Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет14/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

зұлымдыққа ұшырамайды»
1
, – деген. 
Сонымен қатар адамдарды бұл дүниенің алдамшы 
қызықтарынан жүз бұрып, намаз өтеуге, ораза ұстауға және 
Құран оқуға т.с.с. құлшылық түрлерін орындауға жетелейтін де 
осы Ақырет күніне деген сенім болмақ. Аллаһ тағала Ақыретке 
сенушілерді Құранда: «Олар – Раббыларының азабынан 
қорқушылар»
2

«Ол Ақыреттен сақтанады және Раббысының рақымын 
үміт етеді»
3
, – деп сипаттаған. 
Ақырет күніне деген сенім бізді өміріміздің қай кезеңінде 
болмасын сауапты амалдарды мейлінше көбірек жасап қалуға 
үндейді. 
Сондай-ақ осы сенім арқылы адамзат бұл өмірде бір 
даналықтың бар екендігін түсінеді.
3. Ақырет күніне сену адамдарды харам істерден сақтайды. 
Тіршіліктерін тиянақты етіп, бір қалыпта ұстауларына себепші 
болады. Әсіресе, қоғамымызда көптеп кездесетін дүние үшін кісі 
өлтіру, ұрлық істеу және қиянатшылдыққа бой ұру сияқты жаман 
қылықтардан қайтарады. Өйткені Ақыретке сенген адам өзінің 
әрбір үлкен-кіші істерінен сұралатынын түсінеді. Бұл жайында 
1
«Әлі Имран» сүресі, 161-аят. 
2
«Мағариж» сүресі, 27-аят. 
3
«Зумәр» сүресі, 9-аят. 


18
 
 
Құран Кәрімде: «Сол бір күні (Қиямет күні) әр адамның жақсы-
жаман істері өз алдарында дайын болады»
1

«Олар: «Әттеген-ай! Бізге нендей өкініш!? Мына кітап 
кішіні де, үлкенді де тастамай түгендепті», – дейді. Сондай-ақ 
олар істегендерін әзір табады. Раббың ешкімге зұлымдық 
қылмайды»
2
, – деп әңгімеленеді. 
Сонымен қатар пендені жаман істерден оның ішкі 
бақылаушысы қайтарып тұрады. Осы ішкі бақылаушысы жоқ 
мүшелерге ие болған қоғам жабайылықта, өзімшілдікте, 
адамгершілік пен ар-ұяттан жұрдай болған күйде күн кешеді. 
Сондықтан кәпір қоғамда сабырсыздық, сараңдық, парақорлық, 
өзімшілдік, маскүнемдік, зинақорлық және ойынқұмарлық 
сияқты лас әрекеттер кеңінен орын алған. 
4. Ақырет сенімі адамға бұл дүниедегі өтпелі кезеңдердегі 
қиындықтарға шыдауға, басына түскен уақытша қайғы-
қасіреттерді көтеріп, сабырлық қылуға үндейді. Осы себепті де 
Ақыретке сенген мүміннің тұла бойы тұнған жақсылық болады. 
Суһайбтан (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етілген хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мүміннің ісі таңғаларлық. Расында, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет