Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет132/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
ІІІ белгі: Яжуж-Мажуж 
Қияметтің үлкен белгілерінің бірі – Яжуж-Мажуж. Олар 
Адамның (аләйһис-сәләм) ұрпағынан шығады. Сағид ибн 
Мусайяб (Аллаһ оған рақым етсін): «Нұхтың (аләйһис-сәләм) үш 
ұлы болды. Сам, Яфис және Хам. Осы үш ұлының әрқайсысы үш 
ұлды болды. Самның ұлдары: араб, парсы және румдықтар, 
Яфистің ұлдары: түрік, славяндар және Яжуж-Мажуж, ал 
Хамның ұлдары: Копт, Судан және Барбар», – деген. 
Сондай-ақ төмендегі хадис олардың Адам ұрпағынан екеніне 
дәлел болады. 
Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етеді; 
Пайғамбар (с.а.с.): «(Қиямет күні) Аллаһ тағала: «Ей, Адам!» – 
дейді. Адам: «Ләббәй! (Қызметіңе) шатпын, жақсылық Сенің 
қолыңда!» – дегенде, Аллаһ тағала: «Ұрпағыңнан тозақтың 
өкілін шығар!» – деп бұйырады. Адам: «Тозақтың өкілі деген 
не?» – дейді. Раббы тағала: «Әрбір мыңнан, тоғыз жүз тоқсан 
тоғызы!» – дейді», – деген. (Пайғамбар (с.а.с.) сөзін 
жалғастырып): «Сол кезде, жастың шашы ағарады. Әрбір аяғы 
ауыр (ұрғашы) құрсағындағыны тастайды. Адамдарды мас 
күйінде көресің. Алайда олар мас емес. Бірақ Аллаһтың азабы 
қатты», – деп айтқан. (Сахабалар): «Әлгі бірі қайсымыз?» – 
дейді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Қуаныңдар! Біреу сендерден, мың 
Яжуж-Мажужден», – депті
1

Хадисте нұсқалғандай, тозаққа түсетін адамзаттың басым 
көпшілігін осы аталмыш адамдар құрайды. 
Абдуллаһ ибн Амр (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) риуаят 
еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Яжуж-Мажуж Адамның 
ұрпағынан. Егер олар адамдарға жіберілсе, өмірлерінің быт-
1
Әл-Бұхари. 


149


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет