүректе» атты кеш сценарийі
Мақсаты:
-XX ғасырдың таңғажайып ақыны Мұқағали Мақатаевтың жырларын өлең сүйер қауымға кеңінен насихаттау,
-ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып өзгешелігіне көңіл бөлу.
Түрі: Әдеби поэзиялық кеш.
Көрнекілігі:. Ақынның портреті, интербелсенді тақта, үнтаспа, қанатты сөздер, автордың кітаптары, мақала қиындылары т.б.
1-Жүргізуші: Армысыздар ардақты ата – аналар, ұлағатты ұстаздар, құрметті оқушылар! Бүгін біз ақиық ақын, қазақ поэзиясының мұзбалағы, Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жас толуына байланысты ұйымдстырылып отырған кешке қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Ақын тойы – бәріміздің тойымыз, өзін қазақпын деп санайтын бүкіл халық тойы.
Бүгін менің туған күнім, ой, бәле-ай,
Мына халқым неге жатыр тойламай?!
Бір той жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір бір жарытпай-ақ қойғаны-ай! – деп ақын сөзімен айта келе, «Ақынның сөзі жүректе» атты поэзиялық кешімізді ақын М.Мақатаевтың есімін ардақтауға арнаймыз!
1-Жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев биыл тірі болса ақпан айының тоғызында 90 жасқа толар еді.
2-жүргізуші: Алдымен кешімізді бастамас бұрын Мұқағалидың өз дауысын тыңдап алсақ
Өз даусы
1-Жүргізуші: Ақын түс көрді. Түсінде «Шешем басында ақ жаулығы бар, Абай атамыздың қасынан қуана басып, маған күліп келе жатыр. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп, ұзақ толғаныстан соң «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келеді. Әр баланың ата-анасына деген құрметі шексіз екені бәріне мәлім. Ақынның ата-анасына арнаған өлең жолдарын қабыл алыңыздар.
2-Жүргізуші:
Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы, - деп Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрейік.
«Поэзия» өлеңі.
2-Жүргізуші: Мұқағали Мақатаев біздің дәуірдің 60-70 жылдарындағы қазақ поэзиясының шоқтығын биік көтерген талант иесі. Ол әдебиетке келген жылдардан-ақ жыр әлеміне үлкен дайындықпен, ауыз әдебиеттің бай мұраларынан терең сусындап, мөлдірінен сіміріп бойына шалқар қуат дарыта келді.
2-Жүргізуші: Егер біз Абай десек - Әуезовті, құлагер десек - Ақан мен Ілиясты, ал Қарасаз десек – Мұқағалиды қатар айтамыз. Кішкентай ауылдан шыққан үлкен ақын - өзін де, ауылын да бар қазаққа танытты.
1-Жүргізуші: Мұқағали Мақатаев ғасырдан ғасырға жырлары жаңарып, жетіп отыратын тот баспайтын шын асыл. Қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарса,ол ақынның еліне, өлеңіне деген адалдығы.Балалар ортаға шығып ақының өленнің айтады:
2 - жүргізуші:
Аузын ашса, жүрегі көрінетін,
Көмейінен отты жыр төгілетін,
Қайран Мұқа, аруақты ақынсың ғой
Қас тұлпардай жер тартып тебінетін.
Ортаға сыныптың қыздарын шақырамыз БИ
2-Жүргізуші:
Қазақ талай қазақпен кектеседі,
Керек емес біреудің от көсеуі.
Тілден безіп жүргендер бір сөзіңнің,
Дәмін алса ешқайда кетпес еді.
Ақиық ақынның ұрпаққа ұран болған жырларын елі де, ақынның ой мен сезім астасқан жырларын жаттаған жас қауым да ешқашан естен шығармайды деп сенеміз.
Мәңгі тірі, өлмейді ол, рухы мықты,
Жартастардан мұңды үні жаңғырды.
Абай дана айтқандай - өр ақынның,
Өлмейтұғын артында сөзі қалды.
1-жүргізуші: Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?
Әр әні толы ғой армандарға
Шерте білген мұңдарын жас қайынға
Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?
Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Саржайлау әнін қабыл алыңыздар хор
1-Жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы. Жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізіне берейік.



М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет

1-жүргізуші: 
Жүргізуші: «Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған» - деп болашақ ұрпаққа жол сілтеген
Мақатаев жырлары, бүгінгі кеш барысында оқушыларға шабыт беріп, өз бойларындағы таланттарын шыңдауына арқау болады деген сенімдеміз. Олай болса, поэзия кешіміздің қорытынды сөзін мұғалімдерге береміз. Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Ақынның сөзі жүректе» атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды.
2-жүргізуші: Келесі көріскенше амандықта болайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет