Ақырет өткелдері


в) Жаннаттың ағаштары мен жемістері



Pdf көрінісі
бет244/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   255
в) Жаннаттың ағаштары мен жемістері 
Жаннаттың ғажайып ағаштары мен жемістері туралы Аллаһ 
тағала: «Негізінде, тақуалар үшін табыс бар. Бақшалар, 
жүзімдер бар»
1

«Ол екі (бақшада) жемістер, құрма және анар бар»
2

«Оңшылдар, оңшылдар нендей (нәрседе): тікенсіз сидр 
(ағаштарында, жемістері) үсті-үстіне шоғырланған банан 
(ағаштарында), созылған көлеңке астында, құйылған суда
ешбір таусылып, үзілмейтін, (ешкім) қорымайтын мол 
жемістерде»
3

«Ол екеуінде жемістер жұп-жұбымен»
4

«Қалаған жемістері бар»
5
, – деп айтқан. 
Бұл – жаннат жемістерінің аттары, түр-көрінісі де осы 
дүниедегідей болады да, бірақ дәмі ерекше өзгеше болады. Аллаһ 
тағала: «Әр кез оларға оның жемісінен бір ризық берілсе, 
олар: «Осы бізге бұрын да ризық етілген еді ғой», – дейді. Ал 
оларға оның ұқсасы әкелінеді»
6
, – деген. 
Жаннатта жеміс жегісі келген адамға оны барып үзіп алып 
жеудің қажеттілігі болмайды. Ол тек қаласа болғаны, жеміс оның 
алдына келіп түседі. Аллаһ тағала жаннаттықтардың жай-күйін 
сипаттап: «(Оларға) екі бақшаның жемістері жақын тұрады»
7

«(Жаннаттың) жемістері (олардың) біржолата еріктерінде 
болады»
8
, – дейді.
1
«Нәбә» сүресі, 31-32 аяттар. 
2
«Рахман» сүресі, 68-аят. 
3
«Уақиға» сүресі, 27-33 аяттар. 
4
«Рахман» сүресі, 52-аят. 
5
«Уақиға» сүресі, 20-аят. 
6
«Бақара» сүресі, 25-аят. 
7
«Рахман» сүресі, 54-аят. 
8
«Инсан» сүресі, 14-аят. 


265


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет